Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
b398.doc
Скачиваний:
714
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
778.75 Кб
Скачать

62 Құқық нормасының түсінігі және белгілері

Құқық көптеген адамдар мен жағдайларға таралатын, ұзақ уақыт бойы әрекет ететін құқықтық нормалардың, мінез – құлық ережелерінің күрделі әрі, әр алуан жүйесі.

Құқық нормасы құқықтың бастапқы элементі. Сондықтан да, құқыққа тән анықтама, белгілер құқықтық нормаға да тән.

Сонымен, құқық нормасы – бұл жалпыға міндетті, формальді анықталған мемлекет бекіткен не санкциялаған және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мінез – құлық ережелері.

Құқықтық норма әлеуметтік нормалардан бір түрі, бірақ өзіне ғана тән белгілер бар:

1) жалпыға міндетті сипатты – бұл құқық нормасының көптеген нақты өмірлік жағдайларға және көптеген адамдарға жаралады, құқықтық норма тек жеке тұлғаларға емес, сонымен қатар, ұйымдарға да міндетті;

2) формальді анықтылығы – ресми құжаттарда жазбаша нысанда тиісті атаулы болады;

3) мемлекетпен байланысы – мемлекеттік органдармен не қоғамдық ұйымдармен белгіленеді, және мемлекеттік күштеу, ынталандыру, жазалау шараларымен қамтамассыз етіледі;

4) ұсынушылық-міндеттемелік сипат – ол бір субъектілерге құқықтар берсе, келесі субъектілерге міндеттемелер жүктейді, себебі, құқықты міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыру мүмкін емес;

5) микрожүйелігі – бір бірімен байланысты гипотеза, диспозиция және санкция сияқты элементтерден тұруын білдіреді.

63 Құқық нормасының құрылымы

Құқықтық норманың құрылымы – бұл оның ішкі құрылысы, бір – бірімен байланысты құрылымдық бөліктердің болуын білдіреді.

Құқықтық норманың құрылымы – бұл оның функционалдық дербестігін қамтамасыз ететін қажетті элементтердің тәртіпке келтірілген тұтастығын білдіреді.

Құқықтықтық норманың құрылымы:

- гипотезадан;

- диспозициядан;

- санкциядан тұрады.

Гипотеза – бұл оның қолданылу жағдайын (уақыт, орын субъективті құрам) көрсететін құқық нормасының элементі.

Құқықтық норманың гипотезасы келесі негіздер бойынша топтастырылады:

1) мазмұнының сипаты бойынша: жалпы және нақты;

2) анықтылық деңгейі бойынша абсолютті анықталған (құқықтық норманың әрекеті негізделген фактіге көрсетеді; мысалы, ескеру мерзімі), абсолютті анықталмаған (оның қолданылуы керек ешқандай фактіні көрсетпейді де, тек мемлекеттік органға қажетті жағдайларда құқықтық норманы қолдануды ұсынады), салыстырмалы (құқықтық норманың шектеулі қолданылу жағдайын көрсетеді; мәселен, норманы жабық әскери қалада қолданылуы);

3) гипотеза күрделілік дәрежесіне байланысты біртекті (егер онда бір мән – жай көзделсе) және құрамдас (екі не одан да көп мән–жайлармен байланыстырылса).

Диспозиция – бұл гипотезада көрсетілген заңи фактінің туындағанда субъектілердің мінез – құлқын білдіретін құқықтық норманың бір элементі. Диспозиция норманың негізгі реттеуші бөлімі (мысалы, азаматтық құқықта диспозиция тараптардың құқықтары мен міндеттерін білдірсе, қылмыстық құқықта тыйым салған әрекеттерді жасауды көрсетеді).

Диспозицияның түрлері:

а) бейнелеу әдісі бойынша – жай (белгілерін суреттемей әрекетті жасауды білдіреді; мысалы, өлтіру), бейнелеген (бандитизм белгілерінен тұрады), сілтемелік (сол нормативті актінің басқа нормасына сілтеме жасаудан тұрады), бланкетті (басқа нормативтік актіге не заңсыз әрекетке сілтеме жасайды);

б) өзінің заңи бағыты бойынша - ұсыныпміндеттеуші (екі жақты мінез – құлық ережелерінен тұрады, жалға беруші және алушы), міндеттеуші (міндетті тұлғаның әрекеті көрсетеді неше шарты бойынша барышқор), құқық беретін (мүмкін болатын мінез – құлықтың түрін көрсетеді, мысалы, сайлаушы), ұсыныс беруші (қандай да бір әрекеттерді жасауды ұсынады, мысалы, адамның өміріне қауіпті жерге бармау), тыйым салушы (заңды жауаптылық көзделетін әрекеттің түрін көрсетеді).

Санкция – бұл диспозицияны іске асырғаны не асырмағаны үшін субъектіге белгілі бір салдарды көрсететін құқық-тық норманың бір бөлігі.

Олар жағымсыз – жазалау шаралары және жағымды – ынталандыру шаралары деп бөлінеді.

Санкция келесі түрлері бар:

- салыстырмалы – анықталған санкция, жазаның нақты түрi мен мөлшерiн көрсететiн немесе жазаның бiр шегiн белгiлейтiн санкцияның түрi. Санкцияның бұл түрi екi нысанда кездеседi. Бiрiншiсiнде, жазаның төменгi және жоғарғы егi көрсетiледi.

- баламалы санкция екi немесе одан да көп жазаның түрiн көрсететiн санкция.

Құқықтық норманың құрылымы туралы сұрақ – пікір таласты. Кей авторлар норма екі бөліктен – гипотеза және диспозиция, не диспозиция және санкциядан тұрады деп айтса, кей авторлар үш элементтен тұрады деп айтады.

64 Құқық нормасын топтастыру

Құқықтық нормаларды топтастыру құқықтық реттеу жүйесінде құқықтық нормалардың орны мен рөлін, оның табиғаты мен мақсатын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Құқықтық нормалардың түрлері:

1) құқықтық реттеу пәніне байланысты құқықтық нормалар келесідей бөлінеді:

- азаматтық құқықтық нормалар;

- әкімшілік құқықтық нормалар;

-жер құқықтық нормалар және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]