Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казак тілі.doc
Скачиваний:
211
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Жазалау шаралары

Жаза – қылмысы үшін мемлекет тарапынан сот арқылы қолданылатын мәжбүр ету шарасы. Жазаның мақсаты тек жазалау емес, заңды құрметтеуге үйретіп, қайта тәрбиелеу. Мемлекеттік соттан басқа ешқандай орган қылмыстық жаза қолдана алмайды. Қылмыстық әрекеттермен күресте сендіру мен мәжбүр ету ұштастыра қолданылады. Жаза белгіленгенде көпшілік алдында айыптау, жер аударғанда жақын адамдарынан, үйреншікті өмір жағдайынан айыру арқылы моральдық ықпал етеді.

Қылмыстық заң ең қатал заңдардың бірі. Қатал заң болмай, құқықтық мемлекет болуы мүмкін емес. Қылмыстық заңның мәні қылмысты ашу ғана емес, қылмыстың азаюына ықпал жасау. Қылмыстыны түзу жолға салу айыпталғандардың арасында саяси тәрбие жұмысын жүргізу, пайдалы еңбекке қатыстыру арқылы жүзеге асырылады. Кейбір тұрақсыз азаматтарға жаза туралы ескерту, қорқыту арқылы да қылмыстың алдын алады.

Адам үшін өмірден қымбат ештеңе жоқ. Қатал жаза туралы үрей потенциялды қылмыскерді тұсайды. Жаза – тежегіш фактор.

Тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді оқып, аударыңыздар:

1. Адамды алдау – арыңның алдында қылмыс,

Ағаңды алдау – анаңның алдында қылмыс.

2. Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас,

Қайғысыздан сақ бол,

Қайғылыға жақ бол. (Абай)

3. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме. (Абай)

4. Қарақшы қараңғыны тосады.

5. Арлы арына қараса,

Арсыз жеңдім дейді.

Тапсырма: Мәтінді оқыңыз дар.

Ұйымдасқан қылмыс

Қазіргі кездегі республикамыздағы күннен-күнге өсіп жатқан қылмыс мәселесі мазасыздандырады. Президенттің жарлығына байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз жұмысын күшейте түсті. Құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, аз уақытта 145 қылмысқа тосқауыл қойылды. Республикамыздан тысқары жерлерге шикізаттарды, жабдықтарды заңсыз тасымалдаудың 300-ден астам фактісі ашылды. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес шаралары демократиялық принциптерге сәйкес келуі керек.

Қазіргі кезде Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзінің қызметін, мүмкіндіктерін пайдалана отырып, еліміздегі саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруда. Ұйымдасқан қылмыстың көпке бармайтыны сөзсіз. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы заң жобасы қабылданды. Жақында 3,5 тонна күмістің сыртқа әкетілуіне тосқауыл жасалды. ҰҚК және оның органдары мен әскерлері халық мүддесін қорғау жолында өзінің күш-жігерін аямайды.

Тапсырма:

1. “Ұйымдасқан қылмыстың көпке бармайтыны сөзсіз”- деген пікірмен келісесіз бе?

Бір-біріңізбен әңгімелесіңіздер.

2. 1997 жылдың 17 мамырынан бастап, ТМД-ға қатысушы – елдерде ұйымдасқан қылмысқа қарсы бірлескен күрес бағдарламасы жұмыс істеуде.

Бұл туралы не білесіз?

Қысқарған сөздер

Кез келген сөз қысқартыла бермейді. Тек күрделі атаулар қысқарады. Күрделі атауларды шартты түрде қысқарту арқылы жасалған сөздер қысқарған сөздер деп аталады.

Орыс тілінде қысқарған сөздер өте көп, қазақ тілінде одан әлдеқайда аз.

Сөз төрт түрлі жолмен қысқарады:

1. Күрделі атаудың әр сөзінің басқы дыбысы алынады:

АҚ- Америка Құрама штаттары, БҰҰ- Біріккен Ұлттар ұйымы.

Бұған тек өлшем атаулары бағынбайды: м-метр, кг-килограмм, мм- милиметр, г-грамм т.б.

2.Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буыны және қалған сөздерінің басқы дыбысы алынады:

ҚазМУ-Қазақтың мемлекеттік университеті.

ҚарМУ- Қарағанды мемлекеттік университеті

3. Күрделі атаудың әр сөзінің алғашқы буындары алынады: ауатком-аудандық атқару комитеті.

4. Күрделі атаудың алғашқы сөзінің бірінші буыны алынып, келесі сөз түгел айтылады: педучилище, мединститут.

Күрделі атаудың әр сөзінің басқы дыбысы алынып, қысқарғанда, жазуда ол дыбыстар бас әріппен жазылады.

Мысалы, СДП – социал демократиялық партия.

Күрделі атаудың әр сөзінің алғашқы буындары алыну арқылы, не оған қоса сөз түгел алынғанда, олар кіші әріппен жазылады: кеңшар, пединститут, педсынып, ұжымшар.

Қысқарған сөздер жалқы есім мәніндегі атаулар болса, олар бас әріппен жазылады: ҚарМУ, ҚазМу т.б.

Жаттығу. Қысқарған сөздерді тауып, олардың қысқару жолын анықтаңыз.

Мен мехцехқа тез уақ тас пен құм және топырақ тасуға бұйрық бердім,- деді Асылбек.

Көбі сол СЭС-тің ашылуына шақырылған қонақтар. Сен секілділерге біздің совхозда орын жоқ.

(І. Есенберлин)

Ауатком елге төтенше өкіл шығарды.

Ұжымшар бастығының үйіне барудан бас тартты.

(Т. Әлімқұлов)