Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казак тілі.doc
Скачиваний:
211
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Оқымысты бала

Бір бала қалада оқып, жазғытұрым ауылына келеді. Әкесі: “Балам, енді шөп шабатын мезгіл жақындады. Қолыңа тырнауыш ал. Мен шапқан шөпті жинап, жәрдеміңді тигіз,”- деді. Баланың жұмыс істегісі келмейді: “Мен әртүрлі ғылымдар оқып қайттым. Қара қазақтың сөздерін ұмыттым. Тырнауыш деген не нәрсе?”- дейді. Ол сөзді айтсымен сыртқа шығады. Байқамай, жатқан тырнауыштың басын аяғымен басып қалады. Сабы тақ етіп баланың маңдайына тиеді. Сонда ғана бала тырнауыштың не нәрсе екенін түсінеді. Ол “Тырнауышты аяқ астына тастаған қандай ақымақ екен?”-деп ашуланыпты.

(Міржақып Дулатов)

Тапсырма:

1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыздар.

2. Бала қайдан оқып келді?

3. Әкесі оған не деді?

4. Бала не деп жауап берді?

5. Бала неге ашуланды? Әкесінің тапсырмасын орындады ма?

Дене тәрбиесі – дәрісіз ем.

Адамның басты байлығы – денсаулық. Оны сақтайтын қимыл, қозғалыс. Олай болса, спорт өмірге өте қажет. Денеңді шынықтырсаң, өзіңді еркін сезінесің. Спортпен айналыссаң, ауырмайсың.

Спорт өмірді сүюге, уақытты қадірлеуге, жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді.

Денсаулығың болса кітапты көп оқуға, мұражайға баруға, бос уақытыңды тиімді пайдалануға мүмкіндігің болады. Олай болса спортты өзіңе серік ет.

Тапсырма:

1. Мәтінді мәнерлеп оқып, орысшаға аударыңыздар.

2. Зат есімдердің септік жалғауын анықтаңыздар.

3. «Спорт менің өмірімде» тақырыбына әңгімелесіңіздер.

Тапсырма. Составьте диалоги «на приеме у врача», используя данные ниже фразы.

I. Аяқ-қолымның буындары, тісім у меня болят суставы ног и рук, зубы

Жүрегім ауырады у меня сердцебиение

Жүрегім айниды, құстым меня тошнит, меня вырвало

Тұмаураттым, жөтелем, түшкірем у меня насморк, кашляю, чихаю

Өкпем қабынған болу керек наверное у меня воспаление легких

Тіліңізді көрсетіңіз, жөтеліңіз, покажите язык, кашляните,

Еркін дем алыңыз, тұрыңыз дышите свободно встаньте

Мына жерім ауырады у меня болит здесь

Жиі ауырасыз ба? часто болеете?

Денсаулығым нашар я был слаб здоровьем

Денсаулығым жақсы еді я был всегда здоров

Ауру емделіп, жазылды больной вылечился м выздоровел

II. Тәбетіңіз қалай? какой у вас аппетит?

Шөлдейсіз бе? вы чувствуете жажду?

Денеңіз қыза ма? у вас повышается температура?

Қызыуыңыз бар ма? у вас есть температура?

Бысыңыз ауырады ма? у вас болит голова?

Қалай ұйықтайсыз? как вы спите?

Немен ауырдыңыз? чем вы болели?

Қайда емделдіңіз? где вы лечились?

Қалай емделдіңіз? как лечились?

Қалай ауырады? как болит?

Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар

1) - Талғат, кешке кешкісін қайда болдың?

- Опера және балет театрына бардым.

- Балет көрдің бе, әлде опера тыңдадың ба?

- «Қыз - Жібек» операсын тыңдадым.

- Кеше кім дирижер болды?

- Республиканың еңбек сіңірген әртісі Г. Әбдірашев.

- Қай жерде отырдың?

- Екінші ярустағы ложада отырдым. Үзілісте төменге түсіп, фойеге бардым.

- Келесі демалыста драма театрына немесе симфониялық концертке барайық.

- Өте жақсы.

2) - Алло, тыңдап тұрмын.

- Асхатсың ба?

- Иә. Асхатпын. Менімен сөйлесіп тұрған кім?

- Тілекпін ғой. Асхат, қазір не істеп жатырсың? Қолың бос емес пе?

- Қазір араб тілінен үйге берілген тапсырманы орындап отырмын.

- Бүгін театрға барасың ба?

- Жоқ, ертең барайық. «Ер Тарғын» операсы болады. Кеше қарындасым барған, өте ұнапты.

3) - Кіруге бола ма (рұқсат па)?

- Мархабат, төрлет, Ләззат.

- Әсия, сен боссың ба?

- Жоқ, қолым тимейді, уақыт аз, жұмыс көп.

- Өте өкінішті, киноға барсақ деп едім. Бүгін қандай фильм болады?

- Махаббат туралы жақсы фильм бар екен.

- Қашан басталады?

- Кешкі сағат жетіде. Касса сағат бесте ашылады. Барамыз ба?

- Мақұл. Барайық. Екі билет сатып алайын.

- Жарайды, тек кешікпе.