Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казак тілі.doc
Скачиваний:
211
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
1.09 Mб
Скачать

3. Тоғыспалы ықпал

Сөз бен сөз аралығында қатар келген дыбыстардың бір-біріне ілгерілі кейінді ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де өзгеріске ұшырауы тоғыспалы ықпал деп аталады.

1. Сөз үнді н дыбысына бітіп, кейінгі сөз қатаң қ не к дыбыстарьнан басталғанда, н дыбысы ң дыбысына, қ, к дыбыстары ғ, г дыбыстарына айналады.

н+қ = ң + ғ

н+к =ң + ғ

Қазан+қап = Қазаң+ғап

ортан қолдай = ортаң ғолдай

мен көрдім = мең гөрдім

Есен+келді = Есең+гелді

2. Сөз с дыбысына бітіп, кейінгі сөз ж дыбысынан басталғанда, екеуі де ш дыбысына айналады.

с +ж = ш + ш

тас жол = таш шол

Қос+жан = Қош+шан

бас жақ = баш шақ

I. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл

Республикадағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Сондай-ақ мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті басқару орындарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

Қазақстан Республикасының Парламенті бар. Ол Сенат және мәжіліс деп аталатын екі Палатадан тұрады. Парламент Заң шығару қызметін жүзуге асырады. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің алдында есеп береді. Үкіметті Премьер-Министр басқарады. Конституциялық Кеңес заңдардың орындалуын бақылайды.

Жұмыс түрлері:

1. Мәтінді мұқият оқындар.

2. Мемлекетіміздің басқару органдарын біліп алындар.

3. Парламент, Сенат, Палата, Премьер-Министр, Мәжіліс деген атауларды түсініп алыңдар. Мұғалімнің көмегімен әңгімелеп айтыңдар.

Сұрақтар:

1. Мемлекеттік тіл қай тіл?

2. Парламент нелерден тұрады?

3. Заң шығару қызметін не іске асырады?

4. Ол кімнің алдында есеп береді?

5. Үкіметті кім басқарады?

6. Конституциялық Кеңес нені бақылайды?

Жұмыс түрлері:

1. Сұрақтарға жазбаша жауап қайтарыңдар.

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі

Адам баласы дүниеге келген сәттен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды, табиғат құбылыстарын ана тілінде ұғына бастайды.

Ана тілі арқылы адамдар бір-бірімен сөйлесіп, ойын жеткізеді, пікір алысады. Ана тілі арқылы оқып, білім алады, өз ортасында тәрбиеленеді.

Өз ана тілін білмеген, қадірлемеген адам өзін дүниеге әкелген, мәпелеп өсірген анасын да, ел-жұртын да, Отанын да сүйе алмайды, қадірлей алмайды.

Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, әрқайсысымыздың жетемізге жеткізіп, түйсігімізге түйіндіріп, түсіндіріп келді. Сондықтан да халқымыз туған тілді, ана тілін, сөз өнерін бар өнердің басы деп санады.

Ал ананың ақ сүтімен бойымызға қоса даритын тіл мұрасын бар байлығымен, көркемдік қуатымен ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуші, сөз жасап, дамытушы, тілді мейлінше қастерлеуші халық-тіл анасы, тіл бұлағы. Сондықтан да халқымыз тілін басқаша емес, ана тілі деп атаған.

Ана тілінің маңызы мен қоғамдық қызметі аса зор. Біріншіден, ол-қатынас құралы. Әр халық өкілдері бір-бірінің ойын ең алдымен ана тілі арқылы түсінеді, бір-бірімен ана тілінде сөйлеседі. Екіншіден, әр адам ана тілінде оқып, білім алады, өнер үйренеді, халықтың тарихымен, тұрмыс – тіршілігімен танысады.

Үшіншіден, ана тілі – халықтың рухани, мәдени байлығының, экономикалық және тарихи дамуының құралы. Қазақ тілі - өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Біз ана тілімізді, ділімізді қадірлей білейік, таза болуына, дамуына, өрлей, өркендей түсуіне ат салысайық.