Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

45. Қоғамның құқықтық жүйесі: түсінігі мен құрылымы. Құқықтық семья

Құқықтық семья – олардың көмегімен қоғамдық қатынастар реттелетін өзара байланысқан, келісілген және өзара әрекет етуші заңдық құралдардың жиынтығы. (Бабаев В.К. Теория современного советского права. – Н. Новгород, 1994. С.5.)

Құқықтық жүйе – бұл құқықтық нақтылықтың басқа да белсенді элементтері– құқықтық идеология және құқықтық (заңдық) тәжірибемен бірлікте қарастырылатын құқық (Алексеев С.С. Государство и право. Начальный курс. М., 1994, с.80).

Құқықтық жүйе түсінігі теориясын заң ғылымында тек ХХ ғасырдың 80-ші жылдары ғана қарастыра бастады. Оның маңызы мынада, ол адамның мінез құлқына әсер ететін барлық өзара байланысқан заңдық блоктарды біріктіреді, сондай –ақ құқық қолданушылық және құқық қорғаушылық сұрақтарын нақты шешуді көздейді. Құқықтық жүйе құқыққа негізделеді, бірақ одан әлде қайда кең. «құқық»және «құқықтық жүйе» түсініктері тұтас және бөлік ретіндегі қатынаста болады. Егер құқық, мемлекетпен бекітілетін және қамтамасыз етілетін формальді анықталған, жалпыға міндетті заң нормаларының жүйесі ретінде түсіндірілсе, ал құқықтық жүйені ресми биліктің, адамдардың мінез құлқына құқықтық әсерін тигізетін қоғамның барлық құқықтық ұйымын, тұтастай құқықтық нақтылықты, заңдық құралдардың жүйесін бейнелейтін құбылыс деп түсіндіріледі.

«Құқықтық жүйе» түсінігі нақты қоғамның өмірінің заңдық саласын кешендік бағалау ретінде сипатталады.

Заң әдебиеттерінде оның құрылымына бірнеше көзқарастар бар. Сонымен, Бабаев В.К. оған мыналарды жатқызады: құқық және оны сипаттайтын заңнама; құқықтық түсініктер;құқықтық қағидалар; құқықтық қатынастар; құқықтық символика; құқықтық идеология; құқықтық мәдениет; құқықтық саясатты жүзеге асыратын, құқық шығармашылық, құқық қолданушылық немесе құқық қолданушылық қызметпен айналысатын құқықтық институттар мен құқықтық мекемелер; заңдық тәжірибе. Алексеев С.С. құқықтық жүйеге бесенді элементтерді жатқызады. Өзара тығыз байланысқан:

  • заңда, өзге мемлекетпен танылған қайнар көздерде көрініс тапқан, міндетті нормалардың жүйесі ретіндегі құқық;

  • құқықтық идеология – құқықтық сананың белсенді жағы;

  • соттық (заңдық) тәжірибе.

«Құқықтық жүйе» түсінігі нақты елдің құқығын сипаттауда мәнді маңыздылыққа ие. Әдетте бұл жағдайда «ұлттық құқықтық жүйе» түсінігі қолданылады. Мысалы, Ұлыбританияның ұлттық құқықтық жүйесі, Қытайдың ұлттық құқықтық жүйесі, Қазақстан Республикасының ұлттық құқық жүйесі.

Құқықтық жүйелер генезис (пайда болуы), қайнар көздер сатысы, құқық жүйес, соттың рөлі және т.б. сияқты негізгі белгілері бойынша құқықтық семьяға біріктіріледі.Атақты компаративист Давид Рене келесідегідей негізгі құқықтық семьяларды бөліп көрсетеді:

  • романо – германдық құқықтық семья (бастаулары римдік жеке құқықта жатыр, құқықтың негізгі қайнар көзі - заң). Қазақстанның құқықтық жүйесі нақ осы жүйеге жатады;

  • англосаксондық құқықтық семья (бұл жүйелерде соттық тәжірибе, прецедент басымдылық танытады);

  • діни –дәстүрлі құқықтық жүйе семьясы – мұсылман құқығы, индус құқығы, Африка елдерінің (бұл жүйелерде дін мен әдет – ғұрып анықтаушы рөл ойнайды) кәдімгі (дәстүрді) құқығы.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР

Давид Р. Основные правовые системы современности. М., 1988.

Правовые системы мира.- Екатеренбург, 1995.

Саидов А.Х. Сравнительное правоведение. М., 2000.

Тихомиров Ю.А. Курс сравнительного правоведения. М., 1996.