Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

17.Мемлекеттің функциясын жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасының ішкі істер орғандарының рөлі.

Мемлекеттің функциясын жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасының ішкі істер орғандарының рөлін олардың алдына қойылған міндеттері мен функцияларын тәжірибелік іске асыру призмасы арқылы қарастырған жөн.

Ішкі істер орғандарынын функциясы Қазақстан Республикасының функциясынан туындайды – бұл олардың белгілі құзыреттер шегіндегі тәжірибелік қызметтерінің бағыттары.

Оларға жүктелген міндеттерді орындай отырып, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары екі негізгі функцияларды атқарушы ретінде көрініс табады: құқықтық және саяси. Өз қызметі құқықтық нұсқаумен ұштасқан ішкі істер органдары оларды қандай да бір саяси конъюнктура пайымына қарамастан бұлжытпай орындауға міндетті. Екінші жағынан қарағанда, ішкі істер органдары, заңды қолдана отырып, олардың құрамдас бөлігі болып табылатын, біздің мемлекетіміздің жалпысаяси тұғырын қалаушы пайымдарын жетекшілікке алуға тиісті.

Ішкі істер органдары функциясы олардың алдында тұрған міндеттерінен туындайды, олар Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 21 желтоқсан 1995 жылғы (толықтыру және өзгертулермен) заңдық күші бар жарлығында бекітілген.

Көрсетілген міндеттер, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар жарлығының 10 бабында бекітілген, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының міндеттерінде нақтыланады. Олар міндетті:

  • ­ Құқыққа қайшы қатерлерден адам және азамат құқығы мен бостандықтарын қорғауға;

  • қоғамдық тәртіпті қорғауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;

  • құқық бұзушылықтың алдын алуға, анықтауға, тыюға, ашуға және т.б.

Тұтастай алғанда, ішкі істер органдарының негізі міндеттерін талдау, олар жүзеге асыруға қатысатын, құқық қорғаушылық(кейбір қайнар көздерде оны адам мен азаматтың құқығы мен бостандықтарын қорғау функциясы деп те атайды), – Қазақстан Республикасының негізгі функциясы деген байлам жасауға мүмкіндік береді.

Ішкі істер органдарына жүктелген міндеттер мен функцияларының нәтижесі, мысалға, 2002 жылғы жедел-қызмет жұмысы қорытындысы бойынша ІІМ алқалардың құжаттарында көрініс тапқан. Өткен жылда елімізде 135 мыңнан астам қылмыс тіркелген, оның 108 мыңы – жалпы қылмыстық, бұл 2001 жылғы осыған ұқсас көрсеткіштерден ( сәйкесінше 11,2 және 13,3 пайызға) әлде қайда аз. Адам өлтіру, қарақшылық және ұрлау қылмыстары аз жасалған. Бұрын соңды соттылған адамдармен жасалған қылмыстар саны 16,1 пайызға қысқарды. Бөтеннің мүлкін ұрлау әлде қайда төмендегені байқалады. Мысалға, пәтер тонау қылмыстың саны былтырғы жылы 22,8 пайызға азайған. Бұның белгілі көлемде азайуына ІІМ дайындаған, 2002 жылы іске асырыла бастаған, арнайы бағдарлама өз септігін тигізді.

Жалпы қылмыстардың ашылуы 2002 жылы республикада тұтастай 72,9% ал, ауыр және аса ауыр – 71,8% құрайды. Өткен жылдардан 3152 қылмыс ашылған, тергеуден, анықтаудан және соттан қашып жүрген шамамен 11 мыңға жуық адам табылған.

Бандитизм, ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактісі бойынша 119, алаяқтық бойынша 1092 қылмыстық іс қозғалған.

Анықтама мен тергеудің сапасы жақсарды. 2001 жылмен салыстырғанда қосымша тергеуге жіберілген қылмыстық істердің саны 28 пайызға қысқарды. ІІБ тергеушілерінің күш салуымен сотқа берілген істер бойынша, шамамен 1,5 миллиард тенге сомасында шығынның орны толтырылған.

Былтырғы жылы шамамен 13 мың нашақорлық қылмыстар анықталған, соның ішінде, 4200 астамы есірткі заттар өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан 16,6 тонна есірткі заттар алынған, соның ішінде, 95,3 кг героин.

Демек, қылмыстылықпен күресті күшейтуге және құқық тәртіптілікті нығайтуға бағытталған министрліктен қабылданатын шаралар Қазақстандағы қылмыстылық деңгейін төмендету тенденциясына тұрақты сипат беруге мүмкіншлік тудырды.

Сонымен қатар, ІІБ үшін экономикалық және жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес әлі де күн тәртібінде өз маңыздылығын жойған жоқ. Сонымен, былтырғы жылы Республика бойынша 5500 экономикаға қарсы бағытталған қылмыстар және 1455 жемқорлық қылмыстар тіркелген.

Ішкі істер органдарына арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы құқыққорғау қызметінің бастапқы бағыттарын анықтайды, бұл – азаматтардың құқықтары мен бос тандықтарын қорғау, сонымен қоса, тұрғындардың қатысу белсенділігісіз табысқа жетпейтін құқықбұзушылықтың алдын-алу. Осыған қоса, балалардың қадағаланбауына және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алуына ерекше назар аударылуға тиіс.