Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

74. Құқықтық нигилизм түсінігі және нысандары

Құқықтық нигилизм - әлеуметтік нигилизмнің бір түрі, жалпы алғанда құқыққа, заңға, құқықтық тәртіпке деген жарамсыз-қарсы, сыйламаушылық қатынас.

Себеп – тұрғындардың көпшілігінің заңды қадірлемеушілігі, құқықтық тәрбиесіздігі. Тұғырында қоғамға деген құқықтың қажетсіздігі жатыр.

Құқықтық нигилизм - әлеуметтік қатынас өнімі, ол көп себептер және салдармен негізделген. Жекелеп алғанда, мемлекеттік қызметкерлердің құзыретсіздігі, саясаттылық және шенеуніктердің популизмі сияқты қазіргі таңдағы келеңсіз жағдайлармен тығыз байланысты. Нигилизм субъектінің өз әлеуметтік-құқықтық мәртебесімен қанағаттанбауының, оның пікірі бойынша өзінің потенциалды мүмкіндігін дұрыс бағаламауының нәтижесі.

Оның көрінісінің саналуан қыры, жақтары, нысандры бар:

  1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын тікелей және біле тұра бұзу.

  2. Құқықтық нұсқауларды жергілікті көпшіліктің орындамауы және сақтамауы, яғни субъектілер (азаматтар, лауазымды тұлғалар, мемлекеттік органдар, қоғамдық мекемелер) өз мінез-құлықтарын құқықтық норма талаптарына сай орындамауы, ал «өз ережелерімен» өмір сүруге және әрекет етуге ұмтылу.

  3. Бір-бірін теңдестіруге тиісті нормативтік құқықтық актілердегі коллизиялар (дау-таластар), қарама-қайшылықтар және бәсекелестер. Кей кезде заңға тәуелді актілер заңдардан жоғары тұратыны бар. Оның себептерінің бірі қабылданатын көптеген құқықтық нормалар өзара сәйкеспейді, нашар синхрондалады, соның нәтижесінде коллизияға (дауға) ұшырайды.

  4. Саяси, идеологиялық заңдылықты алмастыру немесе прагматикалық мақсаттағы құқықтық емес алаңдардағы органдардың және әртүрлі лауазымда адамдардың әрекеті, ҚР әрекет етуші құқық шеңберінен тыс өз мүдделерін іске асыруға ұмтылуы. Өздерінің істері үшін немесе ісмер ойлары үшін заңдарды аттауға болады деген бағдар жоғары қызметтегі шенеуніктердің көбісінің ақылына сыйымды. Сондықтан бізде соңғы жылдары целесообразность, күш көрсету тәсілдері, авторитарлық ықтиярлық, зорлық-зомбылық, негізделмеген (ниеті анықталмаған) қызметтен кетулер және қызметке тағайындаулар және т.б. келеңсіз құбылыстар үстемдік етуде.

  5. Әртүрлі мемлекеттік органдардың және де өкілетті және атқарушы құрылымдардың конфронтациясы. Бұндай құбылыстың бірден-бір себебі нақты бағынушылық пен өзара қарым-қатынастың болмауы. Келесі себебі, біз әлі күнге дейін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың құзыреттерін бөлмегендікке байланысты.

  6. Құқықтық нигилизмніңі көрініс табатын нысаны мен нақты қайнар көздерінің бірі адамдардың құқықтарының, соның ішінде өмір сүруге, ар-намыс, абырой, жеке меншікке, қауіпсіздікке деген құқықтардың бұзылуы.

  7. Соңында, құқықтық нигилизмнің кейбір ғылыми ұстындардан туындайтын теориялық нысанын бөліп көрсетуге болады. Құқық бұрын да қазір де прагматикалық түйінде, мәдени және әлеуметтік құндылық ретінде емес, яғни саяси шешмді шешу әдіс, құрал ретінде түсіндірілген.

Құқықтық нигилизмді жою жолдары: тұрғындардың жалпы құқықтық мәдениетін және құқықтық санасын жоғарлату; құқықбұзушылықтың және соның ішінде қылмыстың алдын-алу; мемлекеттік тәртіпті, заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту; жеке тұлға құқығын қадірлеу және жалпы әлемдік деңгейде қорғау; тұрғындарды құқықтық жалпыға оқыту және құқықтық мәдениетті көтеру шараларын ұйымдастыру; жоғары дайындалған заң мамандарын және т.б. әзірлеу.