Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

85. Мемлекет пен құқық, олардың арақатынасы.

Мемлекет пен құқық арасындағы қатынас – бұл мемлекет пен құқық идеалары, ұғымдары арасындағы қатынас емес, нақты дүниеге қатынасты байланыс категориясы.

Мемлекет пен құқық бірін-бірі туғызбайды. Олардың екеуі де қоғамнан туындаған.

Олардың әрекеттері үнемі жанасып жатады. Мемлекет құқықты іске асыруға қатысады, құқықтық нормалар өз күшін мемлекетке де жүргізеді. Бұл заңдылық, өйткені құқық пен мемлекет бір органикалық тұтастықтың тараптары болып табылады. Мемлекет пен құқықтың ара қатанасы олардың бірлігімен, айырмашылығымен және өзара байланысымен сипатталады.

Мемлекет пен құқықтың бірлігі мынада:

  1. Олар бірге пайда болып, дамиды.

  2. Мәндері мен тұрпаттарын зерттеудің бірдей жолдары болады.

  3. Биліктің, басқарудың құралдары болып табылады.

  4. Жеке, топтық және қоғамдық мүдделерді үйлестіру, қамтамассыз етуге арналады.

  5. Бір базиске негізделіп, әлеуметтік – экономикалық, рухани және т.б. факторлармен анықталады.

Мемлекет пен құқық арасындағы айырмашылық:

  1. Мемлекет саяси биліктің айрықша ұйымы болса, құқық әлеуметтік реттеуші болып табылады.

  2. Егер мемлекет күшті білдірсе, құқық- ерікті білдіреді.

  3. Мемлекеттің бастапқы элементі мемлекеттік орган болса, құқықтікі- норма болып табылады.

  4. Олар қызметтері, нысандары және т.б. бойынша да сәйкеспейді.

Мемлекет пен құқықтың өзара байланысы:

  • бір жағынан, мемлекет құқықты қалыптастырып, өзгертіп, тоқтатады(құқық шығармашылығы), сол сияқты оны іске асырады, қорғайды(құқық қолдану);

  • келесі жағынан, құқық, оның органдарының құзіретін белгілеп, мемлекеттік қызмет аппаратын реттей отырып, мемлекетке ықпал етеді.

Бұл мағынада құқықтың саяси негізі туралы емес, саясаттың құқықтық негізі туралы айтылады. Құқық саяси феномен емес. Тек мемлекеттің құқық шығармашылық қызметі мен оның нәтижелері- заңдар, мемлекеттік биліктің басқа да нормативтік актілері саясат болып табылады. Мемлекет пен құқықтың қайсысының бастапқы болуына байланысты олардың өзара қатынастарының екі негізгі типін теоретикалық бөліп қарастырады:

  1. Мемлекеттің шешуші фактор ретінде құқықтан жоғары тұруы (антидемократиялық мемлекеттерге тән сипат);

  2. құқықтың шектеуші ретінде мемлекеттен жоғары тұруы (құқықтық мемлекеттерге тән қасиет).

Бірақ, мемлекет өз қызметінің көп бөлігін құқықтық нормаға жұмсағанымен ол өзгеру мүмкіндігінен айырылмайды, мүлдем байланысты жағдайда қалмаиды дегенді естен шығармау керек. Дегенмен, өзінің күйреуін қаламаса ол өз субъективтік қалауы бойынша құқықты шетке қалдыра алмайды. Сол себепті, мемлекет пен құқықтың өзара қатынасын тең тараптардың диалектикалық өзара байланысы ретінде қарстыру дұрыс деп саналады.

86. Тұлғаның құқықтық мәртебесі.

Құқықтық мәртебе- бұл субъектінің қоғамдағы заңды бекітілген жағдайы. Құқықтық мәртебе тұлғаның іс жүзіндегі (әлеуметтік) мәртебесін, оның қоғамдағы нақты жағдайын белгілейді. Бұл адамның Конституцияда баянды етілген мемлекеттегі рөлі мен орны.

Құқықтық мәртебе субъектілердің Конституция және заңдармен танылған құқықтыры мен міндеттерінің жиынтығы. Сол сияқты мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз әлеуметтік рөлдерін атқаруда пайдаланатын өкілеттіктері.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабы мемлекеттің ең қымбат қазынасы «адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» дей отырып мемлекеттің адам алдындағы жауапкершілігі қағидасына назар аударады. Тұлғаның құқықтық мәртебесі төмендегідей элементтерден тұрады:

  1. құқықтар мен міндеттер;

  2. заңды мүдделер;

  3. құқық субъектілігі;

  4. азаматтық;

  5. заңды жауапкершілік;

  6. құқықтық қағидалар және т.б.

Конституцияның II бөлімі адам мен азаматтың жеке, әлеуметтік- экономикалық және саяси құқықтары мен міндеттерін бекітеді. Адам құқығы- адамның мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, заңмен қорғалатын ықтимал мінез-құлық өлшемі. Тұлғаның бостандығы- бұл да адамның ешқандай да бөгеті жоқ құқығы. Адамның жеке құқықтарының баянды етілуі(өмір сүру құқығы, жеке бас бостандығы, қадір- қасиетіне құқығы т.б.) Қазақстан Республикасында тұлғаның Конституциялық мәртебесінің өзгергенін білдіреді – адам алдымен өз мүддесі бар тұлға ретінде, содан кейін қоғамның мүшесі және мемлекеттің азаматы ретінде қарастырылады. Мәселен, әркімнің өмір сүруге құқығы бар- бұл адамның табиғи құқығы. Ешкімнің адам өмірін өз бетінше қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы аса ауыр қылмыстар үшін сотталушыға кешірім сұрау құқығын бере отырып қолданылатын айрықша жазалау шарасы (Конституцияның 15- бабы). Міндет - адамның қоғамдағы міндетті, қажетті мінез- құлықының өлшемі. Мәселен, әркім Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын сақтауға, басқа тұлғалардың құқықтары, бостандықтары, қадір- қасиеттерін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті, заңмен белгіленген алым- салықтарды төлеуге міндетті, Қазақстан Республикасын қорғау- оның әр азаматының қасиетті борышы әрі міндеті.

Құқықтар мен міндеттерді мазмұндарына байланысты былайша бөлуге болады:

  • азаматтық немесе жеке (өмір сүру құқығы, ар-намысын қорғау, жеке бас құпиясына қол сұқпаушылық құқығы және т.б.).

  • саяси (билік органдарына сайлау және сайлану құқығы, мемлекеттік қызметке кіруге тең құқықтары, бірлесу құқығы, бейбіт жиналуға, митинг, демонстрацияларға құқықтары т.б.).

Қазақстан Респуликасы азаматтарының саяси құқықтары мен бостандықтары:

  1. cөз және шығармашылық бостандығы (Конституция 20- бабы)

  2. ақпарат алуға құқығы (Контитуция 20- бап 2 тар.)

  3. бірлесуге құқығы (23- бап)

  4. Қ.Р. азаматтарының ашық шаралар өткізуге құқығы (32- бап)

  5. Мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығы (33- бап)

Экономикалық құқықтарға жеке меншікке құқығы, кәсіпкерлікпен айналысу құқығы, еңбек ету, демалу құқықтары жатады.

Әлеуметтік құқықтарға - отбасының қорғалуына, денсаулығын қорғау құқығы, әлеуметтік қамсыздандыру және т.б. құқықтар жатады.

Мәдени құқықтарға- білім алу, мәдени өмірге қатысу құқығы, ғылыми және мәдени прогресс нәтижелерін пайдалану құқығы, әдеби, көркем, ғылыми, техникалық шығармашылықтар бостандығы т.б. жатады.

Құқықтық мәртебе жалпы, арнайы және жалпы болады. Жалпы мәртебе – бұл тұлғаның мемлекет азаматы ретінде Конституцияда бекітілген мәртебесі. Ол барлық азаматтар үшін бірдей болып табылады. Арнайы мәртебе- азаматтардың белгілі бір санаттары жағдайының ерекшеліктерін белгілейді (студенттердің, соғыс ардагерлерінің, кәсіпкерлердің, т.б.), олардың арнайы қызметтер атқаруларына мүмкіндік береді. Жеке мәртебе жекелеген тұлғалардың ерекшеліктерімен анықталады (жасы, жынысы, отбасы жағдайы, қызметі және т.б.) және тұлғаның жекелеген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.