Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
b398.doc
Скачиваний:
714
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
778.75 Кб
Скачать

1) Мазмұны бойынша:

- қарапайым құқықтық сана – бұл тұлғалардың құқыққа қатысты жалпы көзқарастары, өмірлік тәжірибесінің әсерімен туындайтын көңіл-күйлері;

- кәсіби құқықтық сана – бұл заңгерлердің заңды тәжірибесінің негізінде қалыптасатын сезімдері, сенімдері, көзқарастары, дәстүрлері;

- ғылыми құқықтық сана – бұл құқықты теориялық игеруді көрсететін идеялар, түсініктер, концепциялар ;

2) субъектілері бойынша:

- жеке құқықтық сана;

- топтық құқықтық сана;

- қоғамдық құқықтық сана.

Құқықтық сананы иеленушіге байланысты құқықтық сананың жеке, топтық (ұжымдық) және қоғамдық құқықтық сана түрлері туралы айтуға болады.

Жеке құқықтық сана адам күнделікті қатысатын алуан түрлі әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың ықпалымен, сондай-ақ өзінің психикалы-физиологиялық ерекшеліктерінің әсерімен қалыптасады. Жеке адамның мәдениеті мен білімі деңгейінің әртүрлі болуы, адамдардың әлеуметтік жағдайы мен қабілетінің бірдей болмауы жеке құқықтық сана деңгейінің әртүрлі болуына себепші болады. Құқықтық сана деңгейін көтеру үшін адамдардың санасы мен мінез-құлқына нысаналы идеологиялық ықпал жасаудың, азаматтарға құқықтық тәрбие берудің де маңызы емес.

Топтық құқықтық сана тиісті әлеуметтік топтар мен оларға кіретін жеке адамдардың ерекшеліктерімен анықталады. Құқықтық құндылықтар әрбір топта бірдей танылмайды. Олардың ішінде топтық құқықтық сана заңдылық пен әділеттік идеяларын мүлде құрметтейтіндерінде топтық құқықтық сананың әлеуметмізденуі, қоғамда бар құқықтық идеологиядан шеттеу, құқықтық нигилизмнің ескі түрін консервациялау, тіпті криминогендік жағдайлардың қалыптасуы мүмкін.

Қоғамдық құқықтық сана құқыққа және құқықтық өмір шындығының жалпы қоғамда қалыптасқан құбылыстарына көзқарасты бейнелейді. Қоғамдық құқықтық санада қоғамда жеке адамның бостандығына және жеке меншікке ешкімнің тиіспеушілігіне кепілдік бере алатын теңдесі жоқ әлеуметтік құндылық ретінде құқық түсінігі орнығады. Құқық болмайынша оның екеуі де жоқ.

80 Құқықтық мәдениеттің түсінігі және құрылымы

Кең мағынасында құқықтық мәдениет-қоғамның құқыққа деген нақты қажеттері (оның ішінде мемлекеттін құқықты бағалауы), құқықтық ғылым дамуының деңгейі мен заң білімінің погресшілдігі және, ақырында, елдегі заңдылық пен құқық тәртібінің жай-күйі керек ететін қоғам мәдениетінің ажырағысыз бөлігі.

Тар мағынасында алғанда қоғамның құқықтық жүйесінің даму деңгейін құқықтық мәдениет деп түсінген жөн.

Құқықтық мәдениет құқықтық санамен тығыз байланыстылықта болы тұрып, оған сүйенеді. Алайда, құқықтық мәдениет құқықтық санаға қарағанда әлдеқайда кең, себебі, ол психологиялық және идеологиялық элементтермен қатар, заңды мәні бар жүріс-тұрысты да қамтиды. Құқықтық мәдениет мыналарды білдіреді:

1) құқықтық шындықты сезімдік қабылдаудың және құқықтық ойланудың белгілі бір деңгейі;

2) халықтың заңдарды білуінің тиісті дәрежесі;

3) құқық нормаларды, олардың үстемдігін түсінудің жоғары деңгейі;

4) құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру процестерінің сапалық жағдайы;

5) құқықтық қызметтің ерекше тәсілдері (құқыққорғау органдарының жұмысы, конституциялық бақылау және т.б.);

6) құқықтық қызметтің адамдар жасаған рухани және материалдық игіліктер түріндегі нәтижелері (заңдар, сот тәжірибесі, заңнама жүйесі және т.б.).

81 Құқықтық мәдениеттің құрылымы

Құқықтық мәдениет жекелік және қоғамдық тұрғысынан қарастырылуы мүмкін.

Тұлғаның құқықтық мәдениеті – бұл құқықты білу және түсіну, соған сәйкес әрекет ету. Тұлғаның құқықтық мәдениеті тұлғаның құқықтық білімділігін білдіреді, оған құқықтық сана, құқықты қолданудың дағдылары мен қабілеті, өз жүріс-тұрысын заң нормаларына бағындыру жатады. Тұлғаның құқықтық мәдениетінің құрылымы мына элементтерден құралады:

1) психологиялық элемент – құқықтық психология;

2) идеологиялық элемент – құқықтық идеология;

3) жүріс-тұрыстық элемент – заңды мәні бар жүріс-тұрыс.

Қоғамның құқықтық мәдениеті – бұл қоғамның құқықтық санасының және құқықтық белсенділігінің деңгейі, заң нормалар мен заң қызметінің дамуының дәрежесі. Қоғамның құқықтық мәдениеті оның жалпы мәдениетінің бөлігі болып табылады және келесі факторлармен сипатталады:

- құқықты шын мәнінде қажетсіну;

- елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайы;

- қоғамдағы заң ғылымы мен заң білімінің даму дәрежесі.

Қоғамның құқықтық мәдениетінің құрылымы келесі элементтерден құралады:

1) қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық белсенділігінің деңгейі;

2) заң нормаларының даму дәрежесі (құқықтың даму деңгейі, заң мәтіндерінің мәдениеті және т.б.);

3) заң қызметінің даму дәрежесі (құқықшығарушы, құқыққолданушы және құқыққорғаушы қызметтің мәдениеті).

82 Құқықтық қатынастардың түсінігі

Құқықтық қатынас санаты құқықтың жалпы теориясында негізгі, орталық санаттардың бірі болып табылады және адамдардың іс-әрекетіне құқықтың қандай жолмен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық қатынас – бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.

Құқықтық қатынастардың белгілері:

а) бұл әлеуметтік субъектілер арасындағы екіжақты нақты байланысты білдіретін қоғамдық қатынас;

ә) ол құқық нормаларының негізінде қалыптасады, яғни, құқық нормаларының жалпы талаптары субъектілер мен нақты жағдайларға қатысты жеке дараланады;

б) бұл тұлғалар арасында субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс;

в) бұл ерікті қатынас, себебі, оның пайда болуы үшін оның қатысушыларының еркі қажет;

г) бұл мемлекетпен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынастар.

83 Құқықтық қатынастардың түрлері

Құқықтық қатынастарды түрлерге бөлу, құқық нормаларын тұрлерге бөлудегі сияқты, әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

1) салалық белгісі бойынша құқықтық қатынастар конституциялық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, азаматтық-құқықтық және т.б. болып бөлінеді;

2) сипаты бойынша: материалдық (қаржылық, еңбек және т.б)  және іс жүргізушілік (қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік және т.б.) құқықтық қатынастар;

3) құқықтың функциялары бойынша: реттеуші және қорғаушы құқықтық қатынастар. Реттеуші құқықтық қатынастар құқық нормасы немесе шарт негізінде пайда болады, қорғаушы құқықтық  қатынастар мемлекеттік мәжбүрлеумен және заңды жауапкершілікті жүзеге асырумен байланысты болады;

4) қатысушыларының құрамына қарай: жай және күрделі  құқықтық қатынастар. Жай құқықтық қатынастар екі субъектінің арасында туындайды (сату-сатып алу құқықтық қатынастары), ал күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектілердің арасында туындайды (қылмыстық жазаны өтеу құқықтық қатынастары);

5) субъектілерінің анықталу дәрежесіне қарай: абсолюттік және қатысты құқықтық қатынастар. Абсолюттік құқықтық қатынастарда тек бір жақ қана–субъективтік құқықты иеленуші– анықталады, ал қатысты құқықтық қатынастарда екі жақ та жеке дара анықталған болып келеді және бір-біріне қатысты құқықтар мен міндеттерді иеленуші болып табылады;

6) жалпы және нақты құқықтық қатынастар, жалпы құқықтық  қатынастар заңнан тікелей туындайды, нақты құқықтық қатынастар заңды фактілердің–әрекеттердің, нақты жүріс-тұрыс актілерінің–нәтижесінде пайда болады.

84 Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары

Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышартары – бұл құқықтық қатынастарды туындататын жағдайлар, факторлар. Құқықтық қатынастардың пайда болу алғышарттарының екі түрін бөліп қарастырады:

1) материалдық (жалпы) алғышарттар. Оларға адамдардың құқықтық қатынастарға түсуіне әсер ететін өмірлік қажеттіктері мен мүдделері жатады. Кең мағынада – бұл белгілі бір қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің объективтік қажеттігін көрсететін әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б. жағдайлардың жүйесі.

2) Заңды (арнайы) алғышарттар. Оларға құқық нормасы, құқықсубъектілік және шынайы өмір жағдайы ретіндегі заңды факт жатады. Аталған алғышарттарсыз құқықтық қатынастың туындауы мүмкін емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]