Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казак тілі.doc
Скачиваний:
211
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Данышпан шахматшы

Ертеде Үнді елінде ақылды данышпан болыпты. Ол шахмат ойынын ойлап тауыпты. Патшаға бұл ойын өте ұнапты. Данышпанға ойлап тапқаның үшін сыйлыққа қалағаныңызды ал депті. Данышпан қарт патшадан алтын да, меруерт те сұрамапты, дән сұрапты. Дән шахмат шаршылары сайын екі есеге өсу керек. Ақылды қарттың бұл сұраған сыйлығына бәрі күліпті, тіпті патша: «Менің жомарттығыма сай емес сыйлық сұрадың»,- деп ренжіп те қалыпты. Дана қарт өз сөзінде тұрып алыпты.

Сонымен сарай математиктері күндіз-түні демалмастан санапты, санап болған кезде данышпанның сұрағанына үнді еліндегі дән жетпепті.

Бірінші шаршыға – 1, екінші шаршыға - 2, үшінші шаршыға - 4, төртінші шаршыға – 8, осылай 64-ші шаршыға жеткенде:8624.366,386,386,270.208 деген күрделі сан пайда болыпты.

Бәрі де шахматты ойлап тапқан данышпанның тағы бір тапқырлығына куә болып, таң қалыпты.

Данышпанға патша сыйлығы керек емес еді, ол шахмат өнеріндегі адам ойының шексіздігін көрсеткісі келген.

Омонимдер, синонимдер, антонимдер

Айтылуы бірдей болғанмен, мағыналары бөлек-бөлек сөздерді омоним дейді.

Мысалы, аяқ деген сөз әрі ыдыстың бір түрі және адамның дене мүшесі мағыналарын білдіреді.

Мағыналары бір-біріне жақын, мәндес сөздерді синоним дейді.

Мысалы, әдемі, сұлу, келбетті т.б. бұлар мағыналары бір-біріне жақын сөздер, сондықтан да көбіне-көп оларды бірінің орнына екіншісін қолдана беруге болады: әдемі қыз - сұлу қыз.

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антоним дейді.

Мысалы, ащы-тұщы, жақсы-жаман, алыс-жақын т.б.

Болымсыздық мағынаны білдіретін қосымшалар арқылы жасалған сөздер антоним бола алмайды.

Мысалы, қарлы-қарсыз, желді-желсіз т.б.

Антоним болу үшін сөздердің тұлғалары бөлек, мағыналары бір-біріне қарама-қайшы болуы шарт.

Жаттығу. Сөйлемдерден омоним сөздерді табыңыздар, олардың мағыналарын түсіндіріңіздер.

Ойыма келген нәрселерді жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын.

(Абай)

Қой-ешкі, сиыр өріске кеткенімен, ауыл ақтан тарықпай отырған сияқты.

(С. Ерубаев)

Жұмыр басты пендеге өлім ақ

(мәтел)

Үстінде қызыл торғын шапан, омырауында алтын алқа.

(И. Байзақов)

Әнім бар алғыс атты, махаббатты, Алқа топ алдын көрген жерде айтылар.

(Қ. Аманжолов)

Бұл ақ тікен қурай болып өсетін алқа дейтін арамшөпке туыстас өсімдік.

(Б. Мұқанов)

Жаттығу. Мына сөздердің синонимдерін жазыңызда.

Үлгі: ұсақ, ұнтақ, уақ, майда, мықты, зұлымдық, кір, аласа, жау, қарт, сұлу, зәулім, бет.

Жаттығу. Мақалдардан антоним қолданыстағы сөздерді табыңыздар.

Жылап айтқан шынға нанбайды, күліп айтқан өтірікке нанады. Білім арзан, білу қымбат. Басы таудай, аяғы қылдай. Шын ғалымнан надан туар. Ақырын айтсаң, көнбейді, қатты айтсаң, ренжиді. Ер жігіттің қадірін ағайын білмес, жат білер. Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады, кеш шықсаң, алдынан түн шығады.

(Мақалдар)

Мамандық Әлемі

Тыңдау

Қазақстанда сот билігінің жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының Конституциясы

1. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтік құқықтық, актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды.

2. Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істермен дауларға қолданылады.

3. Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады.

Тапсырма.

1. Мәтінді тыңдаңыз, мәнерлеп оқып, аударыңыз.

2. Конституция жайлы өз ойыңызды жеткізіңіз.

3. Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге бөліп, атау беріңіз.

4. Сөздік құрыңыз, тірек сөздер мен сөз тіркестерін тауып, сөйлем құраңыз.

ОҚУ