Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казак тілі.doc
Скачиваний:
211
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Қорғаушы қызметі

Егемен еліміздің мақсаты – құқықтық мемлекет құру. Мемлекеттің тірегі – заң. Заңсыз қоғам болуы мүмкін емес. Сондықтан қоғамымызда қорғаушылардың міндеті ерекше. Әрбір қорғаушы Қазақстан Республикасының “Адвокат туралы” заңы мен басқа заңдарды басшылыққа ала жүмыс істейді. Қорғаушылардың мекемелерге, өндіріс орындарына, халыққа көрсететін қызметі үлкен, көмегі зор.

Қорғаушы заң кеңесшісі ретінде мекемелердің, өндіріс орындарының, жеке кәсіпорындарының, акционерлік қоғамдардың басшыларына қабылданған заңдарды түсіндіріп береді. Оларды қалай дұрыс пайдалану жолын көрсетеді. Сондықтан қорғаушы заңнын әр саласын толық және жақсы меңгеруі керек. Азаматтарға қорғаушы кеңес беріп, тиісті құжаттарды толтыруға көмектеседі.

Тапсырма: Сөйлемдерді аударыңыздар:

1. Республикамыздың қорғаушылары халқымыздың мүддесін қорғайды.

2. Қорғаушы сот процесінде айыпталушыны қорғайды.

3. Әрбір мекеменің өз саласында қорғаушысы болады.

4. Жоғары оқу орыңдарында болашақ қорғаушыларды дайындайды.

5. Қорғаушы өз қызметінде тек заңға жүгінеді.

Тапсырма: Мәтінді оқып, асты сызылған сөздермен сөйлемдер құраңыздар:

Тергеуші қызметі

Баспасөз беттері тіршілікте күн сайын көбейіп бара жатқан қылмыстар жөніндегі хабарларға толы. Ал осы қылмыскермен күресетін заңгерлер туралы сирек айтылады. Республикадағы қоғамдық тәртіпті, азаматтардың және мемлекеттің мүддесін қорғап жүрген заң қызметкерлерінің еңбегі өте зор.

Жыл сайын жүз мыңдаған қылмысты іс тіркеледі. Бұлардың көбі аса қауіпті қылмыстар. Оларды жан-жақты тергеп, нәтижесіне соңғы нүкте қою аса күрделі, әрі күрделі, әрі жауапты іс.

Олар қылмыстық оқиға болған жерге барады, қылмыстың себеп-салдарын айқындайды, іске қатысты бар және күә адамдардан жекелеп те, беттестіріп те, қайталап та жауап алуға мәжбүр болады. Оқиғаға дұрыс баға беріп, мәселені заңға сәйкес әділ шешуге әрекет жасайды. Бұл тұрғыда әрбір қылмыс фактісі бойынша жұмыстар атқаралады. Әр істің өз өзгешелігі, өз сипаты бар. Жәбірленуші мен қылмыс жасаған адамдардың кім екендігі, олардың өткен өмірі, отбасындағы, қоғамдағы, жұмыстағы тәртібі, мінезі ерекшеленеді. Осы істің бәрін ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып тергеуші жүргізеді.

Тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Біздің институтымыз тергеушілерді дайындайды ма?

2. Тергеушінің негізгі қызметі қандай?

3. Тергеушіге қандай қасиеттер қажет?

Тапсырма: Төмендегі қанатты сөздерді қолданып, әңгіме құрастырыңыздар:

1. Әділет тілесе, атаңның басып айыбын айт. (М.Әуезов)

2. Не әділ болса, сол мәңгілік. (Д. Террари)

3. Мейрімді болу оңай, әділ болу қиын. (В.Гюго)

Тапсырма: Мәтінде айтылған ойға байланысты өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.

Еліміздегі тәртіпсіздік

Еліміздегі тәртіпсіздік – бүгінгі заманның ащы шындығы. Бұл құбылыс қоғамымызда күннен-күнге өсіп барады. Кешегі алаяқтар, алыпсатарлар, түп көтере сатып алушылар шаруасы қатайған бизнесмендерге айналды. Өндірістің қысқаруы, кәсіпорындарының жабылуы, жаппай заңсыздыққа тоқтау болмауы тәртіпсіздіктің базасын тереңдетті. Бізде тәртіпсіздік туралы әлі құқықтық түсінік жоқ. Сондықтан бұл тәртіпсіздікке қарсы жасалған күрес тәсілдері мен стратегия жоқ. Бүгінде қаржы-несие мекемелері қылмысты жасыратын ортаға айналып отыр.

Қазір қоғамның барлық құрылымында оңай ақша табу орын алған. Мысалы, алыпсатарлар салық төлеуден қашады, дүкендерге тауар мен азық-түлікке бағаны өздері қойып алады. Мұндай тәртіпсіздікке арнайы парламент комиссиясы керек. Бұл комиссия ашқарақтыққа қарсы заңдардың орындалу барысын қадағалау керек. Біздің парламентке осы жөнінде жұмыс істеуге негіз бар. Біз одан сапалы заң шығаруын күтеміз.

Тапсырма: Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыздар:

Өндірістің қысқаруы, күрес тәсілі, оңай ақша табу, қылмысты жасыру, салық төлеу.

Тапсырма: Еліміздегі тәртіпсіздік деңгейі, онымен күрес тәсілдері туралы әңгімелесіңіздер.

Тапсырма: Мақал-мәтелдерді аударыңыздар, оларды қолданып әңгіме құраңыздар:

1. Бұра сөйлеме, тура сөйле

2.Бірліксіз істе береке жоқ.

3. Ұры кісі басқа кісінің малын жейді, өзінің арын жейді.

4. Ұры ұрлығын қойса да, ұры аты қалмайды.

5. Ұрлағанды тыққандар, ұрыдан бетер кінәлі.

6. Ақиқаттың алдында хан да бір, қара да бір.

Тапсырма: Мәтінді оқып, сұрақтар қойыңыздар: