Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
b398.doc
Скачиваний:
714
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
778.75 Кб
Скачать

105 Құқықбұзушылықтардың түсінігі және белгілері

Құқықбұзушылық – бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінәлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекеті.

Құқықбұзушылықтың белгілері:

- қоғамға қауіптілік (қоғамға қауiптiлiк құқықбұзушылықтың негiзгi материалдық белгiсi және қандай да бiр әрекеттi құқықбұзушылық деп танудың негiзi болып табылады)

- әрекет немесе әрекетсіздік (әрекет адамның белсендi iс-қимылы және қоғамға қауiптi iс-әрекеттiң кең тараған түрi, әрекетсiздiк - адамның белгiлi бiр әрекеттi жасауға мiндеттi немесе оны жасауға мүмкiндiгi бола тұра сол әрекеттi жасамау түрiндегi бәсең, енжар әрекетi);

- кінә (адамның өзi жасаған әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне қатысты психикалық қатынасы болса, оның әрекетi кiнәлi түрде жасалған деп танылады);

- құқыққа қайшылық, яғни белгiлi бiр әрекетпен құқықтық норманы бұзу;

- зиянды нәтиже (адамның әрекетi немесе әрекетсiздiгi нәтижесiнде қоршаған ортада болған өзгерiстер);

- әрекет пен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс (туындаған қоғамға қауiптi зардап қандай да бiр үшiншi тұлғаның немесе сыртқы күштiң әсерiнен емес адамның нақ осы әрекетiнiң не әрекетсiздiгiнiң нәтижесiнде келтiрiлгендiгi);

- заңды жауапкершілік (заң жазалау қатерiмен қорқытып тиым салған әрекеттi немесе әрекетсiздiктi жасау құқықбұзушылық болып саналады).

106 Құқықбұзушылықтардың түрлері

Құқықбұзушылықты топтастыру әртүрлі негіздер бойынша жүргізуге болады:

    1. қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай - қылмыс және теріс қылық (әкімшілік, азаматтық-құқықтық, тәртіптік, материалдық);

    2. қоғамдық өмірдің саласына қарай – экономика, саясат, әлеуметтік, тұрмыстық және тағы басқа салаларда;

    3. заң қызметі түрлеріне қарай - құқық шығармашылық, құқыққолдану, құқық қорғау;

    4. кінәнің нысанына қарай – қасақана жасалған, абайсызда жасалған;

    5. шаруашылық салаларына қарай - өнеркәсіптігі, ауыл шаруашылығындағы, көліктегі және т.б.

Қоғамға қауіптілік дәрежесәне қарай барлық құқықбұзушылықтар қылмыстарға және теріс қылықтарға бөлінеді.

Қылмыстар – бұл қоғамға ерекше қауіптілікпен ерекшеленетін, әлеуметтік маңызды мүдделерге нұқсан келтіретін, нұқсан келтірушіліктен қылмыстық заңнамамен қорғалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар. Құқықбұзушылықтардың басқа түрлеріне қарағанда, қылмыстық заңмен аталған қылмыстық әрекеттердің тізімі нақты анықталған және олар кеңейтілген түсінуге жатпайды. Қылмысты жасау жазалауды көздейді.

Теріс қылықтар – әлеуметтік қауіптіліктің, қылмысқа қарағанда, аз дәрежесімен ерекшеленеді, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында жүзеге асырылуы мүмкін, әр түрлі нұқсан келтіру объектілері мен заңды салдарға ие. Олар үшін жаза емес, әр түрлі шаралар көзделген.

Теріс қылықтардың түрлері:

1) Азаматтық теріс қылық – бұл мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар саласында жасалатын, ұйымдарға немесе жеке азаматтарға мүліктік зиян келтіруден көрініс табатын, шарт бойынша міндеттемелерді орындауды, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуды және т.б. білдіретін құқықбұзушылықтар. Олар үшін зиянды өтеу, бұзылған құқықты мәжбүрлі түрде қалпына келтіру, орындалмаған міндетті мәжбүрлі түрде орындату сияқты санкциялар  және басқа да құқықты қалпына келтіруші санкциялар көзделген.

2) Әкімшілік теріс қылық – бұл заңмен орнықтырылған қоғамдық тәртіпке, мемлекет органдарының атқарушылық-өкімдік қызметі саласындағы қызметтік міндеттерді жүзеге асырумен байланысты емес қатынастарға нұқсан келтіруші құқықбұзушылықтар. Әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін айыппұл, ескерту, арнайы құқықтан айыру (мысалы, көлік құралын айдау құқығы) және әкімшілік заңнамамен көзделген басқа да санкциялар көзделген.

3) Тәртіптік теріс қылық – бұл еңбек қатынастары саласында жүзеге асырылатын, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қызметінің ішкі тәртібіне нұқсан келтіретін құқықбұзушылықтар. Тәртіптік шаралар Еңбек туралы заңда, әскерилер үшін – Тәртіп туралы жарғыда, лауазымды тұлғалардың кейбір санаттары үшін – арнайы ережелерде қарастырылған. Бұл шараларды кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның әкімшілігі жүзеге асырады.

Құқықбұзушылықтардың барлық түрлері үшін санкциялар көзделген. Санкциялар құқықты қалпына келтіруші және айыпппұлдық болып бөлінеді. Құқықты қалпына келтіруші санкциялар міндетті мәжбүрлі түрде орындатуға, бұзылған құқықты мәжбүрлі түрде қалпына келтіруге бағытталған, ал айыппұлдық санкциялар құқық бұзушының белгілі бір құқықтарын шектеуді, оған арнайы міндеттерді жүктеуді немесе оны ресми түрде сынға алуды көздейді.

107 Құқықбұзушылықтың заңды құрамы

Құқықбұзушылықтың заңды құрамы – бұл құқықбұзушылықтың заңды жауапкершілікке тарту үшін қажетті және жеткілікті белгілерінің жүйесі. Заңды құрамға мыналар жатады:

1) құқықбұзушылықтың объектісі – бұл осы құқықбұзушылықтың неге бағытталғанын көрсетеді. Объектінің түрлік және тектік түрлерін бөліп қарастырады. Тектік объект ретінде қоғамдық қатынастар орын алса, түрлік объектіге өмір, денсаулық, абырой, мүлік және т.б. жатады.

2) құқықбұзушылықтың объективтік жағы – бұл осы құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, оларға мыналар жатады:

а) әрекет немесе әрекетсіздік;

ә) құқыққа қайшылық;

б) зиянды нәтиже;

в) әрекет (әрекетсіздік) пен зиянды салдың арасындағы себепті байланыс.

3) құқықбұзушылықтың субъектісі – бұл осы әрекетті немесе әрекетсіздікті жасаған құқықәрекетқабілетті жеке тұлға немесе әлеуметтік ұйым.

4) құқықбұзушылықтың субъективтік жағы – бұл тұлғаның өз әрекетіне және оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Субъективтік жаққа кінә, ниет және мақсат жатады. Бұл жерде басты санат болып кінә табылады. Кінә дегеніміз тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы әрекетіне психологиялық қатынасы.

Кінәнің екі түрі болады: қасақаналық және абайсыздық. Қасақаналық тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қалайды. Жанама қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қаламаса да, олардың туындауына саналы түрде жол береді.

Абайсыздықтың да екі нысаны болады: менмендік және немқұрайдылық. Менмендікте тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті салдарын түсінеді, алайда жеткілікті негізсіз олардың алдын алуға тырысады. Немқұрайдылықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті салдарын болжай алмайды, алайда дұрыс зейін қойғанда оларды байқауы мүмкін әрі тиіс еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]