Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
b398.doc
Скачиваний:
714
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
778.75 Кб
Скачать

101 Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі және элементтері

Құқықтық реттеу механизмі – бұл құқық субъектілерінің мүдделерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою мақсаттарында кезекті түрде ұйымдастырылған заңи құралдардың жүйесі.

Құқықтық реттеу механизмінің мақсаты – субъектілердің мүдделерінің құндылықтарға кедергісіз бағыт алуын қамтамасыз ету (мазмұнды белгісі). Құқықтық реттеу механизмі – бұл табиғаты және функциялары бойынша әр түрлі заңды құралдардың жүйесі (формалды белгісі).

Құқықтық реттеу механизмінің келесі элементтерін бөліп қарастыруға болады:

1) құқық нормасы – мұнда мүдделерді қанағаттандыру үлгісі қалыптасады;

2) ұйымдастырушылық – атқарушы акт сияқты шешуші фактімен бірлескен заңды факт немесе фактілі құрам;

3) құқықтық қатынас – бұл жердегі нормативтік талаптар сәйкес субъектілерге қатысты нақтыланады;

4) құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру актілері – субъектілердің сақтау, атқару және пайдалану нысанындағы әрекеттері;

5) қорғаушы, құқыққолданушы акт – құқықбұзушылық жағдайында қолданылады.

102 Құқықтық реттеу механизмінің тиімділігі

Құқықтық реттеу механизмінің тиімділігібұл құқықтық реттеудің нәтижесі мен оның алдында тұрған мақсаттың арасындағы арақатынас.

Құқықтық реттеудің тиімділігін көтерудің төмендегідей жолдарын атап өтуге болады:

1) құқықшығармашылықты жетілдіру. Мұның нәтижесінде заңшығармашылық техниканың жоғары деңгейіне сәйкес құқық нормаларында қоғамдық мүдделер мен заңдылықтар мейлінше анық көрініс табады. Бұл кезде заңды және ақпараттық құралдардың көмегімен заңды сақтау оны бұзудан пайдалы болатындай жағдай жасау керек.

2) құқықты қолдануды жетілдіру нормативтік реттеудің нәтижелерін толықтырады. Құқықты қолдану әр бір заңды жағдайдың нақты жағдайларын, өзіндік ерекшеліктерін ескереді. Құқықшығармашылық пен құқыққолдануды дұрыс үйлестіру құқықтық реттеуге икемділік пен кешенділік береді.

3) құқық субъектілерінің құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру де құқықтық реттеудің сапасына, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту процесіне әсерін тигізеді.

103 Құқыққа сәйкес іс-әрекеттің түсінігі және белгілері

Құқыққа сәйкес іс-әрекет – бұл субъектілердің құқық нормаларына және әлеуметтік маңызды мақсаттарға сай келетін іс-әрекеті.

Құқыққа сәйкес іс-әрекет қоғамның мүддесін көздейтін қажеттілік болып табылады. Ол құқықтық нормалар арқылы ынталандырылады, әрі мемлекет тағайындаған ережесі адамның саналылық қатынастарының нәтижесі болып табылады. Кей уақытта адамның құқыққа сәйкес іс-әрекет құқықтық нормалар талабын бұзғандығы үшін жазадан қорқу негізінде жүзеге асырылады.

Демек, кез келген адамның іс-әрекеті заңдық мәнді бола бермейді, ол үшін оның белгілі бір құқықтық белгілеріне не болуы керек екен. Құқыққа сәйкес іс-әрекет келесі белгілермен сипатталады:

- іс-әрекеттің әлеуметтік мәніділігі (яғни, экономикалық, саяси және басқа да қатынастарды дамытудағы пайда болған іс-әрекет);

- адамның санасына және еркіне еріктілігіне бағыныштылығы (яғни, егер іс-әрекет адамның сана сезімімен және еркімен реттелмейтін болса, онда ол іс-әрекеттің мүмкіндігінен тыс жатады);

- құқықтық салаға кіруі (яғни, іс-әрекеттің мінездемелілік сипаты нақтылы әрі құқықтық қайнар көздерінде, соның ішінде нормативтік құқықтық актілерде дәлме – дәл тұжырымдалуы тиіс);

- мемлекеттің юрисдикциясында болуы және оның органдарының жағынан бағынатындығы (яғни, мемлекеттік кепілдігімен және мемлекеттің шынайы мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі);

- заңды зардаптарды болдыру қабілеттігі (яғни, белгілі бір жағдайларда адамның іс-әрекеті құқықпен реттелінетін қатынастардың тууына ыпал ете алатындығы).

Осы жоғарыда аталған белгілерге сәйкес келетін адамның іс-әрекеті құқықтық болып табылады, ал қалғандары құқыққа сәйкес еместігін білдіреді.

104 Құқыққа сәйкес іс-әрекеттің түрлері

Құқыққа сәйкес іс-әрекет мына негіздер бойынша түрлерге бөлінеді:

1) әлеуметтік маңыздылығы дәрежесіне қарай: қажетті (мысалы, әскери борышты өтеу); қалаулы (мысалы, ғылыми және көркем шығармашылық); рұқсат етілген (мысалы, діни рәсімдерді орындау).

2) себептеріне, яғни, субъективтік жағына, байланысты: әлеуметтік белсенді; конформисттік; әдетті; маргиналды.

Әлеуметтік белсенді іс-әрекет – бұл құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің, жауапкершілік пен еріктіліктің жоғары деңгейімен сипатталатын іс-әрекеттің жоғарғы нысаны. Бұл жерде субъект жазадан қорықанынан немесе марапаттауды күткенінен емес, құқықтық іс-әрекеттің қажеттігіне сенуінің негізінде әрекет етеді.

Әлеуметтік белсенді іс-әрекет мынадай элементтерден құралады:

а) қызметтің мемлекеттік ұйымдастырылған түрлеріндегі, құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру салаларындағы белсенділік;

ә) ерікті ұйымдардың қызметіндегі белсенділік;

б) қоғамдық және қоғамдық-мемлекеттік құрылымдарды құрудағы және олардың қызметіндегі белсенділік;

в) тұлғаның құқық саласындағы дербес белсенділігі.

Конформисттік іс-әрекет – бұл құқықтық ережелерге оларды терең әрі жан-жақты түсінбестен, жоғары құқықтық белсенділіксіз бағынумен сипатталатын әрекет. Басқаша айтқанда, адам басқалардың да осылай жүріп-тұрғанын көргендіктен құқықтық іс-әрекетті таңдайды.

Әдетті іс-әрекет – бұл құқық нормаларының орындалуы әдетке айналып кеткен жағдайда көрініс табатын іс-әрекет. Әдет әрекеттердің бірнеше рет таныс жағдайда қайталануының нәтижесінде қалыптасады.

Маргиналды іс-әрекет – бұл мемлекеттің мәжбүрлеуінің, жазадан қорқудың нәтижесінде жүзеге асырылатын құқықтық іс-әрекет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]