- •2. Мемлекет және құқық теориясының заңгер-құқықтанушылар, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тәжірибелік маңызы.
- •Мемлекеттің пайда болуының экономикалық және әлеуметтік алғы шарттары.
- •6. Мемлекет ұғымы және оның белгілері.
- •7. Мемлекеттің мәні. Мемлекеттің мәніне деген таптық және жалпы әлеуметтік көзқарастар.
- •8. Мемлекеттің типологиясының формациялық және өркениеттік көзқарастары.
- •9. Мемлекет нысанының (құрылысы) түсінігі, оның элементтері.
- •10.Басқару нысаны: түсінігі және түрлері.
- •Республика белгілері :
- •11. Мемлекеттік құрылым нысаны: түсінігі және түрлері.
- •12. Мемлекеттік (саяси) режим :түсінігі , түрлері.
- •13. Демократия : түсінігі және оның нысандары.
- •14.Мемлекеттің міндеттері және функциялары: түсінігі, мазмұны және жіктелуі.
- •Мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру нысаны – бұл оның функцияларын жүзеге асырушы мемлекеттік органдар қызметінің түрлері.
- •Қызмет аясына қарай мемлекет функциялары сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
- •Мемлекеттің сыртқы функциясы – алдында тұрған ішкі мақсаттарын орындаумен байланысты мемлекет қызметінің негізгі бағыты.
- •16.Мемлекеттің сыртқы функциялары. Қызмет аясына қарай мемлекет функциялары сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
- •17.Мемлекеттің функциясын жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасының ішкі істер орғандарының рөлі.
- •18. Мемлекеттік аппарат түсінігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппарат құрылымы.
- •19.Мемлекеттік орған: түсінігі және белгілері.
- •20.Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратын ұйымдастыру қағидалары және қызметі.
- •21. Қазақстан Республиканың ішкі істер органдарының мемлекет аппаратындағы орны.
- •22. 1994 Жылдан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының реформалануы.
- •24. Қазақстан Республикасының заң шығару билігі.
- •27. Саяси жүйе: түсінігі және құрылымы.
- •28. Құқық түсінігінің негізі тұжырымдары.
- •29. Құқықтың мәні және оның қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлі.
- •30. Әлеуметтік және техникалық нормалар. Әлеуметтік нормалардың түрлері.
- •31. Құқық нормасы: түсінігі және белгілері
- •32. Құқық нормасының құрылымы.
- •33. Құқық нормасы мен нормативтік акт баптарының ара қатынасы
- •34. Құқық нормасының жіктелуі
- •35. Құқықтың нысандары (қайнар көздері)
- •36. Құқықтық әдет – ғұрып.
- •37. Сот (әкімшілік) прецеденті
- •38. Келісім шарт құқық қайнар көзі ретінде
- •39. Нормативтік - құқықтық акт: түсінігі және түрлері
- •40. Заң: түсінігі, белгілері және түрлері
- •41. Нормативтік актілердің уақыт, кеңістік жағынан және тұлғалар бойынша әрекет етуі.
- •42. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 24.03.1998 жылғы заңына жалпы сипаттама
- •43. Қазақстан Республикасының қолданылатын құқығының түсінігі
- •А. Заңнамалық актілерге және заңнамаға мыналар жатады:
- •44. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметінің нормативтік – құқықтық негізі.
- •45. Қоғамның құқықтық жүйесі: түсінігі мен құрылымы. Құқықтық семья
- •46. Романо – германдық құқықтық семья
- •47. Англосаксондық құқықтық семья
- •48. Мұсылман құқығы
- •49. Құқықшығармашылық: түсінігі және түрлері.
- •50. Заңшығарушылық үрдіс: ұғымы мен кезеңдері.
- •51. Нормативтік актілерді жүйелеу: ұғымы мен түрлері.
- •52. Құқық жүйесі: ұғымы және элементтері.
- •53. Құқықтық институт.
- •54. Құқық саласы.
- •55. Құқықтың реттеу пәні.
- •56. Құқықтық реттеудің әдістері.
- •57. Материалдық және процессуальдық құқық
- •58. Құқықтық қатынас түсінігі.
- •59. Заңды факт
- •60. Құқықтық қатынас құрамы (элементтері)
- •61. Құқықтық қатынас субъектілері
- •62. Құқықтық қатынас объектілері
- •63. Құқықтық қатынас мазмұны
- •64. Құқықты іске асыру: түсінігі және нысандары
- •65. Құқықты қолдану.
- •66. Құқықтық нормалар қолдану актілері: түсінігі, түрлерінің ерекшеліктері
- •67. Құқықтағы ақаулық және оның орнын толтыру әдістері
- •68. Құқықтағы мирасқорлық және жаңару. Құқық рецепциясы.
- •69. Құқық нормасын талқылау
- •70. Талқылау әдістері (тәсілдері)
- •71. Субъект бойынша талқылау түрлері
- •72. Құқықтық сана түсінгі, құрылымы және түрлері
- •73. Құқықтық сана, құқықтық тәртіп және құқықтық мәдениет
- •74. Құқықтық нигилизм түсінігі және нысандары
- •75. Заңдылық түсінігі және қағидалары
- •76. Заңдылық жағдайына әсер етуші факторлар.
- •77. Заңдылық және тәртіп. Тәртіп түрлері.
- •78. Құқықтық тәртіп және қоғамдық тәртіп түсініктері, олардың қатынасы.
- •79. Құқықтық мінез-құлық түсінігі, оның түрлері.
- •80. Құқықбұзушылық түсінігі, оның белгілері, түрлері.
- •81. Құқықбұзушылық құрамы
- •82. Заңды жауапкершіліктің түсінігі және қағидалары.
- •83. Заңды жауапкершілік түрлері.
- •85. Мемлекет пен құқық, олардың арақатынасы.
- •86. Тұлғаның құқықтық мәртебесі.
- •87. Азаматтық қоғам: ұғымы мен құрылымы.
- •88. Азаматтық қоғам және Қазақстандағы мемлекет.
- •89. Құқықтық мемлекет: ұғымы және негізгі тұжырымдамалары.
- •90. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2030» жолдауындағы мемлекет және құқық мәселелері
6. Мемлекет ұғымы және оның белгілері.
Мемлекет – басқару-қамтамасыз ету, қорғау қызметін жүзеге асыру мақсатындағы арнайы аппараты бар, өз әмірін елдің барлық халқы үшін міндетті ете алатын жария биліктің саяси-аумақтық егеменді ұйымы.
Мемлекет – белгілі бір аумақтың шегінде нақты бір мүдделердің (таптық, жалпыадамзаттық, діни, ұлттық және т.б.) жүзеге асырылуына септігін тигізетін саяси биліктің ұйымы.
Мемлекет оны рулық құрылыстың әлеуметтік билігінен айыруға мүмкіндік беретін келесі белгілермен сипатталады:
қоғамнан бөлініп алынған және елдің халқымен сәйкес келмейтін (яғни саяси билікті орындау мемлекеттік қызметкерлердің ерекше аппаратымен жүзеге асырылады) жария биліктің болуы;
мемлекет міндетті түрде мәжбүрлеу және күштеу аппаратына ие болады (саяси билікті шешуді қамтамасыз ету үшін – армия, полиция, сондай-ақ түрмелер мен басқа да мекемелер);
салық жүйесі, төлемдер, алымдар (мемлекеттік аппаратты, материалдық құндылықтарды өндірмейтін және тек билік ету қызметімен ғана айналысатын адамдарды қамтамасыз етуге қажет);
тұрғылықты халықты аумақтық белгісі бойынша бөлу (мемлекет өзінің билігімен және қорғауымен оның территориясын жайлаған барлық халықтарды олардың қандай да бір руға немесе тайпаға жататындығына қарамастан біріктіреді);
егемендік (өзінің аумағында мемлекетке тән үстемділігі және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздігі);
құқық (мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі соңғысы мемлекеттік билікті заңды түрде жабдықтайды және сол арқылы оны легитимді қылады, мемлекет функцияларының жүзеге асырылуының заңды шектері мен нысандарын белгілейді, т.б.).
Қоғамда билік әрқалай түрде болуы мүмкін: партиялық, отбасылық, діни және т.б. Алайда шешімі барлық азаматтар, ұйымдар және мекемелер үшін міндетті болатын жоғарғы билікке тек мемлекет қана ие.
Мемлекет жоғары билікті өзінің шекарасының шегінде жүзеге асырады. Басқа мемлекеттермен қарым-қатынастары қандай болатынын ол өзі шешеді, ал соңғыларының оның ішкі жұмыстарына араласуына құқығы жоқ. Территориясының үлкендігіне, халқының санына, саяси режиміне тәуелсіз түрде мемлекет егемендікке ие болады.
Мемлекеттік биліктің үстемділігі:
оның барлық тұрғылықты халыққа және қоғамның барлық әлеуметтік құрылымына еш күмәнсіз таралуын;
саясаттың басқа субъектілерінің қолында жоқ әсер ету құралдарын қолданудың монополистік мүмкіндігін (мәжбүрлеу, күштеу тәсілдері, тіпті өлім жазасына дейін);
билік өкілеттіктерін өзіне тән нысандарда, ең алдымен заңдық нысанда жүзеге асыруын (құқықшығармашылық, құқыққолдану және құқыққорғау);
егер де мемлекеттің нұсқауларына сәйкес келмесе, мемлекеттің бастамасын жоққа шығарып, саясаттың басқа субъектілерінің түкке тұрғысыз актілерін тануын білдіреді.
Мемлекеттік егемендік аумақтың бір тұтастығы мен бөлінбейтіндігі, аумақтық шекараларға қол сұғылмау және ішкі істеріне араласпау секілді мемлекеттің тұғырын калайтын принциптерді қамтиды. Егер қандай да бір шетелдік мемлекет немесе сыртқы күш бір мемлекеттің шекарасын бұзса немесе оны сол мемлекеттің халқының ұлттық мүдделеріне сәйкес келмейтін қандай да бір шешімді қабылдауға мәжбүр етсе, бұл жағдай оның егемендігінің бұзылғандығын білдіреді. Ал бұл дегеніміз осы мемлекеттің әлсіздігін және оның өзінің егемендігін және ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қамтамасыз ете алмайтындығының белгісі.
Мемлекет үшін «егемендік» ұғымы, адам үшін «құқықтар мен бостандықтар» ұғымының түсінігімен бірдей. Мемлекеттің егемендігі экономикалық, саяси және құқықтық аспектілерді қамтиды.
Мемлекеттің егемендігінің экономикалық негізі аумаққа, белгілі бір меншікке, мәдени құндылықтарға және т.б. ие болу болып табылады.
Егемендіктің саяси негізі – тұрақты, қалыптасқан мемлекеттің өмір сүруі, биліктің жеткілікті дамыған саяси ұйымының бар болуы.
Егемендіктің құқықтық негізі конституциялар, заңнамалар, декларациялар, мемлекеттердің тең құқылығын, олардың аумақтық тұтастығын, ішкі және сыртқы істеріне араласпаушылықты, ұлттардың өзін өзі белгілеу құқығын білдіретін халықаралық құқықтың жалпыға бірдей қағидалары болып табылады.
Мемлекеттің белгісі ретінде егемендік оны саяси қарым-қатынастардың ерекше субъектісі, қоғамның саяси жүйесінің басты бөлігі ретінде сипаттайды.