Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казак тілі.doc
Скачиваний:
211
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Тілдің анықтамасы және қызметі.

Тіл адамзаттың қоғамдық өмірінің барлық саласын, демек әлеуметтік – экономикалық, саяси-мәдени өмірін қамтиды. Тілдің ең негізгі 3 қызметі (функциясы) бар.

1. Қарым-қатынас жасау – коммуникативтік функциясы.

2. Ойды жарыққа шығару – экспрессивті функциясы.

3. Мұра ретінде ұрпақтан – ұрпаққа берілуі – аккумулятивтік функциясы.

Тілдің адам, қоғам өмірінде сан салалы қызметі елуге тарта. Олар сәбидің тілі шығып, тіл үйренуінен басталып, бала бақша, мектеп, оқу орындары т.б. жалғасып, адамдардың күнделікті өмірде ауызекі сөйлеуі, көпшілік ақпарат жүйесінде қызмет етуі.

Тілдің дыбыстық жүйесін, сөздік құрамын, сөйлемдік құрылысын түсіну, айқындау, жүйелеу үшін практикалық пайымдаулар мен теориялық тұжырымдар қажет. Тілдік құбылыстар негізінде жасалған пайымдаулар мен тұжырымдар – тіл туралы ғылымның, тіл білімінің, яғни лингвистика ғылымының негізі.

Тіл білімі, лингвистика, тілдің 4 бөлшегіне сәйкес 4 саладан тұрады. Олар: фонетика (дыбыстар жүйесі), лексикология (сөз байлығы жүйесі), морфология (сөздердің байланысу жүйесі), синтаксис (сөз тіркесі, сөйлем жүйесі).

Фонетика

Фонетика туралы жалпы түсінік.

Фонетика (гректің фоне – дыбыс деген мағынаны білдіретін сөзінен алынған) – тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, әр түрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

Әр түрлі тілдердің дыбыстық жүйесі, дыбыстардың сипаты мен саны бірдей, біркелкі емес. Тіл дыбыстарын жасауда (шығаруда) дыбыстау (сөйлеу) мүшелерінің қызметін артикуляция деп атайды.

Ал белгілі халықтың дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы қалыптасқан дыбыс шығару дағдысын сол тілдің артикуляциялық базасы дейді.

Дыбыс пен әріп

Тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілетін үн дыбыс деп аталады да, оны жазу тілінде белгілейтін шартты белгі әріп деп аталады. Демек, дыбысты айтамыз және естиміз, ал әріпті жазамыз және көреміз.

Әріп-жазуда дыбысты белгілейтін шартты таңба.

Тілде әріптің саны дыбыстан көбірек, өйткені жеке дыбыс емес, қосар дыбыстан құралған немесе басқа да шартты белгілердің жазудағы таңбасы да әріпке жатады.

Әріптердің белгілі бір ретпен тізілген жинағын алфавит дейді.

Қазақ тіліндегі алфавит тәртіппен тізілген әріптер.

Қазақ тілінде дыбыстар дауыс қатысына қарай үлкен екі топқа бөлінеді: дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар.

Дауысты дыбыстар: ә, ө, ұ, ү, і

Сөйлегенде ауаның дауыс шымылдығынан кедергісіз, еркін шығуынан пайда болған дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.

Қазақ тіліне тән дауыстылар: ә, ө, ұ, ү, і.

I.

Тілдің қатысына қарай

Жуан

а, о, ұ, ы, у

Жіңішке

ә, ө, ү, і, е, и

II.

Еріннің қатысына қарай

Еріндік

о, ө, ұ, ү, у

Езулік

а, ә, ы, і, е , и

III.

Жақтың қатысына қарай

Ашық

а, ә, о, ө, е

Қысан

ұ, ү, ы, і, и, у

Дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, һ, (у)

Сөйлегенде ауа кедергіленіп шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.

Қазақ тіліне тән дауыссыздар: қ, ғ, ң, һ