Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
b398.doc
Скачиваний:
714
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
778.75 Кб
Скачать

97 Құқықтағы қарама - қайшылықтың түсінігі мен себептері

Құқықтық қарама - қайшылықтар – бұл бірдей және ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін жекелеген нормативтік құқықтық актілер арасындағы келіспеушіліктер немесе қарама – қайшылықтар, сондай-ақ құқық қолдану үрдісінде және құзіретті органдар мен лауазымды тұлғалардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында пайда болған қарама – қайшылықтарды айтамыз.

Қарама – қайшылықты жою үшін құқықты талқылаушы және құқықты қолданушы тұлғаның жоғары кәсібилігін, істің мәнін дәл талдауды ең орынды шешімді таңдауды қажет етеді.

Әрине, қарама – қайшылықты жаңа нормаларды, яғни коллизиялық нормаларды қабылдау мен жоюға болады. Кей авторлардың айтуынша, бұл «төреші» нормалар, олар қарама – қайшылық құқығын қалыптастырады. Оларды жеке құқық саласы ретінде бөліп, шығаруға болады. Өйткені, қарама – қайшылық құқығын қалыптастыру үшін, жағдайлар бар, яғни өзінің пәні (қоғамдық қатынастардың ерекше саласы) және құқықтық реттеу әдісі. Бұл екі негіз кез – келген құқық саласын бөліп, шығаруға негіз болады.

Заңи қарама – қайшылық құқық жүйесінің қызметін кедергі жасайды, адамның құқықтарын шектейді, заңдылық құқықтық тәртіпке, қоғамның құқықтық мәдениетіне құқықтық санасына әсер етеді. Егер бірдей жағдайды екі, үш және одан да көп бір – біріне қайшы келетін актілер реттесе, орындаушы біреуінде орындамауға мүмкіндік алады. Бұларды шешу заң ғылымы мен практикасының міндетті.

Құқық нормалардың қарама – қайшылығынан бәсекелес нормаларда айыра білу керек, бәсекелес нормалар бір – біріне қарама – қайшы емес, екі, үш нормалар бірдей қоғамдық қатынастарды реттейді. Әдетте, бұндай нормалардың заңи күші, деңгейі әр түрлі болады. Осы жағдайда нормалар бір – біріне бәсекелес болады.

Заңнаманың қарама – қайшылығы елде КСРО, Қаз ССР, ҚР заңдарының бірдей қолданылуымен байланысты. Одақтың заңдар толығымен жойылған жоқ, ал жаңа заңдар толық көлемде қабылданған жоқұқық

Құқықтық қарама – қайшылықтардың себептері объективті және субъективті мағынада болады.

Объективті себептерге құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың әралуандылығы, өзгермелілігі, қарама – қайшылығы. Сондай-ақ, құқықтық (ескеруі, консерватизмі) нақты өмірден қалып қоюы, жете алмауы. Бұндай жағдайда мемлекеттік реттеуді қажет ететін жағдайлар туындауы мүмкін. Сондықтан да, құқық әрқашанда нақтыланып, жаңа талаптарға сәйкестендіріледі.

Субъективті себептерге саясаткер заң шығарушы, адамдардың еркіне және санасына байланысты себептер жатады. Заң шығарушының тиісті білімінің, кәсібилігінің болмауы.

98 Құқықтағы қарама- қайшылықтың түрлері

Құқықтық қарама – қайшылықтар өзінің мазмұны, сипаты, иерархиясы, әлеуметтік бағыты, шешудің әдістеріне байланысты әр алуан. Оларды төмендегідей топтастырады:

1) заңи қарама – қайшылықты үш топқа бөлуге болады:

- нормативті актілер немесе жеке құқық нормалары арасындағы қарама – қайшылықтар;

- құқық шығармашылықтағы қарама – қайшылық (бір – бірін жоққа шығаратын актілерді қабылдау);

- құқық қолданудағы қарама – қайшылық (басқару қызметінің келіспеушілігі, бірдей мәселелерді іске асырудағы түсініксіздік);

- мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, басқа да үстем құрылымдар мен бөлімшелердің мәртебесі мен өкілеттіктерінің қарама – қайшылығы;

- мақсаттарының қарама – қайшылығы (әр түрлі деңгейдегі және органдардың нормативтік актілерінің бір – біріне қарама – қайшы, жоққа шығаратын мақсаттарының болуы);

- ұлттық және халықаралық құқықтың арасындағы қарама – қайшылықұқық

2) заңдар мен заңға тәуелді актілер арасындағы қарама – қайшылық болғанда, заң есебіне шешіледі, өйткені, оның жоғарғы заңи күші болады.

3) Конституциямен басқа да актілер, заңдар арасындағы қарама – қайшылық конституция есебіне шешіледі, өйткені, ол заңдардың заңы.

4) жалпы федеральдік актілермен федерация субъектілері актілері арасындағы қарама – қайшылық жалпы федеральдік актілер есебіне шешіледі.

5) ұлттық және халықаралық құқық арасындағы қарама – қайшылық халықаралық құқық есебіне шешіледі. Өйткені, конституцияға сәйкес олардың басым күші болады.

99 Құқықтық қарама –қайшылықтарды шешудің әдістері

Құқықтағы қарама – қайшылықтарды шешудің әдістері – бұл оларды жоюға байланысты нақты тәсілдер, құралдар, механизмдер және рәсімдерді айтамыз. Қарама – қайшылықтың сипатына байланысты қандай да бір әдіс, нысан қолданылады, туындаған қарама – қайшылықты жою немесе құқықтық тығырықтан шығудын қандай да бір жолы тандалады. Құқықтағы қарама – қайшылықтарды шешудің ең көп таралған түрі келесідей:

- талқылау;

- жаңа актіні қабылдау;

- ескі актіні жою;

- қолданыстағы құқықты нақтылау немесе өзгерістер еңгізу;

- сот, әкімшілік, төрелік және аралық сот талқысы;

- заңнаманы жүйелеу;

- келіссөздер үрдісі, келісу комиссиясын құру;

- конституциялық әділеттілік;

- құқық қолдануды жетілдіру теориясымен практиканың байланысы;

- халықаралық рәсімдер.

Құқықты қолдану барысында қарама – қайшылықты анықтаған лауазымды тұлға немесе орган, әдетте, келесі ережелерді басшылыққа алады:

- егер бір органның әр уақытта қабылдаған актілері арасында бір мәселеге байланысты туындаса, кейін қабылдаған заңның күші болаы;

- егер қарама – қайшы актіні әр түрлі орган бір уақытта қабылдаса, онда жоғары заңи күші бар акт қолданылады;

- егер бір деңгейдегі арнайы және жалпы акт бір – біріне қайшы келсе, арнайы, ал әр түрлі деңгейдегі арнайы және жалпы актілер арасында қарама – қайшылық болса, жалпы акт қолданылады.

100 Құқықтағы кемістіктер (олқылықтар)

Құқықтағы кемістіктер (олқылықтар) – бұл қолданыстағы заңнамада қажетті заң нормаларының толығымен немесе жартылай болмауы.

Кемістіктер жаңа құқық нормасын қабылдау арқылы құқықшығармашылық процесінің көмегімен жоюға болады.

Кемістіктерді құқыққолдану процессі арқылы жеңуге болады, себебі, бұл кезде ешбір жаңа нормалар қабылданбайды: не құқық ұқсастығы, не заң ұқсастығы қолданылады.

Заң ұқсастығы – бұл нақты бір заңды істі осыған ұқсас істі шешуге бағытталған құқықтық норманың негізінде шешу.

Құқық ұқсастығы – бұл нақты заңды істі құқықтың жалпы қағидалары мен мәні негізінде шешу. Құқықтағы олқылықтарды жеңудің бұл әдісі ұқсас істі шешуге байланысты осы құқық саласында , ұқсас құқық саласында да нақты нормалар болмаған жағдайда ғана қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]