
- •Оқу қуралы
- •Тілдің анықтамасы және қызметі.
- •Фонетика
- •Дыбыс пен әріп
- •I. Дауыстың (салдырдың) қатысына қарай
- •II.Жасалу орнына қарай
- •III. Айтылу жолына қарай
- •Буын үндестігі
- •Дыбыс үндестігі
- •1. Ілгерінді ықпал.
- •3. Тоғыспалы ықпал.
- •1. Ілгерінді ықпал
- •3. Тоғыспалы ықпал
- •I. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл
- •Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
- •Жалғаулардың орын тәртібі
- •Септік категориясы
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Ана тілі туралы
- •Адам – ардақты ат Жанұямның әлемі
- •1. Оқыңыз, аударыңыз.
- •2. Үлгі бойынша жауап беріңіз.
- •3. Оқыңыз, әңгімелеңіз. Отбасы
- •4. Мақал – мәтелдерді жаттаңыз
- •Сөз басы – сәлем
- •Сын есімнің шырайлары
- •Тәуелдік жалғау
- •Оқымысты бала
- •Дене тәрбиесі – дәрісіз ем.
- •Уақыт. Мезгіл.
- •Күн тәртібі. Бір күнім. – Режим дня. Мой день.
- •Мереке күндері:
- •Демалыс
- •Сан есімнің мағыналық түрлері
- •Мақал – мәтелдерді жаттаңыз
- •Ұлағатты сөздерді жаттайық
- •Туған жер – алтын бесік
- •Қазақстанның шекарасы
- •Көсемше
- •Нақ осы шақ (Күрделі түрі)
- •Болжалды келер шақ
- •Болымсыз түрі
- •Мақсатты келер шақ
- •Ауыспалы келер шақ
- •Нәтижелі өткен шақ
- •Субъективті өткен шақ.
- •Дағдылы өткен шақ.
- •Қалау рай
- •Шартты рай
- •Болымсыз етістік
- •Мұны білген жөн.
- •Көмірлі Қарағанды
- •Тәуелсіз Қазақстан
- •Мемлекеттік ту.
- •Елтаңба.
- •Теміртау
- •Ата Заңымыз
- •Халқымыздың қасиетті рәміздері
- •Жаңа Астана
- •Қазақ халқының салт-дәстүрі
- •Қонақты қарсы алу, күту рәсімі
- •Қазақтың дастарқаны
- •Сөздерден сөйлем құраңыз
- •Оқыңыз, жазыңыз, түсінгеніңізді әңгімелеңіз
- •Жай, тұрақты сөз тіркестері
- •Әбу Насыр әл-Фараби
- •Атамекен
- •Данышпан шахматшы
- •Омонимдер, синонимдер, антонимдер
- •Мамандық Әлемі
- •Қазақстанда сот билігінің жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының Конституциясы
- •Қазақстан Республикасының сот жүйесі
- •Қазақстан Республикасының соттар құрамы
- •Аудандық (қалалық) соттар
- •Облыстық және оларға теңестірілген соттар
- •Әскери соттар
- •Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты
- •Қазақ конституциясының тұңғыш жобасы
- •Қазақстан Республикасының Прокуратурасы
- •Қазақтың тұңғыш прокуроры Сүлеймен Есқараев
- •Қорғаушы қызметі
- •Тергеуші қызметі
- •Еліміздегі тәртіпсіздік
- •Жазалау шаралары
- •Ұйымдасқан қылмыс
- •Қысқарған сөздер
- •Іскерлік кездесу
- •Қазыбек бидің елшілікке баруы.
- •Сабақты қорытындылауға арналған
- •Іскерлік Әлемі
- •1. Сөздермен жұмыс істеңіздер.
- •2. Мыны сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.
- •3. Досыңызбен, көршіңізбен екі мемлекет арасында мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы сұхбаттасыңыз.
- •Палестина мемлекетінің Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы келісім
- •Мына сөздерді сөздіктен қараңыз. Жәрдемдеседі, өзаралық негізінде, өткізу, ұйымдастыру, декоративтік, қолданбалы өнер, мәдениет, әдебиет, өнер қайраткерлері, тікелей қарым-қатынас.
- •Сөйлемнің түрлері
- •Батыр қыз.
- •Барлық білім кітапта.
- •Хабарлы сөйлем
- •Сұраулы сөйлем
- •Бұйрықты сөйлем
- •Лепті сөйлем
- •Құрмалас сөйлем
- •Шылау Жалғаулық шылаулар
- •Септеулік шылаулар
- •Демеулік шылаулар
- •Сұраулық шылаулар
- •Еліктеу сөздер
- •Дүние жүзіндегі қазақ халқының саны
- •Глоссарий
- •Қазақша-орысша сӨздік
- •Мазмұны
- •Пайдаланылған әдебиеттер
3. Тоғыспалы ықпал
Сөз бен сөз аралығында қатар келген дыбыстардың бір-біріне ілгерілі кейінді ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де өзгеріске ұшырауы тоғыспалы ықпал деп аталады.
1. Сөз үнді н дыбысына бітіп, кейінгі сөз қатаң қ не к дыбыстарьнан басталғанда, н дыбысы ң дыбысына, қ, к дыбыстары ғ, г дыбыстарына айналады.
н+қ = ң + ғ
н+к =ң + ғ
Қазан+қап = Қазаң+ғап
ортан қолдай = ортаң ғолдай
мен көрдім = мең гөрдім
Есен+келді = Есең+гелді
2. Сөз с дыбысына бітіп, кейінгі сөз ж дыбысынан басталғанда, екеуі де ш дыбысына айналады.
с +ж = ш + ш
тас жол = таш шол
Қос+жан = Қош+шан
бас жақ = баш шақ
I. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл
Республикадағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Сондай-ақ мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті басқару орындарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Қазақстан Республикасының Парламенті бар. Ол Сенат және мәжіліс деп аталатын екі Палатадан тұрады. Парламент Заң шығару қызметін жүзуге асырады. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің алдында есеп береді. Үкіметті Премьер-Министр басқарады. Конституциялық Кеңес заңдардың орындалуын бақылайды.
Жұмыс түрлері:
1. Мәтінді мұқият оқындар.
2. Мемлекетіміздің басқару органдарын біліп алындар.
3. Парламент, Сенат, Палата, Премьер-Министр, Мәжіліс деген атауларды түсініп алыңдар. Мұғалімнің көмегімен әңгімелеп айтыңдар.
Сұрақтар:
1. Мемлекеттік тіл қай тіл?
2. Парламент нелерден тұрады?
3. Заң шығару қызметін не іске асырады?
4. Ол кімнің алдында есеп береді?
5. Үкіметті кім басқарады?
6. Конституциялық Кеңес нені бақылайды?
Жұмыс түрлері:
1. Сұрақтарға жазбаша жауап қайтарыңдар.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі
Адам баласы дүниеге келген сәттен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды, табиғат құбылыстарын ана тілінде ұғына бастайды.
Ана тілі арқылы адамдар бір-бірімен сөйлесіп, ойын жеткізеді, пікір алысады. Ана тілі арқылы оқып, білім алады, өз ортасында тәрбиеленеді.
Өз ана тілін білмеген, қадірлемеген адам өзін дүниеге әкелген, мәпелеп өсірген анасын да, ел-жұртын да, Отанын да сүйе алмайды, қадірлей алмайды.
Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, әрқайсысымыздың жетемізге жеткізіп, түйсігімізге түйіндіріп, түсіндіріп келді. Сондықтан да халқымыз туған тілді, ана тілін, сөз өнерін бар өнердің басы деп санады.
Ал ананың ақ сүтімен бойымызға қоса даритын тіл мұрасын бар байлығымен, көркемдік қуатымен ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуші, сөз жасап, дамытушы, тілді мейлінше қастерлеуші халық-тіл анасы, тіл бұлағы. Сондықтан да халқымыз тілін басқаша емес, ана тілі деп атаған.
Ана тілінің маңызы мен қоғамдық қызметі аса зор. Біріншіден, ол-қатынас құралы. Әр халық өкілдері бір-бірінің ойын ең алдымен ана тілі арқылы түсінеді, бір-бірімен ана тілінде сөйлеседі. Екіншіден, әр адам ана тілінде оқып, білім алады, өнер үйренеді, халықтың тарихымен, тұрмыс – тіршілігімен танысады.
Үшіншіден, ана тілі – халықтың рухани, мәдени байлығының, экономикалық және тарихи дамуының құралы. Қазақ тілі - өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Біз ана тілімізді, ділімізді қадірлей білейік, таза болуына, дамуына, өрлей, өркендей түсуіне ат салысайық.