Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
b398.doc
Скачиваний:
714
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
778.75 Кб
Скачать

2 «Мемлекет және құқық теориясы» курсының бағдарламасы

1-тақырып Мемлекет және құқық әдіснамасы

Мемлекет және құқық теориясының әдіснамалық негіздері.

Мемлекет және құқық теориясының пәні – мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы және қызмет етуінің негізгі заңдылығы.

Мемлекет және құқықты зерттеудің объективтілігі мен ғылымилығы. Мемлекет және құқықты оқып-үйренудің материалистік және диалектикалық жолы. Мемлекет және құқық теориясы әдіснамасын идеологиясыздандыру. Мемлекет және құқық теория курсын оқып-үйренудің жалпы адамгершілік, әлеуметтік жолы. Мемлекет және құқықты оқып-үйренудің философиялық жолы.

Мемлекет және құқықты таптық тұрғыдан оқып-үйренудің қазіргі таңдағы түсінігі. Мемлекет және құқықты оқып-үйренудің таптық жолы мен жалпы адамгершілік жолдарының арақатынасы.

Мемлекет және құқықты тану процесінің логикасы. Ғылыми ойлаудың тәсілдері: анализ, синтез, индукция, дедукция, гипотеза, логика.

Мемлекет және құқық теория курсын оқып-үйренудің нақты тәсілдері. Формальдық-логикалық тәсіл. Салыстырмалы әдіс. Мемлекет және құқықты зерттеудің әлеуметтік әдістері: сауалнамалық әдіс, сұхбат, әлеуметтік тәжірибе. Мемлекет және құқықты зерттеудің жүйелі әдісі. Мемлекет және құқық теориясы функцияларының заң ғылыми жүйесіндегі алатын орны мен рөлі. Мемлекет және құқық теориясының танымдық, болжау және әдістемелік функциясы.

Мемлекет және құқық теориясының заң ғылыми жүйесіндегі орны, рөлі және қызметі.

Мемлекет және құқық теориясы курсының жүйесі. Мемлекет және құқық теориясы пәнінің қазіргі таңның заңгерін дайындаудағы рөлі. Қазақстандық мемлекет және құқық теориясы, оның дамуы.

2-тақырып Мемлекеттің пайда болуы

Алғашқы қауымдық қоғам. Рулық құрылыс кезіндегі басқару органдары мен тәртіп нормалары. Рулық құрылыс кезіндегі қоғамдық билік. Рулық құрылыстың экономикалық негізі. Термешілік экономикадан өндірушілікке көшу. Жекеменшіктің пайда болуы. Қоғамның стратификациялануы, әлеуметтік теңсіздік пен күрестің тууы. Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекеттің әлеуметтік мақсаттылығындағы дуализм: мемлекет қоғамды басқару және таптық қайшылықтарды шешудің құралы ретінде.

Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар: материалистік, табиғи-құқықтық, органикалық, күштеу, психологиялық, діни, технократиялық, патриархалдық, келісімдік және басқалары. Мемлекеттің белгілерінің қалыптасуы: жария билік, өкімет, мемлекеттің азаматтарын аймақтық бөлу, салықтар, заемдар, мемлекеттік қарыздар. Мемлекеттілік және егемендік құқық шығармашылық мемлекет белгісі ретінде. Мемлекет белгілері қалыптасуының бірізгілігі. Әр түрлі халықтарда мемлекеттік-құқықтық қалыптасуының ерекшеліктері.

Мемлекет анықтамасының әр түрлілігі. Мемлекет қоғамның саяси, құрылымдық және аумақтық ұйымы ретінде. Мемлекеттің жалпы әлеуметтік және таптық мазмұны. Мемлекеттік теория – құқықтық қауымдастық ретінде. Мемлекеттік егеменділік Ұлт және мемлекет. Мемлекет пен экономиканың өзара байланысы. Мемлекеттіліктің эволюциясы. Мемлекет дамуының кезеңдері.

3-тақырып Мемлекеттің типологиясы

Мемлекеттің типологиясының қалыптасу жолдары, бағыттары. Мемлекеттің марксистік типологиясы. Құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік мемлекет. Мемлекеттің тарихи түрлерінің ауысуының себептері және бір түрден екінші түрге өтуі, өтпелі тарихи түріндегі мемлекет.

Мемлекеттің жіктеудің хронологиялық тәсілі. Ежелгі ғасырдағы, орта ғасырдағы, жаңа ғасыр және қазіргі дәуірдегі мемлекет. Кеңес мемлекеті: пайда болу заңдылықтары, даму сатылары, мәні. Қазақстан Республикасының өтпелі кезеңдегі мемлекеттілігі.

Мемлекетті жіктеудің өркениеттік тәсілі. Қазіргі таңдағы өркениеттің мемлекеттілігі.

4-тақырып Мемлекеттің нысаны

Мемлекеттің мазмұны, әлеуметтілік мақсаттылығы, арақатынасы. Мемлекет нысанының түсінігі. Басқару нысаны, ұлттық-мемлекеттілік және әкімшілік-аймақтық құрылым нысаны, мемлекеттік саяси режим.

Мемлекет нысанын анықтайтын факторлар: географиялық, экономикалық, саяси, тарихи, ұлттық т.б.

Мемлекет нысанының сабақтастығы. Мемлекет нысанына жеке қайраткерлердің, мемлекеттердің саяси тәжірибесінің, жаулап алудың және діннің әсері. Мемлекет типі мен нысандарының арақатынасы.

Басқару нысаны. Монархия. Абсолюттік және шектеулі монархия. Шығыс деспотизмі. Ерте феодалдық, сословиелік өкілеттілік. Дуалистік, парламенттік монархиялар.

Республика: аристократиялық, (ақсүйектер, тектілер) демократиялық, қала-республика, парламенттік, президенттік, кеңестік, халықтық-демократиялық, аралас республикалар.

Мемлекеттің құрылымының нысаны. Біртұтас (унитарлық) мемлекет. Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлінуі. Федерация. Ұлттық мемлекеттік құрылым. Ұлттық және аумақтық негіздері. Аралас федерация. Конфедерацияның федерациядан айырмашылығы. Достастықтар, империялар, ассоциациялар.

Саяси режим. Демократиялық және тоталитарлық саяси режимдер: деспоттық, фашистік, авторитарлық, марксистік, әскери диктатуралар. Демократиялық режим: патерналистік, либералды-демократиялық, формалды-демократиялық, діни-демократиялық. Қазіргі замандағы мемлекеттің нысаны. Кеңес мемлекетіндегі тоталитарлық режимнің ерекшелігі.

Қазақстан Республикасы мемлекет нысанының ерекшелігі. «Қазақстан 2030» және кәсіпқой мемлекет.

5-тақырып Мемлекеттің қызметі (функциясы)

Мемлекет қызметінің түсінігі және мазмұны. Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты. Мемлекеттің міндеттері және оның қызметтері. Мемлекет қызметінің жіктелу негізі мен әр түрлі жолдары. Мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы қызметтері. Мемлекеттің тұрақты және уақытша қызметтері. Мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси, гуманистік, экологиялық, мәдени-тәрбиелік фунциялары. Адам құқығын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту қызметтері. Мемлекеттің сыртқы қызметтері. Отанды қорғау, бейбітшілікті сақтау қызметі. Әлемдік проблемаларды шешу қызметі. Халықаралық, экономикалық, мәдени және техникалық ынтымақтастықты дамыту. Мемлекеттің қызметтерін жүзеге асыратын нысандар мен әдістер. Мемлекеттің қызметі және мемлекеттік органның функциясы.

6-тақырып Мемлекеттік аппарат (механизм)

Мемлекеттік аппарат түсінігі. Мемлекеттік аппараттың құрылысы мен қызмет етуінің қағидалары: биліктің бөлінуі, интернационализм, демократиялық, профессионализм (кәсіпойлық), мемлекеттік егеменді биліктің халыққа тәндігі, адам құқықтарын қорғап заңдылық және т.б.

Билікті мемлекеттік аппараттың узурпациялауына жол бермеу. Мемлекеттік аппарат қызметіндегі төрешілікпен, жемқорлықпен күрес. Мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынастарындығы деформация және оларды жоюдың жолдары мен әдістері. Мемлекет қызметінің кадрлары, оларды топтастыру. Мемлекеттік қызметтерді іріктеудің қағидалары және оларға қойылатын талаптар.

Мемлекеттік орган, оның белгілері. Мемлекеттік органның міндеттері, қызметі және құзыры. Мемлекеттік органның биліктік өкілеттігі. Мемлекеттің заң шығарушылық, атқарушылық және қорғаушылық органдары. Мемлекеттің жоғарғы және жергілікті органдары.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының жүйесі. Қазақстан Республикасының Президенті. Қазақстан Республикасының заң шығарушы билігі. Қазақстан Республикасының Парламенті: Сенат және Мәжіліс. ҚР-ның атқарушы билігі. Үкімет: Премьер-министр, министрліктер, мемлекеттік комитеттер. Конституциялық кеңес.

Қазақстан Республикасының сот билігі. Жоғарғы Сот және жергілікті соттар.

7-тақырып Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет

Азаматтық қоғам және саяси жүйе. Билік және оның қалыптасуы. Биліктің түрлері мен типтері. Саяси билік және жеке тұлға. Биліктің қағидалары және негізгі белгілері. Биліктің заңдылығы (легитимность). Саяси жүйе, оның мәні: қоғамның саяси өміріндегі рөлі және құқықтық сипаты. Жүйенің құрылымы. Саяси жүйенің функциялары қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жүйелерінің арақатынасы.

Саяси жүйенің белгілері: мемлекеттік құрылыстың базистік бағдарламалық қағидалары: «персоноцентризм», «жүйелік орталықтандыру» және олардың қоғамның саяси өміріндегі рөлі.

Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны, маңызы. Мемлекеттік билік. Мемлекеттік биліктің негізгі институттары, оны жүзеге айырудың механизмі. Мемлекеттік биліктің басты қызметтері және оның саяси жүйенің басқа да элементтерімен өзара байланысы. Мемлекеттік аппарат және саяси жүйе.

Мемлекет және саяси жүйенің басқа элементтері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Мемлекет және партиялар. Үкіметтік емес ұйымдар. Көппартиялылық – саяси жүйе құрылымының қағидаты.

Қоғамдық қозғалыстар, тәуелсіз баспасөз, қоғамдық пікірді зерттейтін институттар – азаматтық қоғам элементтері, және бұлардың қоғамның саяси өміріндегі рөлі. Мемлекет және еңбек ұйымдары. Мемлекет және тіркеу. Зайырлы және діни мемлекет.

Қазақстан Республикасы саяси жүйесіндегі даму ерекшеліктері. Саяси сана. Саяси сананың құрылымы. Саяси идеология. Қоғамдық пікір.

8-тақырып Құқықтық мемлекет

Құқықтық мемлекет және оның негізгі сипаттамалары. Құқықтық мемлекеттің мақсаттары, міндеттері және функциялары. Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік бағыты, рөлі. Құқықтық мемлекеттің саяси және адамгершілік негіздері. Құқықтық мемлекеттің экономикасы. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері. «Персоноцентризм» құқықтық мемлекеттің әлеуметтік құрылымының басты қағидасы. Адам бостандығы мен құқығының қорғалуы – саяси жүйенің негізгі қасиеті. Құқық пен бостандықтың шынайылығы, кепілденуі, жеке адамның мәртебесі, лайықты және ерікті өмір сүруін қамтамасыз ету. Мемлекет пен жеке адам арасындағы жауапкершілік.

Құқық пен заңның тоғысуы – құқықтық мемлекеттің жақсы дамуының қасиеті, заңдылық пен әділеттіліктің мызғымас қағидасы. Заңның әрдайым жоғары тұруы – құқықтық мемлекеттің тиімділігі. Биліктің бөлінуі, олардың тең құқықтылығы және тепе-теңдікті ұстау механизмі. Демократиялық, тәуелсіз, объективті сот жүйесінің қалыптасуы.

«Заңмен тыйым салынбаған іс-әрекетке бостандық» деген қағиданы қамтамасыз ету. Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы және саяси жүйенің қызметіндегі қоғамдық пікірді пайдалану бостандығы.

Қазақстан Республикасында демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың теориясы мен практикасы, оның қағидалары: қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, халық игілігі үшін экономикалық даму, патриотизм, мемлекеттік өмірдің мәселелерін демократиялық тұрғыда шешу. Конститутциялық және заңдардың өзге нормативтік актілерден жоғары тұруы, азамат пен мемлекеттің құқықтары мен міндеттерінің өзара байланыста болуы.

9-тақырып Құқықтың түсінігі, мәні

Құқықтың пайда болуы. Рулық құрылыстың әлеуметтік нормасы одан құқыққа өту. Құқықты қалыптастырудың негізгі тәсілдері, құқық белгілері. Құқықтың мемлекетпен байланысы. Құқықтың шығуының негізгі теориялары: табиғи-құқықтық теория, теологиялық, нормативтік, марксистік, психологиялық және социологиялық теориялар. Қазіргі кездегі құқық түсінігі. Объективтік құқық және субъективтік құқық. Құқық және әлеуметтік-экономикалық құрылыс. Құқық функциялары. Құқық функциясының түсінігі. Құқық функциясының жүйесі, реттеушілік және қорғанушылық – құқық міндеттерін іске асыру формалары. Құқық және саясат. Құқық және мораль. Құқық және дін.

10-тақырып Құқықтың типологиясы және қазіргі кезеңдегі негізгі құқықтық жүйелер

Құқық типологиясы және қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелер. Заң типологиясы. Заңның құқық типімен, әлеуметтік-экномикалық құрылыспен өзара байланысты. Формациялық және өркениеттік тұрғыдағы құқық типтері. Құқықтың тарихи типтері: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік. Социалистік құқық типі және оның дамуындағы кемшіліктер.

Қазіргі замандағы құқық жүйесінің жіктелуі. Романо-германдық құқықтық жүйесі, англо-саксондық құқықтық жүйесі, дәстүрлік діни құқықтық жүйелер.

Құқықтық хронологиялық типологиясы: ерте ғасыр құқығы, орта ғасыр құқығы, жаңа дүние құқығы, қазіргі заман құқығы.

11-тақырып Қоғамның әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық

Қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу, оның түрлері. Қоғамның әлеуметтік нормалары. әлеуметтік және техникалық нормалар. Қоғамның әлеуметтік нормаларын жіктеудің негізі. Қоғамның әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық нормалары. Әдет-ғұрып, салт-дәстүр, іскерлік әдеттер, ізгілікті нормалар. Қоғамдық ұйымдардың нормалары. Қоғамның әлеуметтік нормаларының өзара іс-қимылы, өзара әсер етуі, өзара кірісуі, араласуы.

12-тақырып Құқық нысаны

Құқық нысаны туралы түсінік. Қабылданған әдет-ғұрып, нормативтік құқықтық қатынастар, сот прецеденті. Доктрина құқық негізі. Құқық нысаны ретіндегі нормативті шарт. Құқықтық мәні мен формасының өзара байланысты, құқықтағы сабақтастық. Құқық рецепциясы.

Нормативтік-құқықтық актілердің түсінігі және жалпы сипаттамасы. Нормативтік-құқықтық актілердің қолдану және түсініктеме беру актілерінен айырмашылығы. Нормативтік-құқықтық актілердің түрлері, оларды топтастырудағы өлшем. Заң түсінігі. Құқық және заң. Заң үстемділігі. Заң түрлері. Конституция, референдумда қабылданған заңдар.

Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері.

Нормативтік-құқықтық актілердің уақыттағы күші, тұлғаларды қамту өрісіндегі күші, кеңестіктегі күші. Заңның кері күші.

13-тақырып Құқық нормалары

Құқық нормасының түсінігі. Құқық нормасының белгілері. Құқықтық нормалардың мемлекетпен байланысы. Құқықтық нормаларды іске асыруды қамтамасыз етудің әдістері.

Құқықтық норманың логикалық құрылымы. Болжам, диспозиция, санкция – құқықтық норманың логикалық элементтері.

Құқық субъектісі іс-әрекетінің нәтижесінде туатын қолайсыз жағдайлар. Гипотеза, диспозиция және санкция түрлері. Құқық нормасы мен нормативтік акті баптарының байланысы. Құқық нормасы және нормативті нұсқама. Құқық нормасының құрылымдық сипаттамасының салыстырмалылығы. Құқық нормаларының жіктелу критериі, анықтау тәсілі, заңды күші, әрекет ету аясы, реттеу іс-әрекеті, уақыты, билік дәрежесі, механизмі, нұсқама берудің нысаны.

14-тақырып Құқық шығармашылығы және нормативтік-құқықтық актілерді жүйеге келтіру

Құқық шығармашылығының жалпы сипаттамасы. Құқық пен құқық шығармашылығын қалыптастыру. Әр түрлі құқықтық жүйелердегі құқық шығармашылығы. Құқық шығармашылық процесінің кезеңдері. Құқық шығармашылық қызметінің қағидалары: демократиялық, заңдық, кәсіпқойлық, тікелей.

Халықтың құқық шығармашылық жұмысына қатысуы. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құқық шығармашылық қызметтері. Лауазымды тұлғалардың құқық шығармашылығы. Құқықтың жаңаруы. Құқық шығармашылық қызметі, оның кезеңдері.

Нормативтік актілердің заңды күшінің уақыты, кеңістігі және адамдарды қамтуы.

Нормативтік-құқықтық актілерді жүйеге келтіру түсінігі, оның түрлері. Инкорпорация, оның түрлері. Консолидация, оның мазмұны. Құқықтық нормаларды кодификациялау және оның ерекшеліктері. Кодификация түрлері. Заң шығару техникасы және осы мақсатқа электронды есептегіш техникаларды пайдалану. Қазақстан Республикасының нормативтік актілерді жүйелеу әдіс-тәсілдері.

15-тақырып Құқық жүйесі және құрылымы

Құқық құрылымы және құқық жүйесі туралы түсінік. Құқық құрылымы, құқық жүйесі және заң шығару жүйесі түсініктерінің арақатынасы. Құқық жүйесі және құқықтық жүйелер. Құқықты салаға бөлудің өлшемі немесе негіз, пәні, қоғамдық қатынастарды құқықпен реттеудің әдісі мен тәсілі. Құқық нормасы. Құқық институты. Құқық салалары. Салааралық құқық. Құқықтың кешенді салалары. Жария құқық және жекеменшік құқық. Материалдық құқық пен процессуалдық құқықтың, халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың байланысы. Халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдылығы. Қазақстан Республикасының құқық салаларының мінездемесі.

16-тақырып Қоғамның құқықтық сана-сезімі

Құқықтық сана – қоғамдық сананың нысаны. Құқықтық сананың басқа қоғамдық сана-сезімнің нысанымен арақатынасы. Құқықтық сана мен саяси сана-сезім, құқық санасы мен адамгершілік сана-сезім, құқық санасымен діни сана-сезім. Құқық пен құқық санасы, құқық және әділеттілік.

Құқықтың сананың құрылымы. Құқықтық идеология және құқықтық психология. Құқықтық сананың түрлері. Қоғамдық құқықтық сана, топтық құқық санасы мен жеке адам құқық санасы. Кәсіпқойлық құқық санасы. Жеке адамның құқығын қалыптастыру. Құқық санасы және заңдық мәні бар (тәртіп) құқық шеңберіндегі іс-қимылдың психологиясы. Теориялық құқықтық сана, күнделікті құқықтық сана. Қоғамның құқықтық мәдениеті және құқықтық сана. Азаматтардың құқықтық санасының өзгеруі. Құқықтық инфантилизм, жеке адамның құқықтық санасындағы нигилизм. Құқықтық нигилизмнің қоғамда орын алуының себептері. Құқықтық нигилизмнің нысандары және оның алдын алудың жолдары.

Азаматтардың құқықтық тәрбиеленудің түсінігі, мазмұны және мақсаттары, оның бағыттары мен жолдары. Келісімпаздық және нонкорформизм. Заңға бағыныштылық. Құқыққа деген құрмет және оны қазіргі жағдайда қалыптастыру процестері.

17-тақырып Құқықтық мәдениет

Құқықтық мәдениет: элементтері, қызмет ету нысаны және аясы. Құқықтық мәдениеттің саяси мәдениетпен арақатынасы. Құқықтық мәдениеттің жалпы сипаттамасы. Құқықтық мәдениеттің мазмұны, қызметтері. Қоғамның құқықтық мәдениеті. Заңгердің құқықтық мәдениеті. Қоғамның құқықтық мәдениетін жетілдірудегі заңгерлердің, кәсіпқойлық ұжымдардың рөлі.

Құқықтық мәдениеттің қызметі: танымдылық, бағынушылық және реттеушілік. Құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы құқықтық мәдениеттің маңызы. Құқық, өркениет пен мәдениет.

18-тақырып Құқықтық қатынастар

Құқықтық қатынастар түсінігі, оның белгілері мен түрлері. Құқықтық қатынастар – қоғамдық қатынастардың бір нысаны. Құқықтық қатынастар құқықты жүзеге асырудың негізгі нысаны. Құқықтық саналық және құқықтық қатынастар. Құқықтық қатынастар, оның түрлері. Құқықтық қатынастардың жіктелуінің критерилері. Реттеушілік және қорғаушылық құқық қатынастары. Құқықтық қатынастарды құқық салаларына қарай жіктеу.

Құқықтық қатынастардың құрылымы. Құқық қатынастарының субъектілері. Құқық қабілеттілігі. Әрекет қабілеттілігі. Реликт қабілеттілігі. Құқықтың субъектілігі. Құқықтық мәртебе. Құзырет. Құқықтық субъектінің сипаттамасы. Азаматтық. Лаузымды тұлға. Мемлекеттік орган. Қоғамдық ұйым. Мемлекет коммерциялық және коммерция емес ұйымдар. Жеке және заңды тұлғалар. Құқықтық қатынастың объектілері, оның түрлері. Адамның мінез-құлқы құқықтық қатынастардың бірден-бір объектісі. Материалдық дүние заттары, рухани шығармашылық өнімдері, жеке мүліктік емес игіліктер-құқық қатынастарының объектілері. Субъективтік құқықтың түсінігі, оның түрлері. Заңды міндеттердің түсінігі, оның түрлері.

Құқық қатынастарының пайда болуы, өзгеруі және тоқтатуының заңды себептері. Заңды себептердің жіктелуі. Оқиғалар және іс-әрекеттер, заңды және заңсыз іс-әрекеттер.

Қылмыс және жағымсыз әрекеттер. Нақты заңдық құрам, заңды хал-ахуал. Құқықты құраушы, өзгертуші, тоқтатушы заңды факторлар.

19-тақырып Құқықты іске асыру

Құқықты іске асырудың түсінігі, оның нысаны мен әдістері. Құқықты жүзеге асырудың тікелей нысаны. Құқықты сақтау, орындау және пайдалану. Құқықты қолдану – құқықты іске асырудың күрделі нысаны. Құқықты қолданудың қажеттігінен туындайтын жағдайлар. Құқықты қолданудың белгілері мен ерекшеліктері. Құқықты қолдану процесіне қойылатын талаптар: істің шындық жағдайын, заңды негізін анықтау, оған қолданылатын құқықтың нормаларын таңдау және талдау, заңды іске баға беру. Шешім шығару және оны рәсімдеу. Шешімді мүдделі тұлғаларға жеткізу. Құқықты қолданудың тиімділігі.

Құқықты қолданудың субъектілері. Мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, мемлекеттің құқық қорғау органдары. Құқықты қолдану актілерінің түсінігі мен түрлері. Құқықты қолдану актілерін орындау, бақылау.

20-тақырып Нормативті актілерді талқылау

Нормативтік-құқықтық актілерді талқылау, оның түрлері. Ресми және ресми емес талқылау. Нормативтік және қазуалдық түсінік беру.

Құқықты талқылау субъектілері: Конституциялық кеңес, Жоғарғы Соттың Пленумы, нормативтік актілерді шығаратын мемлекеттік органдар, заңгерлер. Ғылыми қызметкерлер, тәжірибелі мамандар. Құқықты талқылаудың тәсілдері: философиялық тарихи, логикалық, жүйелілік, саяси-тарихи, т.б. Құқықты сөзбе-сөз талқылау. Құқықты шектеулі түрде және кеңейтілген талқылау.

Құқықтағы кемістіктер түсінігі, оны жоюдың әдіс-тәсілдері. Құқық шығармашылық қызметінің құқықтағы кемшіліктерді жақсартудағы маңызы. Құқықтағы ұқсастық (анология) институты. Заңды ұқсастық және құқықтық ұқсастық. Ұқсастықты қолданудың шарты мен негізі.

21-тақырып Құқықтық реттеу механизмі

Құқықтық реттеу және құқықтық әркет жасау. Құқықтық реттеу механизмнің түсінігі. Құқықтық реттеу механизмнің негізі элементтері және кезеңдері. Құқықтық реттеу механизміндегі құқық нормаларының рөлі. Құқықтық реттеу механизмінің маңыздылығы.

22-тақырып Құқықтық іс-әрекет

Құқықтық іс-әрекет. Заңды іс-әрекет. Жеке тұлғаның құқықтық іс-әрекеті және құқықтық фактор. Индивидтің құқықтық өміріндегі ерік және сананың пайда болу нысандары. Құқықтық іс-әрекеттің құрамы: объективтік және субъективтік жақтары. Құқықтық іс-әрекеттің ниеті және түрлері.

23-тақырып Құқықбұзушылық және заңды жауапкершілік

Құқықбұзушылықтың түсінігі. Құқықбұзушылықтың заңдық құрамы. Құқық бұзудың субъектілері мен объектілері. Құқықбұзушылықтың объективтік және субъективтік жақтары. Кінәнің нысаны. Құқықбұзушылықтағы себепті байланыс және зиян. Құқықбұзушылықтың түрлері және негізгі белгілері. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік табиғаты және себептері.

Заңды жауапкершіліктің түсінігі, түрлері және негізгі белгілері. Құқық бұзушылық – заңды жауапкершіліктің негізі. Заңды жауапкершіліктің моральдық және саяси маңызы. Құқықтық жауапкершілік және құқықтық санкциялар. Заңды жауапкершіліктен босатудың негізі. Кінәсіздік презумпциясы, оның мазмұны.

24-тақырып Заңдылық, құқықтық тәртіп

Заңдылықтың түсінігі. Заңдылықты қамтамасыз етудегі Конститутцияның орны мен рөлі. Конститутциялық заңдылық пен құқық тәртібінің негізі. Қазіргі замандағы мемлекеттердегі заңдылықтың өзгеруі, себептері, оны жақсарту жолдары. Тоталитарлық мемлекеттердегі заңдылықтың бұзылу нысандары.

Құқық тәртібінің түсінігі. Құқық және қоғамдық тәртіп. Заңдылық мен құқық тәртібін қамтамасыз етудің кепілі мен негіздері. Тәртіптің түрлері. Орындаушылық тәртіп, оның мемлекеттік аппарат жұмысындағы мәні. Технологиялық тәртіп. Кәсіпкерлік қызметтегі тәртіп, т.б.

25-тақырып Құқық және тұлға

Әр түрлі қоғамдағы, әр формациядағы жеке тұлғаның жағдайы. Азаматтық. Азамат және мемлекет. Жеке тұлға және мемлекет. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі. Азаматтың құқығы мен бостандығының түсінігі мен түрлері. Адам құқығын жіктеу. Қазақстан Республикасының Конститутциясы бойынша азаматтың құқығы мен бостандығын жіктеу. Жеке тұлғаның жауапкершілігі. Қоғам мен мемлекет алдындағы жеке тұлғаның заңдық міндеттері мен жауапкершілігі. Азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершілігі. Жеке тұлғаның құқығы мен бостандығының бұзылуы. Адам құқығын халықаралық қорғау. Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы, оның маңызы.

Сұрақтар мен жауаптар

1 Мемлекет және құқық теориясы пәнінің түсінігі

Әр ғылымның өзінің зерттейтін пәні бар. Пән дегеніміз өзі зерттейтін объективтік ақиқатты зерттеудің бір жағы. Мемлекет және құқық теориясының пәні дегеніміз мемлекет пен құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет етуінің жалпы заңдылықтары, сондай-ақ заң ғылымдарының негізгі түсініктердің, ұғымдардың жүйесін айтамыз.

Жоғарыда көрсетілген анықтамаға сәйкес, мемлекет және құқық теориясының пәні екі бөліктен тұрады:

Біріншіден, мемлекет және құқықтың пайда болуының, дамуының, қызмет етуінің жалпы заңдылықтары. Аталған бірінші топқа мыналар жатады:

- мемлекет және құқықтың пайда болуы;

- мемлекет және құқықтың типтері;

- мемлекет және құқықтың дамуы;

- мемлекет және құқық нысанының эволюциясы;

- мемлекеттік органдар жүйесі мен құқықтық жүйесінің қалыптасуы;

- мемлекет және құқықтың функциясын жүзеге асыру;

- мемлекет және құқықтың қоғамдық қатынастарға әсер ету шегі;

- адам құқығының дамуы;

- демократия, заңдылық, құқықтытық тәртіп қағидаттарының нығаюы;

- азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің дамуы;

- құқықтың нормаларды сақтау, орындау, қолдану;

- бұл заң ғылымының дамуы.

Екіншіден, барлық заң ғылымын қамтитын заңи түсініктердің, ұғымдардың жүйесі. Мысалы, мемлекет, мемлекеттік органдар, құқық, құқық бұзушылық, заңи жауаптылық.

Мемлекет және құқық теориясы пәнінің ерекшелігі:

а) ол негізгі ұғымдар жүйесін өзі үшін ғана емес, сондай-ақ барлық заң ғылымдарының салалары үшін қалыптастыруымен айналысады;

ә) мемлекет және құқық теориясы нақты бір мемлекет және құқықтың дамуы, қызмет етуін зерттеп қана қоймай, сонымен қатар мемлекет пен құқықты жалпы түрде, яғни, кез келген қоғамға тән мемлекет пен құқықтың жалпы белгілерін қарастырады. Мемлекет және құқық теориясы уақыт және кеңістікке қарамай жалпы түрде барлық мемлекет пен құқық жүйелерін зерттейді. Сондықтан да, онда мемлекет пен құқықтық туралы ғылыми ойлардың жетістіктері шоғырланған;

б) мемлекет және құқық теориясы мемлекет пен құқықтың бір-бірін толықтыратын, бір-бірімен тығыз байланысты әлеуметтік институт ретінде қарастырады.

2 Мемлекет және құқық теориясының әдісінамасы

Жалпы ғылым дегеніміз, екі бағытты біріктіреді – теория мен әдіс. Теория – бұл ғылым нені зерттейді?- деген сұраққа жауап береді Әдіс – бұл ғылым қандай тәсілмен, амалмен зерттеуді жүргізеді? – деген сұраққа жауап береді Әдіс дегеніміз жаңа білімді алуға, пәнге жетуге мүмкіндік беретін тәсілдер мен амалдардың, қағидаттар мен ережелердің жиынтығын айтамыз. Әдіс – бұл зерттеп жатқан құбылысқа жетудің жолы, ақиқатқа жетудің ғылыми-танымдық тәсілі. Ғылым әдісі – бұл пәнді түсінуге мүмкіндік беретін тәсілдер мен бағыттардың жиынтығы.

Сонымен, мемлекет және құқық теориясының әдісі дегеніміз мемлекет пен құқықтық құбылыстарды зерттеуде қолданатын тәсілдер мен амалдардың жиынтығын айтамыз. Мемлекет және құқық теориясы өз пәнін зерттеу үшін көптеген әдістерді қолданады.

Мемлекет және құқық теориясының әдісі төмендегідей топтастырылады:

1) Жалпылама әдістер дегеніміз ойлаудың әмбебапты қағидаттарын көрсететін философиялық, дүние танымдық бағыттарын айтамыз. Жалпылама әдістер мемлекет пен құқықты философия тұрғысынан қарастырады. Оларға мыналар жатады:

а) метофизика (мемелекет пен құқықты мәңгілік өзгермейтін институттар ретінде қарастырады);

ә) диалектика.

Диалектика өз алдына идеалистік және материалистік деп екіге бөлінеді.

Идеалистік диалектика өз алдына екіге бөлінеді: субъективті және объективті. Егер де объективті идеализм мемелекет пен құқықтың пайда болуын құдай күшімен, объективті санамен байланыстырса, онда субъективті идеализм адамның санасымен, келісіммен байланыстырады.

Материалистік диалектика – бұл қоғамдағы әлеуметтік–экономикалық өзгерістермен, нақты айтқанда, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады. Материалистік диалектика тұрғысынан барлық мемлекет пен құқықтық құбылыстарды нақты тарихи даму жағдайында басқа да құбылыстармен тығыз байланыста болады.

2) Жалпы ғылыми әдіс дегеніміз жалпы әдістер сияқты бүкіл ғылыми танымды толығымен қамтымайды, ғылыми танымның жекелеген кезеңдерін қамтитын әдісті айтамыз. Оларға мыналар жатады:

а) анализ – бұл күрделі мемлекет пен құқықтық құбылыстарды шартты түрде жеке бөліктерге бөлу арқылы зерттеуді білдіреді;

ә) синтез – бұл құбылыстардың бөліктерін шартты түрде біріктіре отырып, зерттеуді білдіреді;

б) жүйелілік тәсіл – бұл мемлекет пен құқықтық құбылыстарды жүйеге, салаға топтастырып зерттеуді білдіреді (мысалы, бұл тәсіл жүйелі құрылым ретінде мемлекеттік аппаратты, саяси құқықтық жүйені және құқықтық норманы зерттеуге мүмкіндік береді);

в) функционалдық тәсіл – бұл белгілі бір әлеуметтік құбылыстың басқа құбылыстарға әсер ету нысанын анықтауға бағытталғанын білдіреді (мысалы, бұл әдіс құқықтық функционалдық заңды жауапкершілікті, құқықтық шектеулерді зерттеуге мүмкіндік береді);

г) әлеуметтік – эксперимент тәсілі – бұл құқықтық реттеудің бұрыс нұсқасынан алдын алу мақсатында қандай да бір шешімнің жобасын тексерумен байланысты (мысалы, Қазақстанның кейбір аумағында әкімдерді сайлау институтын енгізу арқылы, оның тиімділігін зерттеу).

3) Жеке ғылыми әдістер деп мемлекет және құқық теориясының нақты техникалық, гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдарының ғылыми жетістіктерін меңгерудің нәтижесінде пайда болған тәсілдерді айтамыз. Оларға мыналар жатады:

а) нақты-әлеуметтік тәсіл – бұл сауалнама, сұхбат, бақылау және басқа да тәсілдер арқылы мемлекет пен құқық саласында субъектілердің мінез-құлық туралы нақты мәліметтерді алуға мүмкіндік береді (мысалы, олар қоғамдық қатынастарға мемлекеттің әсерін, заңдар арасындағы қарама-қайшылықтарды анықтауда қолданады);

ә) статистикалық тәсіл – бұл бірнеше рет қайталанатын мемлекет пен құқықтық құбылыстардың, олардың ішінде құқықбұзушылықтың, заңи тәжірибенің сандық көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді (ол үш кезеңнен тұрады: статистикалық мәліметтерді жинау, оларды белгілі бір негіздер бойынша топтастыру, оларды өңдеу);

б) кибернетикалық тәсіл – бұл кибернетиканың заңдар мен техникалық құралдар арқылы мемлекет пен құқықтық құбылыстарды зерттеуді білдіреді;

в) математикалық тәсіл бұл сандық көрсеткіштерге негізделген тәсілдер жиынтығы.

4) Жеке құқықтық әдістер – дегеніміз тек мемлект және құқық теориясына ғана тән әдістерді айтамыз. Ол екіге бөлінеді:

а) формальді–заңи тәсіл - бұл заң ұғымдарын анықтауға, олардың белгілерін көрсетуге, топтастыруға, құқықтық ережелердің мазмұнын түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл тәсілге заңи техника мен құқық нормаларды талқылау тәсілдері кіреді.

ә) салыстырмалы құқықтық тәсіл - бұл әртүрлі құқықтық құбылыстарды салыстыру арқылы олардың жеке және жалпы белгілерін анықтайтын тәсіл.

3 Мемлекет және құқық теориясының функциясы

Мемлекет және құқық теориясының функциясы дегеніміз өзінің алдында тұрған міндеттер мен мақсаттарға жетуге қажетті қызметінің негізгі бағыттарын айтамыз. Оның түрлері:

- онтологиялық функция мемлекет және құқықтың мәнін түсінуге, мемлекет және құқық дегеніміз не? олар қалай пайда болды? -деген сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді;

- гносеологиялық функция мемлекет және құқықты ғылыми тұрғыда зерттеу үшін, ғылыми тұжырымдарды, доктриналарды, құқықтық ұғымдарды, әдістер мен тәсілдерді қалыптастырады;

- эвристикалық функция мемлекет және құқық құбылыстар дамуының негізгі заңдылықтарын ашуға мүмкіндік береді;

- болжау функциясы мемлекет және құқықтық құбылыстардың өзгеруі, даму тенденциясын анықтауға, болашаққа болжау жасауға мүмкіндік береді;

- әдістемелік функция заң ғылымы салаларының талаптарына сәйкес, жаңа әдістемелік тұжырымдар жасап, ғылымның жақсы дамуына жағдай жасайды;

- ұйымдық - қолданбалы функция мемлекет және құқықты құбылыстарды реформалауды, мемлекет және құқықты қалыптастырудағы елеулі мәселелерді шешуге ұсыныстар жасай отырып, мемлекеттік басқару мен құқықтық реттеуді ғылыммен қамтамасыз етед, басқа да заң ғылымдары сияқты, мемлекеттің қызметін жетілдіруге, заңнама мен оны қолдану тәжірибесін жақсартуға және дамытуға бағытталаған ұсыныстар жасауға қызмет етеді;

- идеологиялық функция мемлекет және құқық туралы идеялары мен көзқарастарды қалыптастырып, субъектілердің саналарына тікелей әсер етіп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік береді;

- тәрбиелік функция мемлекет және құқық теориясы құқықтық тәрбиелеу мәселелерін шешуге, адамдарда демократия, тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, заңдылық, тәртіп және т.б. күрделі мәселелерге қатысты шынайы ғылыми көзқарастардың қалыптасуына жәрдемдесуі қажет.

Жоғарыда көрсетілген функциялар бір-бірімен байланысты және оларды кешенді түрде алып қарастырғанда ғана нәтиже береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]