Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казак тілі.doc
Скачиваний:
211
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Сан есімнің мағыналық түрлері

Түрлері

Сұрақтары

Жасалу жолдары

Мысалдар

1. Есептік

қанша? неше?

бір, екі, үш, төрт, бес,

он, жиырма, отыз, елу,

жүз, жүз мың, бес мың

2. Реттік

нешінші?

қаншасыншы?

-ыншы, -інші,

-ншы, -нші

бірінші, оныншы,

жүзінші, мыңыншы

3. Жинақтық

нешеу?

-ау, -еу

біреу, екеу, үшеу,

төртеу, бесеу, алтау,

жетеу

4. Топтау

нешеден?

қаншадан?

-дан, -ден,

-тан, -тен,

-нан, -нен

бестен, оннан, жүзден,

отыз бестен, екі-екіден,

бір литрден

5. Болжалдық

қанша? неше?

қаншадай?

нешеге жуық?

-дай,-дей,

-тай, -тей,

-даған,-деген,

-таған,-теген

-ер

-лап, -леп,

-дап, -деп,

-лар+септік жалғ.

есептік+есептік

елудей, отыздай,

жетпістей,

ондаған, жүздеген,

мыңдаған

бірер

ондап, елулеп, жүздеп

ондарда, елулерде

екі-үш, елу-алпыс

6. Бөлшектік

қанша? неше?

есептік+шығыс септік

жарты, жарым,

ширек

оннан бір, бір бүтін

бестен үш, мың жарым,

жүздің жартысы

Мақал – мәтелдерді жаттаңыз

1. Ана сүті бой өсіреді

Ана тілі ой өсіреді

2. Адам аласынан сөз аласы жаман,

Оттың шаласынан сөз таласы жаман.

3. Анам берген туған тілім,

Атам берген құрал тілім.

4. Білімдімен сөйлессең,

Тілің сенің түрленер.

Білімсізбен сөйлессең,

Тілің сенің күрмелер.

5. Жаттанды білімнен,

Өмірден тоқыған артық.

6. Келешегіңе жол салған,

Ұстазыңды ардақтай біл.

Ұлағатты сөздерді жаттайық

1. Көш бастау қиын емес,

Қонатын жерде су бар.

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерде жау бар.

Бәрінен шаршы топта сөз бастау қиын-

Шешімін адам таппас дау бар.

(Бұхар жырау)

2. Су түбінде асыл тас

Жел толқыса шығады

Ой түбінде асыл сөз

Шер толқыса шығады.

(Асан қайғы)

3. Тәрбие басы – тіл,

Өнер алды – тіл.

(Махмуд Қашқари)

4. Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады.

(Ғ. Мұстафин)

5. Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам сияқты...

(Ғ. Мұстафин)

6. Ана тілін білмеген

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас.

(Б. Сарноғаев, қырғыз ақыны)

Үстеу

Іс-әрекет, қимылдың, заттың сынының түрлі белгілерін білдіретін лексика-грамматикалық топ үстеу деп аталады.

Түрлері

Мысалдар

І.Тұлғасына қарай

1.Негізгі

әрең, азар, әрі,

бері, дәл, сәл

2.Туынды

ескіше, күздей, мұнша,

жаяулап, тысқары,

астыртын

ІІ. Құрамына қарай

1.Дара

ерте, тым, кеш, ерекше,

басқаша, қыстай, кешке

2.Күрделі

а) биыл, бүгін,

бірталай, біраз

ә) бірте-бірте, анда-санда, қысы- жазы

б) алдын-ала, құлан таза, күні кешке

ІІІ. Мағынасына

қарай

1. Мезгіл қашан?

қашаннан?

кеше, бүгін, ертең, қазір, кешке, ертемен, ерте-сіне, таңертең,түнеугүні, бүрсігүні, жаздыгүні, қыстыгүні, биыл, күні-түні

2. Мекен қайда?

қайдан?

әрі, бері, жоғары, төмен, алға, артқа, ішке, іште, ішкері, ілгері, мұнда, сонда

3.Мөлшер қанша?

қаншалық? қаншадан? Нешелеп?

Сонша, онша, оншалық, соншалық, мұндайлық, мұнша, сондайлық, бі-раз, бірталай, недәуір, неғұрлым, бірен-саран, азды-көпті

4.Сын-бейне қалай? қалайша? қайтіп?

әрең, әзер, дереу, жедел, шапшаң, тез, жылдам, кенет, құр, түгел, ауызша, өзгеше, осылай, көйлекшең, тікелей, бірге, зорға, аздап

5. Күшейту қалай?

қайтіп? қандай?

аса, нағыз, ең, өте, тым, тіпті, айрықша, барын-ша, кілең, небір, өңкей, әбден

6. Мақсат не үшін?

неге? не мақсатпен?

әдейі, жорта, қасақана, көре, біле тұра, әдейілеп

7. Себеп-салдар

неліктен? не себепті? қалай?

бекерге, амалсыздан, босқа, текке, лажсыздан, шарасыздан, құр босқа, амалсыздан, әншейін

8.Топтау қалай? қаншалап?

екеулеп, үшеулеп, бір-бірлеп, рет-ретімен, он-ондап, аз-аздан, көп-көптен, бас-басына, жұп-жұбымен