Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

35. Құқықтың нысандары (қайнар көздері)

«Құқықтың қайнар көзі» ұғымы көптеген ғасырлардан бері келе жатыр. Оны барлық елдердің құқықтанушылары жүздеген жылдар бойы талқылап, қолданып келеді. Теорияда «құқықтың қайнар көзі» көптеген ғасырлар бойы қолданылып жүр және бірнеше мағынаға ие:

  • материалдық мағынада – бұл мемлекеттік билікті анықтайтын қоғам өмірінің материалдық жағдайы;

  • формальді – заңдық мағынада – билік басында тұрған саяси күштің еркін заңға араластыру тәсілдерінің жиынтығы (заңдық прецедент, құқықтық әдет – ғұрып, нормативтік құқықтық акт...);

  • таным қайнар көзі ретінде – қазіргі уақытқа жеткен түрлі тарихи құжаттар, діни көзқарастар.1

Құқықтың қайнар көзінің формальді – заңдық мағынасы біздің қызығушылығымызды тудыратын болады. Құқық адамдардың санасында нормативтік бекітулер ретінде қалыптасады, бірақ ол одан тыс көрініс тауып, бекітілуі қажет.

Құқық нысаны – заңдық нормалардың көрініс табуы мен бекітілуінің ішкі тәсілі. Құқықтың сипатталуы мен көрініс табу нысанын арнайы құқық термині құқықтың қайнар көзі деп атайды. Сондай – ақ құқық нысаны (қайнар көздері) мемлекеттік ерікті заңға енгізуімен байланысты мемлекеттік қызметтпен байланысты. Халықтың еркін қалыптастырудың екі жолы бар: құқық шығармашылық жолымен, яғни мемлекеттің және оның органдарының нормативтік құқықтық актілерді шығаруы және тағы бір жолы мемлекеттің бұрын қалыптасқан мінез құлық ережелерін санкциалауы, бекітуі.

Мемлекеттік ерікті енгізу тәсіліне байланысты құқықтың келесідегідей нысандары (қайнар көздерінің) ажыратылады: бұл

  1. нормативті құқықтық акт

  2. құқықтық әдет – ғұрып (санкциаланған)

  3. сот прецеденті

  4. нормативтік келісім шарт

Құқық нысанының (қайнар көздерінің)бұндай жіктелуін проф. Бабаев В.К., Алексеев С.С., Сапун В.А. ұстанады. Мәскеулік «Мемлекет және құқық теориясы» оқулығының авторы доцент Лубенченко құқықтың қайнар көзі ретінде келесілерді бөліп көрсетеді: заң, нормативтік актілер, әдет-ғұрып, сот тәжірибесі және соттық прецедент, заңдық ғылым. Біздің ойымызша бірінші көзқарас әлде қайда дұрысырақ болады.

Әрбір құқық нысанының (қайнар көзін) түсінігін қарастырайық.

Әдет – ғұрып – тарихи қалыптасқан және әдетке айналған мінез құлық ережесі. Құқықтық (санкцияланған) әдет - ғұрып, мемлекет заңдық күшті санкция берген, әдетке айналған, тарихи қалыптасқан мінез құлық ережесі ретінде көрініс табады. Санкциялау, яғни мемлекетпен бекіту. Құқықтық әдет – ғұрыпқа құлиеленушілік құрылыстағы феодальдік құқықтың ескеркішін жатқызуға болады: Қазақстанда «Жеті Жарғы», Үндістанда «Ману заңы», Германияда «Солистік шындық», Ресейде «Русская правда».

Сот прецеденті – келешекте ұқсас істерге үлгі болатын нақты сот ісі боынша шешім. Сот прецеденті шешім шығару кезінде заңнамада қажетті норма болмаған жағдайда ғана қолданылады. Бұдан шығатыны, прецедент кезінде құқық қолдану функциясын орындайтын органдар құқық шығармашылық органдарының функцияларын өздері иеленеді. Қазіргі уақытта прецедент англосаксондық құқық жүйесі орнаған елдерде – Англияда, Индияда, АҚШ – та қолданылады.

Нормативтік құқықтық акт – құқық нормасынан тұратын мемлекеттің құқықшығармашылық актісі. Бұл құқық нысаны (қайнар көздері) әлемінде негізгі қолданылатын, басқа қайнар көздердің алдында басымдылыққа иелердің бірі.

Құқықтың қайнар көздерінің арасында негізді орынды иеленетін нормативтік келісім шарттар – құқық нормасынан түратын екі жақты немесе көп жақты келісімдер. Нормативтік келісім шарттарға мемлекеттер және халықаралық ұйымдар арасындағы халықаралық – құқықтық ккелісім шарттарды жатқызуға болады. Мысалыға, ТМД елдерінің арасында бекітілген құқықтық көмек және азаматтық, отбасы, қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар туралы Конвенция, «азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы» Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы келісім шарт және т.б.