Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

53. Құқықтық институт.

Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері болып – құқық нормасы, құқықтық институт, құқық саласы, құқықтың бағынысты саласы табылады.

Мемлекет және құқық теориясы бойынша оқулықтардың авторлары құқықтық институтқа мынадай анықтама береді : құқық институты – қоғамдық қатынастардың нақты бір түрін реттейтін құқықтық нормалардың дербестенген тобы.2 Құқықтық институт – құқық саласының ерекше бөлігі және қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін реттейтін құқықтық нормалардың дербес кешені.3

Мысал ретінде, конституциялық құқықтағы президент институтын, адам мен азаматтың құқықтық жағдайы институтын, сайлау құқығы институттарын, азаматтық құқықтағы – меншік құқығы, сатып алу сату, талап қою мерзімдері институттарын атауға болады. Сол сияқты еңбек құқығында еңбек шарты, еңбек ақы, еңбек тәртібі сияқты институттар бар.

Құқықтық институттарға мынадай белгілер тән:

  • Ол қоғамдық қатынастың біректі саласын емес оның бір жағын, қоғамдық қатынастың біртекті тобын реттейді. (мысалы, азаматтық құқық саласы сияқты барлық мүліктік қатынастарды емес, оның бір жағын – сатып алу сату шартын реттейді)

  • Құқықтық институт нормалардың заңдық бірлігімен (жиынтықтылығымен) ерекшеленеді (мысалы, тек президент мәртебесі реттейтін құқықтық нормалар);

  • Заңдық дербестігі – құқық институты бөлім, тараулармен дербестендіріледі (мысалы, Қ.Р. Конституциясының бөлімдері жеке құқықтық институттардан тұрады)

Сонымен, құқықтық институт – бір құқық саласының шегінен аспайтын (ерекшелігі, дербестігі) нормалардың кішігірім тобы. Ресей заңгері В.М. Сырыхтың1 – «жекелеген аралас институттар әртүрлі құқық саласына тән нормаларды құрай алады» деген пікірімен де келісуге болады. Мысалы, еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық белгілейтін институт еңбек құқығы саласына жатады. Институттың негізінде кәсіпорын әкімшілігінің биліктік құзыры, оның кінәлі қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану құқығы жатыр. Алайда, бұндай жаза қолданумен байланысты еңбек даулары азаматтық іс жүргізу ережелері бойынша сот тәртібімен қаралады, яғни басқа құқық саласымен.

54. Құқық саласы.

Құқық жүйесінің негізгі элементі – бір біріне неғұрлым жақын құқықтық институттар мен құқықтық институттардан тұратын құқық саласы болып табылады. Құқық саласы – біртекті қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық норма, институттардың дербестенген жиынтығы.2

Құқық саласы – қоғамдық қатынастың біртекті саласын реттейтін құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығы, құқық жүйесінің дербес бөлігі.3 Мысалы, конституциялық құқық, азаматтық құқық, әкеімшілік құқық, қылмыстық құқық т.б.

Сала – құқық жүйесінің барынша ірі бөлігі.

Қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласының біртектілігі, ерекшелігі өмірге тиісті құқық саласын әкеледі. Мәселен, адамдардың объективтік еңбек қатынасы еңбек құқығын басқару қатынасы - әкімшілік құқығының қажеттілігін тудырады.

Құқық жүйесі салалардан тұрса, салалардың өздері бағынысты сала, институттар мен құқық нормаларынан құралады.

Құқықтың төмендегідей салаларын бөліп қарастыруға болады:

  1. конституциялық (мемлекеттік) құқық;

  2. азаматтық;

  3. әкімшілік;

  4. қылмыстық;

  5. жер;

  6. еңбек;

  7. отбасы;

  8. қылмыстық – атқару;

  9. ауылшаруашылық;

  10. экологиялық;

  11. қаржы;

  12. қылмыстық – процессуалдық;

  13. азаматтық – процессуалдық.

Қалыптасып келе жатқан салалардың арасынан кәсіпкерлік, салық, муниципалдық, космостық құқық салаларын атауға болады.

Құқықтың негізгі салаларына сипаттама беру – конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық және т.б. құқықтың нақты пәні мен құқықтық реттеу әдістерін қарастыруды білдіреді.

Конституциялық құқық – реттеу пәні конституциялық құрылыстың негіздері, тұлғаның құқықтық жағдайы, басқару және мемлекеттік құрылыс нысандары, негізгі реттеу әдісі – императивтік болып табылатын негізгі құқық саласы.

Азаматтық құқық мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді; негізгі әдісі – диспозитивтік тәсіл.

Әкімшілік құқығы - мемлекеттік органдардың атқарушы – биліктік қызметі барысында туындайтын басқарушылық қатынастарды реттейді, негізгі әдісі – императивтік.

Қылмыстық құқық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын,конституциялық құрылыс, жеке және мемлекеттік меншікті қылыстық келеңсіздіктерден қорғайды, негізгі әдісі- императивтік.