Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

41. Нормативтік актілердің уақыт, кеңістік жағынан және тұлғалар бойынша әрекет етуі.

Нормативтік құқықтық актілердің уақыт, кеңістік жағынан және тұлғалар бойынша әрекетін етуін білу не үшін қажет? Құқық нормаларын дұрыс жүзеге асыру үшін, бекітілген уақыт аралығында белгілі бір территорияда белгілі адамдар тобының мінез құлқын реттеу үшін. Нормативтік құқықтық актілердің әрекет ету шегін білу құқық қорғау құқық қолданушы органдар үшін ерекше маңызды

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚР заңында нормативтік құқықтық актілердің әрекет ету шегін орнату бекітілген және УІІ бөлек бөлімде.

Нормативтік құқықтық актінің уақыт бойынша әрекет етуі екі мезетті қамтиды:

  1. актінің күшіне енуі;

  2. әрекет етуін тоқтату уақыты.

Заңның 36 бабы «нормативтік құқықтық актілерді күшіне енгізу уақытын» көрсетіп тұр:

    1. Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, - егер актілердің өзінде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде өзге мерзімдер көрсетілмесе, олар алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң;

    2. Қазақстан Респуликасы Парламентінің, оның палаталарының қаулылары – егер актілердің өзінде өзге мерзімдер көрсетілмесе, алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап;

    3. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің шешімдері – олар қабылданған күннен бастап.

... Жеке нормативтік құқықтық актілерде немесе оларды енгізу актілерінде жеке бөлімдерді, тарауларды, баптарды енгізу уақыттары көрсетілуі мүмкін.

Заңның 37 бабы нормативтік құқықтық актінің кері күшінің маңызын түсіндіреді – ол оны күшіне енгізілгенге дейін пайда болған қатынастарға қолданылмайды.

Заңға кері күш беру екі жағдайда мүмкін:

  1. егер заңның өзінде ол туралы айтылса;

  2. егер заң жауапкершілікті жеңілдетсе немесе тіптен алып тастаса.

Егер де нормативтік құқықтық актілер керісінше жауапкершілікті күшейтсе, азаматтарға жаңа міндеттер жүктесе немесе олардың жағдайын нашарлатса онда олар кері күшке ие болмайды.

39 бап нормативтік құқықтық актінің қолданылу мерзімін орнатады. Ол мерзімсіз әрекет етуі мүмкін егер актінің өзінде өзге көрсетілмесе. Мысалы, «ҚР Президенті туралы» конституциялық заң немесе «ҚР ішік істер органдары туралы» ҚР Президентінің заңдық күші бар жарлығы.

Уақытша әрекет ету мерзімі нормативтік құқықтық актінің өзінде барлығы үшін тұтас немесе оның бөлек баптары үшін орнатылуы мүмкін. Нормативтік құқықтық актіні шығарған орган оның әрекет ету уақытын ұзартуы мүмкін.

Нормативтік құқықтық акт мынадай жағдайларда (заңның 40 бабы):

  1. белгілі көрсетілген мерзім біткенде;

  2. берілген акті құзырлы мемлекеттік орган шығарған актімен жойылғанда;

  3. жаңа нормативтік құқықтық актімен деректі жойылғанда (1993 жылғы ҚР Конституциясы) өзінің қолданылуын тоқтатады.

Нормативтік құқықтық актінің кеңістікте әрекет етуі, оның әсер ету саласы қандай территорияға таралатынын білдіреді. Мемлекеттік территория – белгілі мемлекеттің егеменділігінде болатын жер шарының бөлігі. Шөлді, сулы, жер асты және әуе кеңістігі мемлекеттік территорияның құрамдас бөлігі болып табылады.

Түрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің елдің территориясында заңдық күшінің таралу шегі айтылып отырған заңның 41 бабында бекітілген:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық атқарушы және өзге де орталық уәкілетті органдар қабылдаған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің қолданылу күші, егер нормативтік құқықтық актілердің өздерінде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралады. (1995 жылғы ҚР Конституциясы, 2 шілде 1998 ж., «жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы және т.б.);

  2. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілер тиісті аумақтарда қолданылады. Мысалға, Қарағанды облысы әкімінің шешімі.

Нормативтік құқықтық актінің тұлғалар бойынша қолданылуы оның кімге таралатынын білдіреді. Заңның 42 бабында нормативтік құқықтық актілер ҚР азаматтарына және заңды тұлғаларына, сондай – ақ оның аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады, бұған заң актілерінде және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайлар қосылмайды делінген. Дипломатиялық иммунитетке ие тұлғалар ерекше болып табылады. Сонымен ҚР Конституциясы ҚР барлық тұрғындарына, ал Қарағанды облысы әкімшілігі басшысының шешімі Қарағанды облысы тұрғындарына таралады.

Демек, нормативтік құқықтық актілердің уақыт, кеңістік жағынан және тұлғалар бойынша әрекет ету шегін орнату теориялық, заңнамада бекітілуі маңызды тәжірибелік мәнге ие екенін анықтады.