Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
b398.doc
Скачиваний:
714
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
778.75 Кб
Скачать

26 Мемлекет функцияларының түрлері

Мемлекет функцияларын түрлерге бөлуді әртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады:

а) әрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Тұрақты функциялар мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылса, уақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз әрекетін жояды.

ә) маңыздылығына қарай негізгі және қосымша функциялар деп бөлінеді;

б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына байланысты ішкі және сыртқы функциялар деп бөлінеді.

Мемлекеттің ішкі функциялары – бұл оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары.

Ішкі функцияларға мыналар жатады:

- адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау;

- құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету функциясы;

- экономикалық функция;

- салық салу функциясы;

- әлеуметтік қорғау функциясы;

- экологиялық функция;

-мәдени функция.

- ғылыми-техникалық прогресті дамыту функциясы.

Мемлекеттің сыртқы функциялары – бұл оның алдында тұрған сыртқы міндеттерді шешуге байланысты қызметінің негізгі бағыттары. Сыртқы функцияларға мыналар жатады:

- екі жақты пайдалы қарым-қатынас қалыптастыру;

- мемлекет аралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту;

- мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру;

- мемлекетті қорғау функциясы;

- бейбіт тәртіпті сақтау функциясы;

- басқа мемлекеттермен одақтасу функциясы және т.б.

27 Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары

Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары – бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады: құқықтық және ұйымдастырушылық нысандар. Құқықтық нысандарға мыналар жатады:

а) құқықшығармашылықбұл нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға қатысты қызмет;

ә) құқыққолданушыбұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты  қызмет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы әртүрлі мәселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс;

б) құқыққорғаушыбұл адам мен азматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға және т.б. байланысты қызмет.

Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады:

а) ұйымдастырушылық-реттеушібұл белгілі бір құрылымдардың құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т.б. байланысты мемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;

ә) ұйымдастырушылық-шаруашылықбұл бухгалтерлік есеппен, статистикамен, қамтамасыз етумен т.б. байланысты жедел-техникалық және шаруашылық жұмыс;

б) ұйымдастырушылық-идеологиялықбұл жаңадан қабылданған нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен және т.б. байланысты мемлекеттің әртүрлі функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тәрбие жұмысы.

28 Мемлекет механизмінің түсінігі

Мемлекеттік механизмі өркениетті қоғамның әртүрлі даму кезенінде бірінғай құрылымы және қызметі болған жоқ. Ол дамып жетіліп, отырды. Әдетте заң әдебиеттерінде “мемлекет механизмі” және “мемлекеттік аппарат” түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Кей авторлардың айтуы бойынша бұл екі ұғым бір біріне ұқсас, ал кей авторлардыҢ айтуынша “мемлекет механизмі” ұғымы “мемлекеттік аппарат” ұғымына қарағанда кең болып келеді. Мемлекет механизмі – бұл бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдар мен мекемелердің жүйесі. Мемлекеттік аппаратбұл басқару қызметін тікелей жүзеге асыратын және бұл үшін үстем өкілеттігі бар мемлекеттік органдардың жүйесі.

Мелекет механизмі белгілері:

- мемлекет механизмі басқарумен арнайы айналысатын адамдардан тұрады;

- тікелей үстем функцияларын жүзеге асыруда тығыз байланыста болатын күрделі органдар мен мекемелердің жүйесі;

- мемлекеттік аппараттың барлық буындарының қызметі – ұйымдастырушылық және қаржылық құралдармен, тиісті жағдайларда күштер әсер ету құралдарымен қамтамасыз етіледі;

- мемлекет механизімінің негізгі элементі мемлекеттік органдар болып табылады;

- мемлекет механизмі өз азаматтарының құқықтары мен мүдделеріне кепіл беруге және қорғауға міндетті.

Адамзат қоғамының дамуының әртүрлі саласында мемлекет механизмінің өзінің ерекшеліктері, өзіне тән құрылымы болды. Бұл экономикалық, әлеуметтік себептермен, мемлекет тұрғындарының ұлттық құрамымен, аумақ көлемі және басқа да факторлармен түсіндіріледі.

Мемлекет механизмі мемлекеттік биліктің жүзеге асуының негізгі субъектісі болып табылады. Мемлекет өзінің аппараты және органдары арқылы өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асырады, қоғамдық өмірдің тұрақталуы мен дамуына әсер етеді, елдегі демократияның тереңдеуіне септігін тигізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]