Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казак тілі.doc
Скачиваний:
211
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Мұны білген жөн.

Айранды ұйытады.

Бөрі жортады.

Бұршақ ұрады.

Бұлт көшеді.

Бура шайнайды.

Жылқы тебеді.

Ит үреді.

Қаймақ түседі.

Қасқыр ұлиды.

Құртты қайнатады.

Қымызды піседі.

Майды айырады.

Өзен тасиды.

Су ағады.

Сүт іриді.

Тортаны айырады.

Түлкі түн қатады.

Ірімшікті қайнатады.

Іріткіні піседі.

Тапсырма. Мәтінді оқыңыз, әңгімелеңіз.

Көмірлі Қарағанды

Қарағанды қаласы 1934 жылы қала болып атанды. Биыл Қарағанды облысының 70 жылдығын тойламақпыз. Қарағандыда көмір шахтасы көп. Сондықтан оны көмірлі қала атайды. Шахталарда әр ұлттың адамдары жұмыс істейді. Олар көмір шығарады.

Ертеде бір Апақ деген қойшы бала қой бағып жүріп, от жағуға отын жинайды.

Сонда бір түйіршік тасты өтқа салғанда лапылдап, жақсы жаныпты. Содан кейін адамдар жерді қазып, көп қара тастар тауып алады. Сөйтсе, ол көмір екен. Кейін Қарағандыдан шахталар ашыла бастайды. Қазір көмір отын ретінде қолданылып келеді.

Қазақстанның қара алтыны аталған өлке – Сарыарқада туғанымызды мақтаныш етеміз.

Тәуелсіз Қазақстан

Мәтінді оқыңыз. Жаңа сөздерді сөздіктен қараңыз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы.

Мемлекеттік рәміздердің болмысын; мағынасын жақсы білу – бәріміздің; әсіресе, жас ұрпақтың парызы.

Мемлекеттік туымыздың түсі – ашық аспан түстес зеңгір көк.

Зеңгір көк түс – табиғаттағы жеті түстің бірі. Көк түс – аспанның, ауа мен судың белгісі. Алғашқы геральдистердің бірі Ансельм жасаған кесте бойынша көк түс адалдықтың, тазалықтың белгісі.

Мемлекеттік туымыз тек қана бір түсті – көк. Ол мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді.

Тудағы күн бейнесі – геральдика заңы бойынша – байлық пен берекенің белгісі. Тудағы қыран бейнесі – еркіндік белгісі. Ұлттық өрнек – қазақ халқынын мәдениетін, поэтикалық және көркем танымын, өнерін білдіреді.

(Е. Шаймерденұлы. Қазақ елінің рәміздері)

Мемлекеттік ту.

Түркі тілдес елдердің мемлекеттік рәміздері

  1. Әзірбайжан Республикасының туы үш түрлі түстен: жоғарғысы – көк түс, ортаңғысы – қызыл түс, төменгісі- жасыл түстен тұрады. Қызыл түсте жарты ай мен сегіз бұрышты жұлдыз бар.

  2. Әзірбайжан Республикасының елтаңбасы шығыс қалқаның бейнелейді. Төменгі жағында емен бұтағы мен бидай сабағы бар. Қалқан Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік туындағы үш түрлі түстен тұрады және сегіз бұрышты жұлдыз бар. Жұлдыздың ортасында от – жалынның тілі. Жұлдыз – ақ түспен, жалын – қызыл түспен, емен бұтағы - жасыл түспен, бидай сабағы – сары түспен, қалқан – алтын түспен көмкерілген.

  3. Қырғыз Республикасының мемлекеттік туының түсі қызыл. Ортасында теңдей таралған алтын түсті 40 шапақты күн. Күн ортасында қырғыз үйінің түндігі берілген.

Қырғыз Республикасының елтаңбасында ақсұңқар, Ала – Тоо шыңдары және алтын түсті, сәулесі шашқан күн бейнеленген. Елтаңбаның екі жағында – мақта қауашағы мен бидай сабағы берілген.

Елтаңба.

Біздің елтаңбамыз шеңбер ішінде. Шеңбер мағынасы – тіршілік, шексіз өмір дегенді білдіреді. Елтаңбадағы ең негізгі белгі – шаңырақ. Шаңырақ – үй, Отан деген ұғымды білдіреді. Қазақ халқында «Отан от басынан басталады» деген мақал бар. От басы – шаңырақ, сіздің үйіңіз. Шаңырақ – қазақ елінің белгісі, рәмізі.

Шаңырақ әлемдік геральдика тарихында тұңғыш рет пайдаланып отырған бейне. Шаңырақ бар елтаңба тарихта болған емес.

Елтаңба компазициясында – аймүйізді алтын қанатты қос пырақ бар.

Ұлттық өрнек қазақ халқының тұрмысымен тығыз байланысты, ат, жылқы, тұлпар – қазақ тұрмысының негізі.

Елтаңбадағы ең басты белгінің бірі – бес бұрышты жұлдыз бен елдің аты. Елтаңбаның негізгі бояуы – алтын түстес.

Әнұран

Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім – сағынарым,

Жүрсем егер дүние кезіп.

Тауымыздың, көне күннің,

Даламыздың байтақ үні

Ол әні ғой жүрегімнің,

Мың қайталап айтам мұны.

Алған беттен көші қайтпай,

Шырқап, жырлап келеді олар

Бүкіл халық қосылып айтқан

Әннен күшті немене бар.

Бақыт, бірлік – күн талабы,

Тоқтамайды дабыр әні.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикам әнұраны!

(Т. Молдағалиев)

Тапсырма:

1. Өлеңді мәнерлеп оқыңыздар, мағынасын түсіндіріңіздер

2. Өлеңді жаттап алыңыздар.