Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

13. Демократия : түсінігі және оның нысандары.

Демократия( гр. demokratia – халық билігі, demos- халық және kratos- билік) – халық билігі, азаматтар бостандығы мен теңдігі қағидаларын мойындауға негізделген саяси құрлымы нысаны.

Демократия азшылықтың көпшілікке бағыну қағидасын тануды болжайды, сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік, ұлттық тегіне және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жеке азаматтардың және азшылдардың мүдделерін білдіру және есепке алу мүмкіндігін тудырады, оларға Қазақстан республикасы Конституциясына сәйкес сөз еркіндігі, ар-ождан бостандығы, қай ұлтқа, қай дінге жататынын өзі анықтау, бірлесу, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұру, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу, осыған қоса ереуіл жасау, сонымен мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы, мемлекет істерін басқаруға қатысу және т.б. құқықтары берілген.

Демократиялық мемлекеттің өзіне тән ерекшеліктеріне, мемлекеттік биліктің негізгі органдарының сайланбалығы, адам және азаматың құқығы мен бостандығының шынайы қамтамасыз етілуі жатады.

Демократия(халық билігі) – екі нысанда жүзеге асырылады: тікелей және өкілетті.

Тікілей демократия саяси делдалдарсыз билікті халықтың өзімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осыдан ол тікелей деп аталады, яғни өмірге келесі тікелей халық билігі институттар арқылы енгізіледі: жалпы сайлау құқығы негізнде сайлаулар, референдум, азаматтардың жыйындары мен жиналыстары, петициялары, митингілер мен шерулер, жалпы халықтық талқылау.

Олардын бірқатары – сайлау, референдумдар – сәйкес нормативтік актілермен(Конституциямен және конституциялық заңдармен) нақты реттелген, императивті (міндетті) сипатта болады және мемлекеттік құрылым санкциясын қажет етпейді, басқалары консультативтік сипатта. Дегенмен, демократияның тікелей нысанының әр түрлі институттарының заңи табиғатына қарамастан, олардың саяси шешім қабылдау механизміне келтіретін әсерін арттыра бағалау қиын, өйткені онда халықтың еркі көрініс табады.

Тікелей демократияның мықты жағына мыналар жатқызылады: азаматтардың мүддесін білдіруде және олардың саяси үрдіске қатысуына басым мүмкіндік(өкілетті монархия институттарымен салыстырғанда) тудырады; көп жағдайда билікті толық легитимациялауды қамтамасыз етеді; саяси элитаны бақылауды қамтамасыз етеді және т.с.с.

Кемшіліктерге жиі мыналар жатқызылады: тұрғындардың көпшілігінің саяси үрдіске қатысу қалыпты тілегінің болмауы, өткізілетін іс шаралардың күрделілігі және қымбаттылығы, электораттардың көбісі кәсіби болмауы салдарынан қабылданған шешімдердің тиімдігі төмен және т.б.

Өкілетті демократия халық өкілі – депутатарға, басқа сайланбалы атқарушы билік органдарына билікті жүзеге асыруға рұқсат береді, яғни әр түрлі әлеуметтік топтар, қабаттар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың мүдделерін білдіруге шақырылған.

Өкілетті демократияның мықты жақтарына мыналарды жатқызуға болады: тиімді шешім қабылдауға көп мүмкіндік(тікелей демократия институтымен салыстырғанда) береді, себебі осы үрдіске, ереже бойынша кәсіби мамандар, осы қызметпен арнайы айналысатын құзыретті тұлғалар қатысады; әр адамның өз ісімен шұғылдануға рұқсат бере отырып, саяси жүйені әлде қайда тиімді ұйымдастырады және т.с.с.

Кемшіліктерге жиі келесілер жатқызылады: бюрократия мен жемқорлық шексіз дамуы мүмкін; өкілдердің өз сайлаушыларынан аластатылуы; шешімдердің азаматтардың көпшілік мүддесіне емес, ал номенклатуралар, ірі капиталдар, әр түрлі текті лоббистілер және т.б. үшін қабылдануы.