Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
b398.doc
Скачиваний:
714
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
778.75 Кб
Скачать

34 Саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстардың саяси жүйедегі орны

Саяси жүйенің дербес элементі ретінде саяси партиялар мен қоғамды-саяси қозғалыстар туралы да айтып өткен жөн. Саяси партиялар өз алдына билік үшін күресу барысында саяси жүйеге, мемлекеттік механизмге әсер етеді.

Саяси партиябұл саяси билік үшін күресетін және белгілі бір идеялогиямен байланысты әлеуметтік топтын ең белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.

Партиялар белгілі бір мақсатты көздеуі мүмкін және саяси өмір мен қоғамды ұйымдастыруға әсер етеді. Саяси жүйеде әдетте бірнеше партиялар бар, олар әртүрлі әлеуметтік топтың мүдделерін білдіреді.

Саяси партияның саяси жүйедегі орны зор. Саяси қызметпен айналысатын, бірақ өз мүшелерінің әлеуметтік, экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған саяси жүйенің басқа институттарынан ерекшелігі партияның басты мақсаты билікті басып алу және оны жүзеге асыру, мемлекеттік істі басқару үшін күрес болып табылады.

Саяси парияның функциялары:

  • үлкен әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтау, қалыптастыру және қанағаттандыру;

  • саяси билік және оны қолдану үшін күрес, жағдайдың өзгеруіне байланысты бұл күрестің нысандары мен әдістерін анқтау;

  • жоғары және жергілікті билік органдарын қалыптастыру, өз өкілдерін ұсыну үшін сайлау науқанын дайындау және жүргізу;

  • саяси партия идеялогиясын қалыптастыру, қоғамның саяси даму бағдарламасын жасау және іске асыру, насихаттау жүргізіп, қоғамдық пікірді қалыптастыру;

  • қоғамды саяси тәрбиелеу;

  • партиялар, мемлекеттік аппарат үшін кадрларды дайындау және жүргізу.

Саяси партияның құрылымы партиялық аппарат, қатардағы мүшелерден және партияны жақтаушылардан тұрады.

Қоғамдық-саяси қозғалыс бұл белгілі бір әлеуметтік топтың мүдделерін білдіруге және қандай да бір саяси мақсатқа жетуге бағытталған қоғамның белсенді бөлігі.

Қозғалысқа қандайда бір партияның қызметіне қанағаттанбаған, олардың белгілеген жарғылық нормаларымен, бағдарламаларымен келіспейтін, нақты саяси мүдделер жоқ адамдардан тұрады.

Қоғамдық-саяси қозғалыстың саяси партиядан айырмашылығы:

- қозғалыстың әлеуметтік базасы кеңдеу (бір қозғалыс әртүрлі әлеуметтік, идеологиялық, ұлттық, діни топтың өкілдерінен тұрады);

- қоғамдық-саяси қозғалыстар, әдетте, тек бір саяси тұжырымдаманы ұстанады және бір ірі саяси мәселені шешуге ұмтылады, бір мақсаты болады, осы мақсатқа жетсе өз қызметін тоқтатады, ал партияның кешенді мақсаты бар;

- қоғамдық-саяси қозғалыстар билікке ұмтылмайды, өз мәселелерін шешу үшін билікке әсер етуге тырысады, егер қоғамдық-саяси қозғалыс билікке күресетін болса, онда ол саяси партияға айналады;

- қоғамдық-саяси қозғалыстардың саяси белсенділігінің өзегі - клуб, одақ, бастамашылық топ;

- қоғамдық-саяси қозғалыстарда формалді ішкі иерархиялық құрылымы, тұрақты мүшелік және тиісті құжаттары болмайды.

35 Құқықтық мемлекеттің түсінігі

Қазақстан Республикасы өз мемлекеттік тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігін алғаннан кейін, құқықтық мемлекет құру бағытында. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында келесідей көзделген: «Қазақстан Республикасы өзің демократиялы, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбатты қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».

Құқықтық мемлекет – дамушы құбылыс. Қоғамдық прогресс барысында, қоғамның өмір сүруі мен дамуынын нақты жағдайларына сәйкес құқықтық мемлекет жаңа қасиеттерге ие болып, жаңа мазмұндармен толықтырылады. Құқықтық мемлекет құру және оны әрі қарай дамыту кез келген мемлекеттің қоғамдық және саяси дамуының, мемлекет және қоғам өмірінің барлық саласында адам және азамат құқықтарымен бостандықтарын белгілеу мақсатының объективті қажеттіліктерге негізделген.

Саяси билікті ұйымдастырудың және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуші ұйым ретіндегі құқықтық мемлекет әлемдік өркениеттің, азаматтық құқықтық және саяси мәдениетінің үлкен жетістіктерінің бірі.

Құқықтық мемлекетбұл жеке адаммен қоғамның мүддесін қорғайтын, заң үстемділігі мен құқық қағидаларына негізделген мемлекет.

Құқықтық мемлекет – бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.

Құқықтық мемлекеттің мәнін қарастыруда оның негізгі екі жағын (екі негізгі қағиданы) бөліп қарастыруға болады:

1) мазмұнды жағы – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден, тұлға үшін құқықтық ынталандыру режимін орнықтырудан көрінеді;

2) формальды-заңды жағы – мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді.

Құқықтық мемлекетті құру өте күрделі қиын және ұзақ тарихи процесс. Бұл қиындықтар кешегі тотолитарлық режимнен қалған бір қатар жағымсыз факторларға негізделген. Олардың қатарына: құқықтық нигилизм, халықтың заңи сауатылығының төмен деңгейі, демократия, өзін-өзі басқару, адам және азамат құқықтары және бостандықтарын қорғауда, саяси және құқықтық мәдениет саласында тәжірибелердің аз болуы; бассыздық және заңсыздық биліктің әлсіздігі. Бұның барлығы өз алдына қоғамдық пікірлердің демократизациялау, либерализациялауды, олардың жаңа құқықтық және саяси құндылықтарды меңгеру барысын тежейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]