Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
b398.doc
Скачиваний:
714
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
778.75 Кб
Скачать

29 Мемлекет механизмінің құрылымы

Қазіргі кездегі мемлекет механизмі өзінің күрделілігімен, оны құрайтын құрылымдар мен бөліктердің әралуандылығымен ерекшеленеді. Мемлекет механизмінің құрылымы деп оның ішкі құрылымын, оның элементтері мен буындарының орналасу тәртібін, олардың сәйкес келуі мен арақатынасын білдіруін айтамыз. Бұл құрылымға мыналар кіреді:

1) мемлекеттік органдарбұл өздерінің тікелей үстем функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыста және өзара бағыныстылықта болатын мемлекеттік механизімінің бір элементі. Бұл органдардың ерекшелігі, олар мемлекеттік үстем өкілеттікке ие, атап айтқанда мемлекеттің күшімен байланысты құралдар, ресурстар мен мүмкіншіліктердіиеленеді, сондай-ақ жалпыға міндетті басқарушылық шешімдерді қабылдайды (мысалы, парламент, президент, үкімет, министрлік, мемлекеттік комитеттер және т.б.);

2) мемлекетткі ұйымдарбұл мемлекеттік қорғаушылық қызметін жүзеге асыратын мемлекет механизмінің бір элементі (қарулы күштер, полиция, қаржы полициясы, ұлттық қауіпсіздік комитеті және т.б.);

3) мемлекеттік мекемелер - бұл үстем өкілеттіктері жоқ, бірақ, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым, әлеуметтік салаларда мемлекеттің функцияларын атқару бойынша тікелей қызметті жүзеге асыратын мемлекет механизмінің бір элементі (кітапханалар, емханалар, ауруханалар, мектептер, ғылыми зерттеу институттары, жоғары оқу орындар және т.б.);

4) мемлекеттік кәсіпорындар - бұл үстем өкілеттіктері жоқ, бірақ, шаруашылық экономикалық қызметті жүзеге асыратын, өнім өндіретін не өндірісті қамтамасыз ететін, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әртүрлі жұмыстарды орындайтын және әралуан қызметі көрсететін мемлекет механизмінің бір элементі (фабрика, зауод және т.б.);

5) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;

6) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық және қаржылық, сондай-ақ мәжбүрлеу құралдары.

Мемлекет механизмі және оның құрылымдары уақыт өте өзгеріп отырады. Оларға ішкі (мәдени-тарихи, ұлттық-психологиялық, діни-өнегелілік ерекшеліктер, экономиканың даму деңгейі, елдің аумағының көлемі және т.б.) және сыртқы (халықаралық жағдай, басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау және т.б.) факторлар әсер етеді.

30 Мемлекеттік органының түсінігі және оның түрлері

Мемлекет механизмі ерекше құрылымы бар, әртүрлі бөліктерден тұрады. Механизмнің негізгі элементі мемлекеттік органдар.

Мемлекеттік органдарбұл мемлекеттің белгілі бір функцияларын жүзеге асыратын, үстем құзреттері бар, заңмен белгіленге құрылымы бар, мемлекет механизмінің басқа бөліктерімен органикалық байланысы бар мемлекет механизмінің бір буыны.

Мемлекеттік органдардың белгілері:

- барлық органдар заңнамалық тәртіппен құрылуы, яғни органдар қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру қатан құқық негізінде болады;

- орган мемлекет механизмінің дербес элементі;

- тиісті әдістерді қолдана отырып, өзіне жүктелген тапсырмалар мен функцияларды орындау;

- барлық органдар тығыз өзара әрекеттесіп тұтас әлеуметтік организмді қалыптастырады да, қоғамның дұрыс дамуын қамтамасыз етеді;

- үстем құзреттерге ие, кей кезде күштеу шараларын қолдануы мүмкін;

- үстем өкілеттіктердің қажетті көлемі, олардың негізінде лауазымдық тұлғалар мен алқалық органдар заңды міндетті әрекеттерді жүзеге асырады;

- тиісті құрылымы, материалдық базасы, қаржылық құралдарының болуы.

Мемлекеттік органдардың түрлері:

а) мемлекеттік билікті іске асыру нысанына байланысты мемлекеттік органдар: өкілдік, атқарушы, сот, прокурор және басқа да бақылау-қадағалау органдары;

б) биліктің бөліну қағидасы бойынша: заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдары;

в) саты бойынша: федералды, республикалық және жергілікті органдар;

г) өкілеттіктерінің мерзіміне байланысты: тұрақты (қызмет ету мерзімі шектеусіз түрде құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету ұшін құрылады);

д) құзреттерін жүзеге асыру тәртібі бойынша: алқалы және дара;

ж) қызметінің құқықтық нысандары бойынша: құқықшығармашылық, құқыққолданушылық және құқыққорғау органдары;

з) құзреттің сипаты бойынша: жалпы (мысалы, Үкімет) және арнайы құзретті органдар (мысалы, министрлік).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]