Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казак тілі.doc
Скачиваний:
211
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Туған жер – алтын бесік

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

(М.Мақатаев)

Сұрақ:

  • Бұл өлең не туралы?

  • Отан деген не?

  • Сіз қай жерде тудыңыз?

  • Туған жер деп қай жерді атайсыздар?

  • Туған жер туралы қандай өлең жолдарын білесіздер?

Туған ел

Туған жер қандай көркем мөлдіреген

Желегі желмен ойнап желбіреген.

Аралап күндіз-түні жүрсем-дағы,

Тыншымай ет жүрегім елжіреген.

Ыстық-ақ бүлдіргенді өзеңдерің,

Саяңда сайрап өскен өреңдерің.

Мен едім соның бірі – қарыздармын,

Әлі де аз сіңірген өз еңбегім.

Қашанда қарыздармын, елім саған

Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған

Жүректің арнап ыстық махабаттың,

Туған ел, берерім көп менің саған.

Туған жер

Шықшы тауға, қарашы кең далаға,

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,

Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?

Уа, дариға, алтын бесік туған жер,

Қадіріңді келсем білмей кеше гөр.

Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей

Ақын болмай тасың болсам мен егер.

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,

Нендей күйге жүрегімді бөледің.

Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,

Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.

Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім,

Қызығыңды көріп еркін келемін.

Сен де аямай бердің маған барыңды,

Мен де аямай барым саған беремін.

Болдым ғашық, туған дала, мен саған,

Алыс жүрсем, арманым – сен аңсаған.

Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың,

Қазақстаным - өзім туған босағам.

Қазақстанның шекарасы

Қазақстанның шекарасы Астрахан далалары мен Каспий теңізінен басталады. Ал шығысқа қарай алтай тауларына, қытай шекарасына дейін 3000 шақырым. Солтүстік батыс Сібір ойпатынан басталады.

Оңтүстік Тянь-Шань тауларынан Орта Азия республикаларына дейін 1900 шақырымға созылып жатыр. Республиканың барлық шекарасы 15 000 шақырымнан астам. Оның 12000 шақырымы құрлық, 3300 шақырымы Каспий мен Арал теңіздері арқылы өтеді.

(Н. Баяндин)

Сұхбат

- Қазақстанның батыс жақ шекарасы қайдан басталады?

- Қазақстанның батыс шекарасы Астрахан далалары мен Каспий теңізінен басталады.

- Шығыс шекарасы қандай?

- Шығыста Алтай таулары мен қытай шекарасына дейін үш мың шақырым.

– Солтүстік шекарасы қайдан басталады?

– Солтүстік шекарасы Батыс Сібір ойпатынан басталады

– Оңтүстік шекарасы қандай?

–Оңтүстік шекарасы Тянь-Шань таулары мен Орта Азия республикаларына дейін бір мың сегіз жүз шақырымға созылады.

Оқыңыздар,түсінгендеріңізді айтыңыздар.

Мақал-мәтел

1. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

2. Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас.

3. Ел бірлігі – ел теңдігі.

4. Өзін-өзі білген ер бақытты,

Өзін-өзі билеген ел бақытты.

Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыздар, қазақ тіліне аударыңыздар

многонациональное,суверенное государство

Қазақстан

удивительная земля

богат полезными ископаемыми

площадь более 2,7 млн. кв. км.

Қазақстанның численность населения 17 млн. человек.

мы любим красивую природу своей Родины

живут 126 национальностей

Қазақстанда гордимся, что живем в Республике Казахстан

Есть и величавые горы Заилийского

Алатау и сильные реки Иртыш,

Сырдарья и Амударья и

бескрайние степи

Етістік

Етістік заттың қимылын, іс-әрекетін білдіріп, не істеді? не қылды? деген сұрақтарға жауап береді.

Түрлері

Мысалдар

I. Тұлғасына қарай

1. Негізгі

оқы, жаз, бар, кел, бер

2. Туынды

тұзда, ойна, кешік, тазар

II. Мағынасына қарай

1. Негізгі

(Основные)

ал, қал, көр, сөйле, әкел

2. Көмекші

а) е, ет, де

ә) бол, әкет, тұр, шық

III. Объектіге қатынасына қарай

(По отношению к объекту)

1. Салт

бар, кел, отыр, жүр, тұр

2. Сабақты

жаз, ал, бер, айт, аш, жап

IV. Іс-әрекеттің орындалуына қарай

(к результату действия)

1. Болымды

бар, кел, оқы, жаз

2. Болымсыз

барма, барған жоқ,

келген емес

V. Құрамына қарай

1. Дара

жаз, оқы, ойна, гүлде

Күрделі етістік

2. Күрделі

Қүрама

етістік+етістік

барып кел, кіріп шық, келіп кет, алып бар, алып қайт

Б) Қосарлы

алдап-сулау, арып-ашып, шаршап-шалдығу, ойланып-толғану

Аналитикалық формалы

в) Біріккен (кіріккен)

апар, әкел, әпер, бүйт, сүйт, өйт

г) Тұрақты

ауыз жаласу, таяқ жеу, жүрек

жалғау, опық жеу, жігері құм болу, бос қою

д) Аналитикалық

етістік+көмекші етістік

барып еді, айта сал, оқи бер, жазып бер, алып жібер

Етіс

Іс-әрекет, қимыл мен субъект және объект арасындағы қатынастарды білдіретін етістіктің категориясы е т і с деп аталады.

Түрлері

Жұрнақтар

Мысалдар

1. Өздік

-ын,-ін,-н

киінді, таранды, жуынды

2. Ырықсыз

-ыл,-іл,-л -ын,-ін,-н

киілді, таралды, жуылды салын-ды, әкелінді

3. Ортақ

-ыс,-іс,-с

Сөйлесті, ойласты, әкелісті

4. Өзгелік

-дыр,-дір,-тыр,-тір -ғыз,-гіз,-қыз,-кіз, -т

жуғызды, жаздырды,

айтқыздырды, кескіз,

әкелдір, келтір, жүгірт

Есімше

Есімге де, етістікке де тән грамматикалық белгілерді қамтитын етістіктің категориясы есімш е деп аталады.

Түрлері

Жұрнақтар

Мысалдар

1. Өткен шақ

-ған, -ген, -қан, -кен

барған, келген, айтқан, кеткен

2. Келер шақ

-ар,-ер,-р,-с

(болымсыздық)

барар, келер, айтар, кетер, бармас, келмес

3. Дағдылы

а) -атын,-етін, йтын,-йтін

ә) -ушы,-уші

баратын, келетін, оқитын, барушы, келуші

4. Мақсат

-мақ,-мек,-бақ, бек, -пақ,-пек

бармақ, келмек, айтпақ, көрмек, кетпек