Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казак тілі.doc
Скачиваний:
211
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Қазақ тілі – көлемі 2,7 млн шаршы км. Еуразияның орталығында орналасқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

1997 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасында тіл туралы Заң қабылданып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.

Қабылданған Заңның 4 – бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі»

Қазақ тілі – қазақ халқы үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен оқу – ағарту тілі.

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі, ұлт тілі. Қазақстандағы қазақтардың саны 1997 жылдың басына қарай 8 млн – ды құрды. Шетелдерде 4 млн. 200мыңға жуық қазақтар тұрады.

Қазақстанда қазақтармен бірге 126 ұлт және халықтар өкілі тұрады.

Түркі тілдеріне жататын қыпшақ тобына қарақалпақ, ноғай тілдерімен қоса қазақ тілі де жатады. Славян тілдері тобынан кейін 2 орында түркі тілдері. Бұған 18 әдеби тіл кіреді.

Тілдің маңызы мен қоғамдық қызметі зор.

Тапсырма.

1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2) «Ана тілің – арың бұл», «Сүйемін туған тілді – анам тілін» деген тақырыптарға шағын шығарма жазыңыз.

3) Тіл туралы ақын-жазушылардың сөздерін, мақал-мәтелдер жазыңыздар.

Зат есім

Заттық үғымды білдіріп, кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын зат есім деп атайды.

I. Мағынасына қарай

Түрлері

Мысалдар

1. Жалпы

бала, адам, дала, үй

2. Жалқы

Болат, Алматы, Қазақстан

II. Тұлғасына қарай

1. Негізгі

ел, жер, су, от, қала

2. Туынды

қойшы, балалық, білім, айтыс

III. Құрамына қарай

1. Дара

тарақ, жылқы, ауыл, жігіт

2. Күрделі

а) Біріккен

Бәйтерек, белбеу, Ақсу, қырықаяқ, күнбағыс, орынбасар

ө) Қосарлы

ата-ана, ел-жұрт, ой-қыр, жауын-шашын, тамыр-таныс

б) Тіркесті

аяқ киім, балалар бақшасы, ауыл шаруашылығы, сары май

в) Қысқарған

ҚазМҰУ, атком, пединститут, диамат, см, кг, кв, мм

Жалғаулардың орын тәртібі

Қазақ тілінде қосымшалардың өзіндік жалғану тәртібі бар. Сөзге жұрнақ, сонан кейін көптік, тәуелдік, септік және жіктік жалғаулары бірінен соң бірі жалғанады.

Қосымшалар

Сөз

Жұрнақ көптік тәуелдік септік жіктік

жалғау жалғау жалғау жалғау

оқу-шы-лар-ыңыз-быз

оқу-шы-лар-ыңыз-ға

Көптік жалғау (Аффиксы множественности)

Көптік жалғауы сөздерге көптік мағына беретін көптік жалғаулары арқылы жасалады: -лар, -лер, -тар, -тер, -дар, -дер.

Соңғы дыбыс

Алдыңғы

буын

Дауысты және үнді (р, й, у)

Ұяң з, ж

және үнді л, м,

н, ң

Қатаң және ұяң

б, в, г, д

Жуан

-лар

-дар

-тар

Жіңішке

-лер

-дер

-тер

Жуан

бала+лар

қыз+дар

завод+тар

Жіңішке

әже+лер

әйел+дер

студент+тер

Жіктік жалғау

Жіктік жалғау — іс-әрекеттің кімге қатысты екенін білдіретін грамматикалық категория.

Қазақ тілінде есімдер де, етістіктер де жақ бойынша түрлене алады. Жіктік жалғаулары жақтық мағына берумен қатар, жекеше, көпше мағыналарды да бере алады. Қазақ тілінде жіктік жалғаудың төрт түрі бар.

1-түрі. Зат есім, сын есім, есімдік, қалып етістіктері (отыр, тұр, жатыр, жүр), есімшелер, үстеулер.

Жақ

Жекеше

Көпше

I

-мын, -бын, -пын,

-міи, -бін, -пін

-мыз, -быз, -пыз -міз, -біз,

-піз

отыр-мын, студент-пін

отыр-мыз, студент-піз

II

-сың

-сің

-сыңдар

-сіңдер

отыр-сың, студент-сің

отыр-сыңдар

студент-сіңдер

II

(сыпайы түрі)

-сыз

-сіз

-сыздар

-сіздер

отыр-сыз, студент-сіз

отыр-сыздар

студент-сіздер

III

отыр, студент

отыр, студент-(тер)

2-түрі. Көсемшенің -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы түрлері.

Жақ

Жекеше

Көпше

I

-мын, -пын

-мін, -пін

-мыз, -пыз

-міз, -піз

бар-а-мын, кел-е-мін

бар-а-мыз, кел-е-міз

II

-сьң

-сің

-сыңдар

-сіңдер

бар-а-сың, кел-е-сің

бар-а-сыңдар, кел-е-сіңдер

II

(сыпайы түрі)

-сыз

-сіз

-сыздар

-сіздер

бар-а-сыз, кел-е-сіз

бар-а-сыздар, кел-е-сіздер

III

-ды, -ты

-ді, -ті

-ды, -ты

-ді, -ті

бар-а-ды, кел-е-ді

бар-а-ды, кел-е-ді

3-түрі. Нақтылы өткен шақ (-ды, -ді, -ты, -ті) пен шартты рай (са, -се) тұлғалары.

Жақ

Жекеше

Көпше

I

-қ, -к

бар-ды-м, бар-са-м

бар-ды-қ, бар-са-қ

II

-ңдар, -ңдер

бар-ды-ң, бар-са-ң

бар-ды-ңдар, бар-са-ңдар

II

(сыпайы түрі)

-ңыз, -ңіз

-ңыздар, -ңіздер

бар-ды-ңыз, бар-са-ңыз

бар-ды-ңыздар, бар-са-ңыздар

III

-

-

бар-ды, бар-са

бар-ды, бар-са

4-түрі- Етістіктің бұйрық рай тұлғасы.

Жақ

Жекеше

Көпше

I

- айын, - ейін

- йын, - йін

- айық, - ейік

-йық, -йік

бар-айын,

кел-ейін

бар-айық,

кел-ейік

II

-

-ыңдар, -іңдер

-ңдар, -ңдер

бар, кел

Бар-ыңдар, кел-іңдер

II

(сыпайы түрі)

-ыңыз, -іңіз

-ңыз, -ңіз

-ыңыздар, -іңіздер

-ңыздар, -ңіздер

бар-ыңыз, кел-іңіз

бар-ыңыздар, кел-іңіздер

III

-сын, -сін

-сын, -сін

бар-сын, кел-сін

бар-сын, кел-сін