Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
b398.doc
Скачиваний:
714
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
778.75 Кб
Скачать

46 Құқықтың пайда болуы туралы теориялары

Әлеуметтік құбылыс ретінде құқықтың пайда болу туралы бірқатар көзқарастар қалыптасқан. Бұл көзқарастар мәңгілік сипатта болады, өйткені адамзат қоғам дамуының әр кезеңінде құқық туралы жаңа қасиеттер ашыла бастады. Құқық туралы көзқарастардың көп болуы, әр түрлі ұлттық және діни салт-дәстүрге, тарихи әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерге философиялық және идеологиялық көзқарастарға байланысты. Бұл көзқарастар дамып, теорияға айналды. Олардың ішінде материалисттік, табиғи – құқықтық, тарихи, нормативтік, материалистік, психологиялық және әлеуметтік теорияларды атап өткен жөн.

Құқықтың пайда болуының материалисттік теориясы - ХІХ-ХХ ғасырларда толық қалыптасты. Өкілдері: К. Маркс, В. И. Ленин, Энгельс. Құқық - бұл үстем таптың еркі, яғни таптық құбылыс деп түсіндіріледі. Құқықта бейнеленген тап еркіннің мазмұны материалдық өндірістік қатынастардың сипатымен айқындалады.

Құқықтың пайда болуының табиғи-тарихи теориясы - ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда толық қалыптасты. Бұл теорияның өкілдері: Т. Гоббс, Дж. Локк, А.Н. Радишев. Олардың айтуынша, құқық пен заңды жеке бөліп қарастыру керек. Позитивті құқықпен қатар, яғни мемлекет қабылдайтын заңмен қатар адамға тумысынан тиесілі ең жоғарғы табиғи құқықтар болады. Бұл құқықтар адамға табиғаттан берілді және бөлінбейтін құқықтар деп саналады. Бұл құқық теориясын жақтаушылар мемлекет қабылдайтын құқыққа қоса адамға тумысынан берілетін табиғи құқықта болады деп санаған. Бұл – өмір сүруге, бостандыққа, теңдікке, меншікке және т.б. құқық. Яғни, табиғи құқық (адамның табиғи, мәңгі, өзгермейтін құқықтарының жиынтығы) –қолданыстағы құқыққа (заңдар, прецеденттер) қарағанда жоғары құқық, бұл өз бойына сана мен мәңгілік әділеттілікті сіңіре білген құқық. Олар құқықты мәні бойынша моральмен теңестірген. Әділеттілік, бостандық, теңдік сияқты абстрактіні өнегейлік құбылыстар құқық шығармашылық және құқық қолданушылық процесті айқындайтын құқықтың өзегі. Адам құқықғының қайнар көзі заңнамада емес, адамның табиғатында бұл құқықтар оған туғаннан тиесілі немесе құдайдан беріледі.

Құқықтың пайда болуының тарихи теориясы – ХVІІІ - ХІХ ғасырларда толық қалыптасты. Аталмыш теорияның өкілдері: Гуго Савиньи, Пухта. Олардың айтуынша, құқық - бұл тарихи құбылыс. Ол тіл сияқты шартпен белгіленбейді, ешкімнің нұсқауымен еңгізілмейді, біртіндеп пайда болып, дамиды. Сондай-ақ, құқық - бұл ең алдымен, әдет құқығы, заң әдет құқығынан туындайды. Бұл теорияның өкілдері адам құқығын жоққа шығарады, өйткені, сол кезде кейбір әлеуметтік таптарда ешқандай табиғи құқықтары болмады.

Құқықтың пайда болуының нормативтік теориясы – ХХ ғасырда толық қалыптасты. Оның негізгі өкілдері: Келвен, Штаммлер, Новгородцев. Олардың айтуынша, құқық - бұл заң шығарушы қабылдаған құқықтық нормалардың жүйесі. Нақты айтқанда, Кельзеннің концепциясына сәйкес, құқық нормалар жүйесі (пирамидасы) ретінде түсіндіріледі, оның ең басында заңшығарушы қабылдаған негізгі (егеменді) норма тұрады және бұл жердегі әрбір төменгі норма өз заңдылығын заңды күші жоғары нормадан алады. Құқық туралы нормативистік бағыттың мазмұны ақиқатқа мемлекет қабылдаған нормативтік актілер негізінде қарау арқылы анықталады.

Бұл құқық нормалар жүйесінде ең жоғарғы орынды Конституция иеленеді. Барлық қалған құқық конституцияға сәйкес келіп, оған қайшы келмейді. Құқықтық нормалар жүйесінде негізгі орынды жеке актілер, оның ішінде сот шешімі, шарт, әкімшілік ережелер иеленеді. Оларға құқық та жатады және олар негізгі заңға сәйкес келмеуі керек.

Құқықтың пайда болуының әлеуметтік теориясы – ХХ ғасырда қалыптасты. Оның өкілдері: Эрлих, Женни. Олар құқық пен заңды бөлек қарастырады. Құқық табиғи құқықпен заңнан көрінбейді. Ол заңды іске асудан көрінеді. Құқықбұл заңи әрекеттерді, заңи практиканы, құқық-тық тәртіпті түсіндіреді. Олардың айтуынша, құқық – бұл құқықтық қатынас, субъективтің нақты әрекеті. Осыдан, олар құқықты тірі құқық деп атады. Бұндай тірі құқықты сот қызметінде судья жүзеге асырады. Олар заңдарды құқықпен толықтырады, тиісті шешім шығарады және құқық шығармашылықтың субъектісі болады.

Құқықтың пайда болуының психологиялық теориясы – ХХ ғасырда толық қалыптасты. Оның өкілдері: Петряжитский, Росс, Реиснер. Адамның психикасы қоғам дамуының, оның ішінде мораль құқықтың мемлекет дамуының негізгі факторы. Құқық - бұл адам психика санасының шығармашылығы.

47 Құқықтың қағидаттарының түсінігі және түрлері

Құқықтың қағидаттарыбұл құқытың ерекше әлеуметтік реттеуші ретіндегі мәнін көрсететін негізгі бастамалар, ережелер, идеялар. Олар құқықтың заңдылығын, табиғатын және әлеуметтік мәнін көрсетеді және заңдардың өзінде тікелей көрініс тапқан немесе олардың мәнінен туындайтын жүріс-тұрыс ережелері болып табылады. Таралу саласына қарай жалпықұқықтық, салааралық және салалық қағидаттарды бөліп қарастырады.

Жалпықұқықтық қағидаттар барлық құқық салаларында күшке ие болып келеді. Оларға мына қағидалар жатады:

- әділеттілік;

- азаматтардың заң мен сот алдындағы заңды теңдігі;

- ізгілік (гуманизм);

- демократиялық;

- құқықтар мен міндеттердің біртұтастығы;

- сендіру мен мәжбүрлеуді үйлестіру.

Салааралық қағидаттар бірнеше құқық саласының ерекше мәнді белгілерін сипаттайды. Олардың арасынан жарыспалылық және сот өндірісінің жариялылығы және т.б. қағидаттарды бөліп атауға болады.

Салалық қағидаттар тек бір саланың шеңберінде ғана әрекет етеді. Мысалы, азаматтық құқықта – мүліктік қатынастардағы тараптардың теңдігі қағидаты, қылмыстық құқықта – кінәсіздік презумпциясы.

Құқық қағидаттары қоғамдық қатынастарды реттеуге қатысады, себебі, олар құқықтық әсер етудің жалпы бағыттарын анықтап қана қоймай, нақты бір іс бойынша шешімнің негіздемесіне де енуі мүмкін.

48 Құқықтың функцияларының түсінігі және түрлері

Құқықтың функцияларыбұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін, құқықтық әсер етудің негізгі бағыттары.

Құқықтың функцияларын түрлерге бөлудің негізінде жатқан екі жақты шартты түрде бөліп қарастыруға болады:

1) сыртқы жақ, бұған сәйкес құқықтың әлеуметтік функциялары анықталады, олар: экономикалық (құқық өндірістік қатынастарды реттейді, меншік нысанын бекітеді және т.б.), саяси (құқық саяси қатынастарды, саяси жүйе субъектілерінің қызметін реттейді және т.б.), тәрбиелік (құқық белгілі бір идеологияны көрсетеді, тұлғаларға арнайы педагогикалық әсер етеді және т.б.) функциялар.

2) ішкі жақ, бұл құқықтың табиғатынан туындайды, олар–реттеуші және қорғаушы функциялар.

Реттеуші функция – бұл позитивтік мінез-құлық ережелерін орынқтырудан, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне сәйкес қатынастарды дамытуыға жәрдем беру мақсатында құқық субъектілеріне субъективтік құқықтар беруден және заңды міндеттер жүктеуден көрініс табатын, құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.

Бұл функцияның шеңберінде оның екі түрін бөліп қарастырады: реттеуші статистикалық және реттеуші динамикалық функциялар.

Реттеуші статистикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға оларды белгілі бір құқықтық инстиуттарда бекіту жолымен әсер етуінен көрінеді. Статистикалық функцияны жүзеге асыруда конституцияда бекітілген саяси құқықтар мен бостандықтар институты ерекше мәнге ие.

Реттеуші динамикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға құқық субъектілерінің белсенді мінез-құлықын қамтамасыз ету жолымен әсер етуінен көрінеді. Ол азаматтық, әкімшілік, еңбек құқығының институттарынан көрініс табады.

Қорғаушы функция – бұл ерекше маңызды экономикалық, саяси, ұлттық және жеке қатынастарды қорғауға, заңды қорғау мен заңды жауапкершіліктің шамасын, оларды жүктеу мен орындаудың тәртібін орнықтыруға бағытталған құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.

49 Қоғамның құқықтық жүйесі

Әлемде әр түрлі ұлттық құқықтық жүйелер мен құқықтық жанұялар бар. Ол тиісті кезеңнің, өркениеттің, елдің және халықтың ерекшелігін білдіреді.

Қоғамның құқықтық жүйесібұл нақты тарихы құқықтардың, заңи практиканың және жкелеген мемлекеттің үстемдік ететін құқықтық идеологиясының жиынтығы.

Қоғамның құқықтық жүйесінің құрылымына келесі негізгі элементтер кіреді:

- құқық (заңнама);

- заңи практика;

- үстемдік ететін құқықтық идеология.

Әлемнің құқығы көптеген ұлттық құқықтық жүйеден тұрады. Олардың барлығы бір – бірімен байланысты. Олардың байланысы ортақ белгілермен сипатталады.

Ұлттық құқықтық жүйелер – бұл нақты мемлекеттің, оның тарихы, мәдениеті, салт – дәстүрінің, географиялық жағдайының органикалық элементі.

Құқықтық жанұябұл бірнеше маңызды белгілерінің ұқсастығымен сипатталатын бірнеше текті ұлттық құқықтық жүйелер (белгілері қалыптастыру және даму жолдары, қайнар көздерінің ортақтығымен сипатталады).

Құқықтық жүйе – бұл құқықтың құқықтық идеологиямен және сот тәжірибесімен біртұтастықта қарастырылуы. Осы үш элемент: заңдар мен басқа да мемлекетпен танылған қайнар көздерден көрініс тапқан жалпыға міндетті нормалар жүйесі ретіндегі құқық, құқықтық сананың белсенді жағы–құқықтық идеология және сот тәжірибесі құқықтық жүйені құрайды.

Құқықтық жүйе түсінігінің белгілі бір мемлекеттегі құқыққа сипаттама берудегі маңызы зор. Бұл жағдайда ұлттық құқықтық жүйе жөнінде сөз болып отыр. Құқықтық жүйенің құқықпен қатар қай элементінің–не сот тәжірибесінің, не құқықтық идеологияның–ерекше рөлге ие болуына сол мемлекеттегі барлық құқықтық құбылыстар тәуелді болып келеді. Осы белгі бойынша құқықтық жүйенің келесі жанұяларын (құқықтың қайнар көздерінің ортақтығы негізінде бөлінген құқықтық жүйелердің жиынтығы) бөліп қарастырады:

1) романо – германдық (континентальдік құқықтық жанұя);

2) англо-саксондық (жалпы құқықтық жанұя);

3) діни (мұсылмандық және үнді құқықтық жанұя);

4) салт – дәстүр (әдет құқықтық жанұясы).

Құқықтық жүйелерді топтастырудың қажеттілігі және маңыздылығы:

Біріншіден, ғылыми, танымдық, білім беру себептерге. Өйткені, әлемдегі барлық құқық жүйелерді жеке зерттеу, жан – жақты зерттеу, ол туралы түсінік береді.

Екіншіден, практикалық себеппен – қолданыстағы заңнаманы жүйелеу, ұлттық құқықтық жүйелерді жетілдіру.

50 Романо – германдық құқықтық жанұя

Романо – германдық құқықтық жанұясына Италия, Франция, Испания, Португалия, Германия, Австрия, Швейцария құқықтың жүйелері жатады. Бұл жанұя жеке топ ретінде славян құқықтық жүйесін (Югославия, Болгария) айтуға болады. Қазіргі кездегі Қазақстандық құқықтық жүйесі ерекшеліктеріне байланысты романо – германдық құқық жанұясына жатады.

Романо – германдық құқық жанұясының белгілері:

- жазылған құқық қайнар көз жүйелерінің бірыңғай иерархиялық құрылымы, онда басты орынды нормативтік актіге берілген;

- жоғары заңи күшке ие жазылған Конституцияның болуы;

- құқық жүйесін жеке және жария, сондай-ақ, салаға бөлі;

- құқықты қалыптастырудағы басты рөл заң шығарушыға берілген, заң шығарушы жалпы құқықтық мінез – құлық ережелерін қабылдайды, ал құқық қолданушы тек нақты құқық қолданушы актілерде, жалпы нормаларды дәл іске асырады;

- нормативтік қортындылардың жоғары деңгейі кодификацияланған нормативті актілер арқылы жүзеге асады;

- заңға тәуелді актілерінің ерекше орын алуы;

- әдет құқығы және сот прециденті қосымша, толықтырушы сипатта болады;

- алдынғы орында адам мен азаматтың міндетті емес, құқығы болады;

- заңи доктриналардың ерекше рөлге ие (ғалымдардың құқықтық жанұя туралы талқылауы).

51 Англо-саксондық құқықтық жанұяға

Англосаксондық құқықтық жанұяға Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия ұлттық құқықтық жүйелері жатады.

Оның белгілері:

- құқық басты қайнар көзі сот прецеденті (нақты істі шешу барысында судьяларды қабылдаған мінез – құлық ережелері және ұқсас істерге таралады);

- құқықты қалыптастырудағы басты рөл соттарға берілуі;

- алдынғы қатарда адам мен азаматтың міндеттер емес құқықтары және олар сот тәртібімен қорғалады;

- процесуалдық құқықтың ерекше болуы;

- кодификацияланған құқық саласының болмауы;

- құқықты жеке және жариялы деп бөлудің болмауы;

- статус құқығының кең дамуы, әдет құқығы қосымша, туынды сипатта болады;

- заңи доктрина қолданбалы сипатта болады.

52 Діни құқықтық жанұясы

Діни құқық жанұясына Иран, Ирак, Пакистан сияқты мұсылман елдері Үндістан, Бирма елдерінің үнді – құқық жүйелері жатады.

Оның белгілері:

- құқықты шығарушы –қоғам, мемлекет емес, құдай, сондықтан, заңи ережелер бір рет және мәңгілікке беріледі; оларға сеніп, қатан сақтау керек;

- құқықтың қайнар көзі діни - өнегелік нормалар мен құндылықтар, әдетте, Құран, Сүнна, Иджма мұсылмандарға таралса, Шастра, Веда, Ману заңдары үнділерге таралады;

- заңи ережелердің діни, философиялық және мұсылмандық постулаттармен, сондай-ақ жергілікті әдетпен тығыз араласып, бірыңғай мінез – құлық ережелерін білдіруі;

- қайнар көздердің ішінде заңгер – ғалымдардың еңбектері ерекше орын алуы;

- құқықты жеке және жариялы деп бөлінудің болмауы;

- нормативті құқықтық актілер туынды сипатта;

- сот практикасы құқықтың қайнар көзіне жатпауы;

- көбіне адамның құқығына емес, міндетіне негізделуі.

53 Әдет құқықтық жанұясы

Әдет құқықтық жанұясына Мадагаскар, Африканың бірқатар елдерінің құқықтық жүйелері жатады.

Оның белгілері:

- құқықтық қайнар көзі әдет, салт және олар ауызша сипатта, ұрпақтан ұрпаққа беріледі;

- әдет пен салт заңи, мораль және аңыз ережелерінің синтезі;

- әдет пен салт ең алдымен жеке адамның емес, топтың қарым – қатынасын реттейді;

- нормативті актілер туынды сипатта;

- сот практикасы да, туынды сипатта және құқықтық қайнар көзіне жатпайды;

- сот билігі қауымның келісімін қалыптасу идеясын басшылыққа алады;

- заңи доктрина рөлінің төмендеуі;

- әдет пен салттың ескеруі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]