Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
b398.doc
Скачиваний:
714
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
778.75 Кб
Скачать

44 Объективтік және субъективтік құқық

Құқық теориясында объективтік және субъективтік мағынада құқықтар қолданылады. Бірақ кез-келген адам оларды айыра білмейді. Кей жағдайда адам «құқық – маған рұқсат, кепілдік береді, ол мені қорғайды, бостандықтың шегін белгілейді, құқыққа сәйкес және құқыққа қарсы әрекеттердің шегін айқындайды», -деп айтса; ал екінші жағдайда «менің құқықғым бар, басқа адамдардан тиісті әрекеттерді жасауды талап етуге құқығым бар», - деп айтуы мүмкін.

Кейбір шет тілінде бұл екі ұғым екі термин арқылы түсіндіріледі. Басқа тілдерде оның ішінде қазақ және орыс тілдерінде бұл құқықтық құбылыстар бір терминмен қолданылады. Мемлекеттің тиісті актілерде белгіленген заңи нормалардың жиынтығы - бұл объективтік мағынадағы құқық. Ал азаматтардың заңдарда белгіленген немесе көптеген құқықтың қатынастардан туындайтын тұлғаға туғаннан тән құқықтың, бостандық және міндеттердің жүйесі – бұл субъективтік мағынадағы құқық. Оның үстіне объективті құқыққа сот прецеденті, құқықтық әдет, нормативтік шарттар, ал субъективті мағынадағы құқыққа заңды мүдде кіреді.

Объективті және субъективті құқық арасындағы айырмашылықтар заң ғылымында ерте кезде пайда болды. Алғаш рет Рим құқығында қолданды, кейін АҚШ-тың құқық жүйесінде қолданды. Объективті және субъективті мағынадағы құқық заңгерлер арасында пікір талас тудырады. Мысалы, Кеңес үкіметінде субъективті құқық жоққа шығарылды және ол социалистік қатынастарға сәйкес келмейді деп жарияланды. Бірақ, кейін бұл идея да жоққа шығарылды. Сондай-ақ, объективті және субъективті құқықпен құқытағы объективтілік және субъективтілік мәселелерін айыра білуі керек. Құқықтағы объективтілік және субъективтілік мәселелері –бұл құқықтың қалыптасуына әсер ететін объективті және субъективті факторлар, себептері.

Құқықтың субъективтікке жататындығын, сондай-ақ субъективтікке тиесілі субъективтік құқықтың, оның еркіне, қалауына байланыстығын көрсетеді. Ал объективті құқық құқықтың жеке тұлғаның еркімен қалауынан тәуелсіз ешкімге тиесілі еместігін көрсетеді. Сонымен, объективті мағынадағы құқық – бұл мемлекеттің тиісті нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жеке субъективтіктерден тәуелсіз құқықтық нормалардың жүйесі, субъективтік мағынадағы құқық – бұл жоғарыда аталған актілерден туындайтын немесе тұлғаларға турмысынан тиесілі және қолдану барысында олардың еркі мен санасына тәуелді құқықтар мен бостандықтардың жүйесі. Егер де объективтік құқық бұл қандай да бір нысанда белгіленген құқықтық норма болса, онда субъективті құқық – бұл объективті құқық негізінде және оның көлемінде туындаған нақты заңи мүмкіндіктер.

45 Құқықтың пайда болуының негізі

Әлеуметтік институт ретінде құқық мемлекетпен бірге пайда болды, өйткені, олар бір-бірімен тиімді әрекетін қамтамасыз етеді. Мемлекет құқықсыз болмайды, керісінше, құқық мемлекетсіз болмайды. Құқықтың пайда болу себебі мен жағдайы, мемлекеттің пайда болу себебімен байланысты. Құқық ең алдымен экономикалық үстем таптың мүддесін, еркін білдіретін таптық құбылыс ретінде пайда болды. Бұған дәлел ретінде құл иеленушілік және феодал мемлекеттер кезінде болған құқықтық актілерді келтіруге болды. Егер құқықтық нормалар жазбаша нысанда рәсімделсе, онда әдет нормалар адамның санасы мен мінез-құлықтарында сақталды. Құқық әдетке қарағанда, күрделі реттеуші. Өйткені ол тыйым салу, рұқсат беру және міндеттеу сияқты әдістерден тұрады. Бұл әдістер қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіруде кең мүмкіндік жасайды. Құқықтың пайда болуы күрделі әлеуметтік қарым-қатынастардың, қоғамдағы қарама-қайшылықтардың дамуының салдары. Құқықтық нормалар үш негізгі жолымен қалыптасты:

- мононормалардың әдет нормаларына дейін өсуі және оларды мемелекеттің ресми түрде тануы;

- мемлекеттің құқық шығармашылығы, яғни құқықтық нормалардан тұратын арнайы құжаттарды қабылдау;

- сот құқықғы (прециденті) нақты шешімдерден тұруы.

Құқықтың пайда болуы мен дамуына әртүрлі географиялық, мәдени-тарихи және өзге де факторлар әсер етті. Мысалы, шығыста дін, әдет және салт-дәстүрдің орны ерекше болды, және құқық олардың әсерінен пайда болды. Бұнда құқықтың басты қайнар көзі - өнегелілік діни нормалар. Еуропа елдерінде құқықтың пайда болуына және дамуына мемлекеттік органдардың құқық шығармашылығы және сот прециденті әсер етті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]