Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казак тілі.doc
Скачиваний:
211
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Іскерлік Әлемі

КЕЛІСІМ

1. Сөздермен жұмыс істеңіздер.

Тарап, нығайту, ниеті, көздей отырып, ұмтыла отырып, жәрдемдесу, өткізу, көтермелеу, көтермелеп отырады, ынтымақтастық, алмасу, достық, қатынас, бап.

2. Мыны сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

А) Қазақстан Республикасының қандай елдермен, мемлекеттермен мәдени ынтымақтастық туралы келісімдері бар?

Ә) Біздің елде көршілес елдердің, туысқан елдердің мәдениет пен өнер күндері болды ма?

Б) Қазақстанның басқа елдерде мәдениет пен өнер күндері болды ма?

В) Біздің елде басқа елдердің көрмелері болды ма?

Г) Біздің елге мәдениет, әдебиет, өнер қайраткерлерінің делегациясы келді ме?

Д) Басқа елде Қазақстанның мәдениет, әдебиет, өнер қайраткерлерінің делегациясы болды ма?

3. Досыңызбен, көршіңізбен екі мемлекет арасында мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы сұхбаттасыңыз.

Мысалы: а) Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасында мәдени салада ынтымақтастық келісім бар ма?

ә) Тараптар мәдениет саласындағы ынтымақтастыққа қандай бағыттар бойынша жәрдемдеседі:

-мәдениет пен өнер күндерін өткізуге жәрдемдесе ме?

-кинофестивальдар өткізуге жәрдемдесе ме?

-гастрольдер ұйымдастыруға жәрдемдесе ме?

-көрмелер өткізуге жәрдемдесе ме?

-мәдениет, әдебиет, өнер қайраткерлерді арасында делегациялар алмасуға жәрдемдесе ме?

-әдеби шығармаларды аудару мен жариялауға жәрдемдеседі ме?

-екі елдің мәдениет мекемелері арасында тікелей қарым-қатынас бар ма?

Палестина мемлекетінің Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы келісім

Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Палестина мемлекетінің Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі екі мемлекет пен олардың халықтары арасындағы достық қатынастарды нығайту ниетін көздей отырып, мәдениет, ғылым мен білім, бұқаралық ақпарат құралдары, туризм мен спорт салаларындағы, сондай-ақ жастар істері жөніндегі салада ынтымақтастық пен алмасуды дамытуға ұмтыла отырып, мынаған келісті:

1 бап

Тараптар мәдениет, ғылым мен білім, бұқаралық ақпарат құралдары, туризм мен спорт салаларында, сондай ақ жастар істері жөніндегі салада ынтымақтастық пен алмасуды дамытуға жәрдемдеседі.

2 бап

Тараптар мына төмендегі бағыттар бойынша мәдениет саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседі:

-мәдениет пен өнер күндерін, кинофестиваль өткізу өзаралық негізінде көркем өнерпаздар мен жеке орындаушылардың гастрольдерін ұйымдастыру;

-бейнелеу өнері мен декоративтік-қолданбалы өнердің көрмелерін өткізу;

-мәдениет, әдебиет, өнер қайраткерлерінің делегацияларымен алмасу;

-әдеби шығармаларды аудару мен жариялау;

-екі елдің мұражайлары, кітапханалары, архивтері арасындағы ынтымақтастық.

Тараптар мәдениет мекемелері арасында тікелей қарым-қатынас орнатылуын көтермелеп отырады.

Мына сөздерді сөздіктен қараңыз. Жәрдемдеседі, өзаралық негізінде, өткізу, ұйымдастыру, декоративтік, қолданбалы өнер, мәдениет, әдебиет, өнер қайраткерлері, тікелей қарым-қатынас.

Шақтармен жұмыс жасау. Көп нүктенің орнына нақ осы шақ немесе ауыспалы осы шақты қойыңыздар.

а. Тараптар мәдениет саласыңдағы ынтымақтастыққа... (жәрдемдесу)

ә. Қырғызстан Республикасы ақпан айында Қазақстанда мәдениет пен өнер күндерін ... (өткізу).

б. Мәдениет мекемелері жеке орындаушылардың гастрольдерін ... (ұйымдастырып жатыр).

в. Қырғызстан мәдениет қайраткерлері Қазақстанда кинофестиваль... (өткізіп жатыр).

г. Тараптар әдеби шығармаларды аудару мен жарияулауға ... (жәрдемдесу).

д. Тараптар екі елдің мұражайлары, кітапханалары, архивтері арасында ынтымақтастыққа...(жәрдемдесу)

Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

а. Сіз Қазақстан орталық мұражайында болдыңыз ба?

ә. Мұражайлар ұлттық байлыққа жата ма?

б. Архив материялдарымен танысып көрдіңіз бе?

в. Қазақстан орталық мұражайы ұнады ма? Қазақ өнерін танытатын заттар бар ма? Қазақ тарихын танытатын заттар бар ма?

г. Қазақтың қандай әдеби шығармасын білесіз?

д. Қазақтың қандай әнші, орындаушыларын білесіз?

Оқыңыз, жазыңыз, әңгімелеңіз

ЖЕР – АНАНЫ АЯЛА

Біріккен Ұлттар Ұйымы жыл сайын әлем халқын айналадағы ортаны қорғау күнін атап өтуге шақырады. Биылғы жыл ұраны – «Жердегі өмір үшін» «Теңіздерімізді құтқарайық!» деп аталады.

Айналадағы ортаны қорғау күні 1972 жылдан бастап мерекеленуде. Сол кезден ЮНЕП әлем халқын ағаш отырғызу, көше тазалау, велосипед шеруі, мектептерде шығарма конкурсын өткізу, күл – қоқыстарды қайта өңдеуге жұмылдырып отыратын болды.

Экология – ғасыр соңында планета халқының кезек күттірмес ең ауқымды міндеттерінің қатарына енді.

Табиғат та тірі дүние. Табиғаттың адамға берген сабағы – тек айналаңнан алуды ғана білме, өзің Жер, Су, Ауаға алғаныңның орнын қайтіп толтыратыныңды ойлан деген ескерту жасауда. Сол ескертудің дәлелі – Арал қасіреті, тұщы су кездерінің азаюы, шөлді аймақтардың қүрт көбеюі.

Жері жасыл, ауасы таза, суы мөлдір жерді мекендеген халықтар ұзақ өмір сүреді де, табиғаты бүлінген, айналадағы ортаны қорғауға немқұрайды қараған елдерде адам өмірі әлдеқайда қысқа екендігі дәлелденіп отыр. Еуропа елдері ормандарын аялайды. Оңтүстік Кореяда өндіріс мақсатына ағаш кесілмейді. Бұл – табиғатты аяламайтындарға үлкен сабақ.