Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
b398.doc
Скачиваний:
714
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
778.75 Кб
Скачать

66 Құқық шығармашылықтың түсінігі және түрлері

Құқық шығармашылық – бұл мемлекет органдардың заңи нормалары қабылдау, өзгерту және жоюмен байланысты қызметі.

Құқық шығармашылық субъектісі ретінде тиісті өкілеттігі бар мемлекеттік органдар мемлекеттік емес құрылымдар, сондай-ақ референдумда заң қабылдаған кезде азаматтар бола алады.

Құқық шығармашылық қызмет конституция, заңдар және регламентпен белгіленген көлемде жүзеге асады. Құқық шығармашылық жаңа құқық нормасын қабылдаумен өзгерістер мен түзетулер енгізу арқылы ескі заңдарды жетілдірумен сипатталады.

Құқық шығармашылықтың белгілері:

- ол белсенді, шығармашылық мемлекеттің қызметі;

- оның негізгі өнімі – құқық нормалары;

- бұл қоғамды басқарудың маңызды құралы;

- құқық шығармашылықтың деңгейі және мәдениеті, қабылданған нормативтік актілердің саласы – бұл қоғамның өркениетінің және демократиялығының бір белгісі.

Құқық шығармашылықтың қағидаттары – бұл құқықтық нормаларды қабылдау, жою немесе ауыстырумен байланысты қызметтің негізге алушы идея, бастаулар, ережелер, құқықты шығаратын органдар үшін бағыт.

Құқық шығармашылыққа келесі қағидаттар тән:

1) ғылымилық;

2) кәсібилік;

3) заңдылық;

4) демократиялық;

5) ашықтық;

6) жеделділік.

Құқық шығармашылық субъектілеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

1) референдум жүргізу барысында халықтың тікелей құқық шығармашылығы;

2) мемлекет органдардың құқық шығармашылығы;

3) жекелеген лауазымды тұлғалардың құқық шығармашылығы;

4) жергілікті өзін - өзі басқару органдарының құқық шығармашылығы;

5) локальді құқық шығармашылық;

6) қоғамдық бірлестіктердің құқық шығармашылығы.

Құқық шығармашылық мәніне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

- заң шығармашылық (жоғарғы өкілдік органның құқық шығармашылығы);

- құқық шығармашылықты тапсыру (Парламенттің тапсырысы бойынша атқарушы органның норма шығармашылық қызметі);

- заңға тәуелді құқық шығармашылық - бұнда норманы Президент, Үкімет, министрлік, жергілікті органдардың ұйым жетекшілерінің қабылдауы.

Құқық шығармашылық қызметі екі негізгі бөліктен тұрады: бірінші, әрекеттік заңи мәнінен тәуелсіз құқық шығармашылықтың ұйымдастырушылық мәселелерінен тұрады (заң жобасын дайындау, оны талқылау). Бұнда заңның жобасын дайындауда мемлекет еркін алдын ала қалыптастыруды көздейді.

Екінші, құқықтық бастауларға негіз болады, заң жобасын дайындау туралы шешімді қабылдаумен байланысты. Заңда мемлекеттің еркі ресми бекітіледі де, заң жобасы жалпыға міндетті құқықтық актіге айналады.

67 Заң шығару үрдісінің сатылары

Заң шығарушы үрдіс – бұл құқық шығармашылық үрдістің құрамдас бөлігі. Тек заңдарды қабылдау осы үрдісті тұтастай сипаттайды. Құқық шығармашылықтың өнімі ретінде заңдар, сондай-ақ заңға тәуелді актілер құқықтық әдет, нормативтік шарттар, заңи прецедент те бола алады.

Заң шығарушылық – күрделі, біртексіз үрдіс және келесі сатылардан тұрады:

1) заң шығару бастамашылығы құқықғы – ҚР Конституциясына сәйкес Парламент заң шығару не заң жобасына өзгертулер ұсыну құқықғы бар субъектілерді анықтайды. Заң шығару бастамашылық құқығы Парламент депутаттарында және Үкіметтің құзырында. Заң жобасын ресми еңгізуі заң шығару бастамашылығы болып табылады. Заң шығару бастамашылық құқығы заң шығарушы органда заң жобасын және ұсынысты қарау міндетін туғызады, бірақ оны қабылдау немесе бас тарту – заң шығарушының құқығы. Бұндай ұсыныстар қажетті қамтамасыз етілуі керек.

ҚР Конституциясының 61-бабына сәйкес, заң шығарушылық бастамашылық құқық Парламент депутаттарына, ҚР Үкіметіне тиесілі және ол тек Мәжілісте іске асады.

2) заң жобасын талқылау – заң жобасы ең алдымен Мәжілісте талқыланады, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қаралған және құпталған заң жобасы Сенатқа беріледі, онда 60 күннен кешіктірілмей қаралады. Бұл кезеңнің қажеттілігі жобаның жоғары сапа деңгейіне жеткізу, қарама – қайшылықтарды, нақтылықсыздықты, кемшіліктерді жоюмен байланысты.

3) заңды қабылдау, дауыс берудің екі механизмі көмегімен (жай көпшілік және білікті көпшілік) жетуге болады. Заңды қабылдау – ең басты саты және ол үш кезеңге бөлінеді:

- заңды Мәжілістің қабылдауы;

- заңды Сенаттың қолдауы, кейін 10 күн ішінде Президентке ұсынуы;

- ҚР Президентінің заңға қол қоюы. Президент 15 күн ішінде заңға қол қояды немесе қайтадан талқылау және дауыс беру үшін заңды қайтарады.

Президент қол қойғаннан кейін заң күшіне енеді.

4) заңды жариялау. Заңдар ресми жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде күшіне енеді, егер заңмен оның күшіне енуі туралы өзге мерзім көзделмесе.

Барлық заңдар ресми қайнар көздерде «Егеменді Қазақстан», «ҚР заңнамалар жинағында», «Заң газетінде» жарияланады.

68 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі және инкорпорацияның түсінігі

Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу – бұл нормативтік актілерді реттеу, оларды белгілі бір жүйеге келтіру. Ол заңнаманы қолдану ыңғайлылығын арттыру үшін, көпшілікке түсінікті болуын қамтамасыз ету үшін қажет.

Заңдар мен өзге де актiлердiң түрлi ыңғайдағы жиынтықтарын, жинақтарын әзiрлеу мен басып шығару. Әдебиетте кезедесетiн инкорпорация ұғымын қорыта келе оның мынадай аса маңызды белгiлерiн тұжырымдауға болады:

- жүйелеу түрлерiнiң бiрi ретiнде инкорпорацияның белгiсi – қалыпты құқықтық актiлердi тәртiпке келтiру болып табылады;

- инкорпорация дегенiмiз - қалыпты құқықтық актiлердi әлдебiр жүйе бойынша заң шығарушының жариялаған мәлiметтерi;

- мұндай актiлердiң мазмұнындағы өзгерiстердiң көрсетiлмеуi;

- актiлерге сыртқы редакциялық-техникалық өңдеу жүргiзу: барлық соңғы шыққан актiлерге өзгерiстердi енгiзу, лауазымды адамдардың қойған қолдарын алып тастау, күшi жойылған деп танылған қалыпты емес, уақытша бөлiктердi алып тастау және т.б.

Инкорпорация – бұл нормативтік актілердің мазмұнын өзгертпестен бір жинаққа біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Мұндай жинақта әрбір акт өзінің дербес мәнін сақтап қалады.

Заңдарды инкорпорациялаудың ең қарапайым мысалы – қолданылып жүрген акт мәтiнiне барлық кейiнгi ресми өзгерiстерiн енгiзiп, оны жаңа өзгертiлген нұсқасында жариялау болып табылады.

Егер акт жаңа нұсқасында ресми басылымдарда жарияланатын болса, онда бұл әдiс қалыпты актiлердi қайта жариялау деп аталады.

Белгiлi бiр iрi қалыпты құжаттарды немесе бүкiл заңдарды тұтастай өңдеп инкорпорациялау әлдеқайда терең әрi құқық қолдану тәжiрибесiнде мейлiнше тиiмдi болып табылады. Мұндай инкорпорациялау қызметiнiң нәтижесiнде пәндiк, салалық, ведомстволық немесе өзге де қағидат бойынша заңдардың, басқа қалыпты құқықтық актiлердiң түрлi жинақтары мен жиынтықтары жасалады.

Инкорпорация – қалыпты актiлердiң белгiлi бiр жүйе бойынша заң шығарушының баспа бетiнде жариялаған мәлiметтерi. Заңдарды ретке келтiру тәжiрибесiнде олардың түрлерi көп әр түрлi сыныптық негiздерге бөлiнедi. Инкорпорацияның қағидаттары: хронологиялық (оларды қабылдау уақыты бойынша), тақырыптық (белгілі бір тақырып бойынша) және т.б.

Инкорпорацияны кім жүзеге асырғанына байланысты жинақтардың үш түрін бөліп қарастырады: ресми, официозды және ресми емес. Ресми жинақ құқықшығарушы орган өзі жинақты дайындап, жариялаған кезде орын алады. Официоздық жинақ болып құқықшығарушы органның (мысалы, әділет министрлігінің) тапсырмасы бойынша, бірақ оның ресми көрініс таппаған қолдауы арқылы шығарылған жинақтар табылады. Ресми емес жинақ болып ғылыми мекемелердің, баспалардың өз ынтасы бойынша, құқықшығарушы органның арнайы өкілеттіктерісіз шығарған заңнама жинақтары табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]