Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

9. Мемлекет нысанының (құрылысы) түсінігі, оның элементтері.

Мемлекеттің нысаны – бұл билік етудің нысанын, мемлекеттің құрылымының нысанын және саяси режимді қамтитын саяси билікті ұйымдастырудың тәсілі. Бұл мемлекеттің ішкі ұйымының ерекшелігі.

Егер «мемлекет мәні» категориясы мемлекеттің басты, заңды, анықтаушысы не деген сұраққа жауап іздесе, «мемлекет нысаны» категориясы қоғамда билікті кімнің қалай жүзеге асырып жатқанын, мемлекеттік-билік құрылымдар қалай ұйымдастырылып, қандай органдармен жүзеге асырылады, осы аумақтағы тұрғындар қалай бірлескен, қандай әдіс тәсілдер арқылы саяси билік жүзеге асырылады деген сауалдарды қамтиды.

Мемлекеттің нысаны – әлеуметтік-экономикалық факторлармен қатар табиғи, ауа-рай жагдайы, ұлттық-тарихи, діни ерекшеліктер, қоғамның мәдени деңгейі ықпал ететін оның құрылымы.

Мемлекеттің нысанының элементтеріне мыналар жатады:

  1. Басқару нысаны – жоғарѓы мемлекеттік билікті ұйымдастыру, оныњ жоғарғы және орталық органдардың ерекшеліктері, олардың құрылымы, құзіреті, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттілігінің деңгейі, халыќпен өзара қатынасы жєне олардыњ оны қалыптастыруға қатысу дәрежесін сипаттайды; мемлекетті басқару нысандары ерекшеліктеріне байланысты монархиялық және республикалық болып бөлінеді.

  2. Мемлекеттік құрылым нысаны – тұтастай мемлекет пен оның бөлшектерінің белгілі түрдегі құқықтық қатынастарын сипаттайтын мемлекеттіњ аумақтық ұйымдастырылуы; нысаны жағынан унитарлы(біртұтас), федералды және конфедеративті болып бөлінеді.

  3. Саяси(мемлекеттік) режим – мемлекеттік билікті жүзеге асыратын құралдар, тәсілдер мен амалдардын жүйесі; мемлекеттік билік етуде қолданылатын тәсілдердің ерекшеліктеріне қарай демократиялық және демократиялық емес саяси (мемлекеттік) режим деп бөледі.

10.Басқару нысаны: түсінігі және түрлері.

Мемлекетті басқару нысаны – мемлекет нысанының элементті, жоғарғы мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуын, оның органдарының құрылуын және олардың тұрғындармен ара қатынасын сипаттайды. Басқару нысаны ерекшеліктеріне таптық күштердің, билікте отырған әлеуметтік өкілдердің қарым-қатынасы, тұрғындардың ұлттық құрамы, мәдениет және салт дәстүр деңгейі әсерін тигізеді.

Басқару нысаны бойынша мемлекет монархия және республика болып бөлінеді.

Монархия – жоғарғы билік толықтай бір ғана адамның қолында болады ( король, патша, император, сұлтан және т. б.) және мұрагерлік жолмен беріледі.

Монархияның белгілері :

  1. билік мұрагерлік жолмен беріледі;

  2. шексіз мерзімде жүзеге асырылады;

  3. тұрғындар санына байланысты емес.

Монарх шексіз билікке ие, яғни халықтың өкілетті мекемелері жоқ және мемлекет егемендігінің бірден-бір өкілі – монарх ( мысалы, феодализм дәуірінің соңғы кезеңіндегі абсолютты монархтар, қазіргілерден – Сауд Арабиясы, Бруней ) және монарх пен қатар мемлекеттік егемендіке ие болып табылатын мемлекет басшысының билігін шектейтін жоғарғы мемлекеттік органдары бар шектеулі монархтар да (Англия, Япония, Испания, Швеция, Норвегия т. б.) болады.

Республика – билік белгілі бір мерзімге сайланбалы орғандарға берілетін басқару нысаны.