Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казак тілі.doc
Скачиваний:
211
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Шығыс септік

Соңғы дыбыс

Буын

Дауысты, ұяң з, ж, үнді р, л, й, у

Үнді м, н, ң,

III жақ тәуелдік жалғауы

Қатаң, ұяң

б, в, г, д

Жуан

-дан

-нан

-тан

қағаз-дан

ағам-нан

ат-тан

Жіңішке

-ден

-нен

-тен

ел-ден

әкем-нен

студент-тен

Көмектес септік

Соңғы

дыбыс

Буын

Дауысты, үнді

Ұяң з,ж

Қатаң, ұяң

б, в, г, д

Жуан

- мен/менен

- бен/бенен

- пен/пенен

Жіңішке

ел-мен

қағаз-бен

студент-пен

Жаттығу. Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сызыңыз. Жалғауларды ажыратыңыз.

Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:

  • Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?

  • Көремін, өрмек тоқып жүр.

  • Анау құмырсқаны көремісің?

  • Көремін, аузында бір нанның түйіршігі бар, жүгіріп кетіп барады.

  • Жоғары қара, аспанда не көрінеді?

  • Жоғарыда қарлығаш жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.

Сонда атасы айтты:

  • Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған тәрбие.

Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң өзіне азық етеді.

Құмырсқа бала – шағаларына тамақ аулап, бір нанның түйіршігін тапқан соң, өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан үйіне жүгіріп барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жиып жүр.

Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де Құдай тағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс істеуге әдеттену керек, - деді.

(Ы. Алтынсарин).

Тапсырма.

Мәтінді оқыңыз, түсінгеніңізді әңгімелеңіз.

Әріп пен әліппе

Ең ежелгі әріп «О». Бұл дыбыс біздің дәуірімізге дейін, шамамен 1300 жылдары жасалған.

Финики әліппесіне енгізілген кездегі түрін күні бүгінге дейін жоғалтпай сақтаған “О” мен “У” әріптері екен.

Ең жаңа әріптер 1680 жылдары ағылшын алфавитіне қосылған. Қазір әлемде 65 әліппе бар. Солардың арасындағы ең көлемдісі – камбоджа тілінің әліппесі 72 әріптен тұрады, ал ең қысқа әліппе – Бугенвиль аралында өмір сүретін Роток деп аталатын шағын халық тілінің әліппесі. Онда не бары 11 (он бір) әріп бар екен.

(Қазақ күнтізбесінен)

Тапсырма:

1. Мәтінді оқып, әңгімелеп айтыңдар.

2. Ежелгі әріп қай әріп?

3. Ағылшын алфавитіне қандай әріптер қосылған?

4. Ең қысқа әліппе қай халық тілінде?

5. Ол неше әріптен тұрады?

Ана тілі туралы

Тіл – алтын қазына.

Тіл қартаймайды,

Ешқашан ортаймайды.

Ана тілің – дана тілің.

Бала болсаң да тіл керек,

Дана болсаң да тіл керек.

Тіл білмеген түкті де білмейді.

Барам десең болашаққа,

Тіліңді таза сақта.

Тіліңді білсең,

Білімді білгенің.

Тілімді тілім деп құрметтесең,

Тілің сені құрметтер.

Тіліңді тілім деп құрметтемесең,

Сені кім құрметтер.

Тіліңді биіктет,

Өзгеге сүйікті ет.

Тапсырма:

1. Нақыл сөздерді мәнерлеп оқыңыздар, жаттап алыңыздар.

2. Әрқайсысының мағынасын қалай түсінетіндеріңізді айтыңыздар.

3. Зат есімдерді тауып, септік жалғауларын ажыратыңыздар.