Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

76. Заңдылық жағдайына әсер етуші факторлар.

Заңдылықты қамтамасыз ету қоғамдық қатынас субъектілерінің мінез-құлқына (іс-әрекетіне) нақты бағытталған әрекетті талап етеді. Бұл үрдіске тиімді әсер ету үшін құқық нормасын іске асыру тетігін, мінез-құлыққа әсер етуші факторларды, олардың құқықтылығын және құқықсыздығын анықтай білу, және мінез-құлықты басқаруға көмектесетін құралдарды білу қажет. Заң әдебиеттерінде заңдылықты қамтамасыз ету жағдайы, дәстүрлі түрде заңдылық кепілінің әсер ету нәтижесі ретінде қарастырылады: жалпы (экономикалық, саяси, идеологиялық) және арнайы (нормативтік және ұйымдастырушылық-құқықтық). Сонымен қоса шынайы өмірдегі толып жатқан жағымсыз әсер етуші әрекеттер, бұзушылықтар және жетіспеушіліктер есептелмейді.

Адамдардың құқықтық мінез-құлқына, осыған орай, заңдылық жағдайына әртүрлі факторлар әсер етеді: экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық, психологиялық, құқықтық, ұйымдастырушылық және т.б. Бұл әсерлер құқықтық мінез-құлыққа ықпалын жүргізетін және заңдылықты нығайтатын жағымды және адамдарды құқыққа қарсы қылықтарға итермелейтін, заңдылық режимді бұзатын жағымсыз болуы да мүмкін.

Осы факторлар жүйесінің негізгі төрт деңгейін бөліп көрсетуге болады: жалпы әлеуметтік, аймақтық (облыс, аудан және с.с.), топтық (ұжым, отбасы және с.с.) және жеке.

Факторлар арасынан заңдылық жағдайына мәнді әсер етушілерді бөліп көрсету дұрыс:

А. Жеке тұлғаға қатысты факторлар. Бәрінен де бұрын бұл құқықтық сана деңгейі. Адамгершілік сана үлкен рөл атқарады. Әлбетте осыған негізделе отырып құқықтық құндылыққа деген қатынас қалыптасады және осыған сәйкес мінез-құлық нұсқасын таңдау жүзеге асырылады. Сол сияқты жеке тұлғаның жалпы мәдениеті деңгейі, саяси санасы және интелектуалдық, эмоциялық, еріктік – психологиялық қасиеттері де біршама әсер ететіні ықтимал.

Б. Сыртқы орта факторлары:

  1. әлеуметтік-экономикалық (қоғамның экономикалық даму деңгейі, меншік нысанының көптүрлілігі, экономикалық бостандық және т.б.);

  2. саяси (конституциялық құрылыс демократиялылығының деңгейі, қоғамның саяси жүйесі, саяси жариялылық, көп партилылық, биліктің тармақталуы және т.б.);

  3. қоғамдық (заңнамалардың бұзылуымен күресу мақсатта қоғамдылықпен қолданылатын елде қалыптасқан алдын-алу және басқа да шаралар кешені);

  4. идеологиялық (құқықтық сана дамысының деңгейі, азаматтар арасында заң білімдерінің таралғандығы, құқық талаптарын қадірлеушілік, қоғамдағы адамгершілік тәрбие деңгейі);

  5. арнаулы-заңи (алдын-алу мақсатта қолданыстағы заңнамада бекітілген әдістер мен құралдар, құқықтық талаптарды бұзуды тыю және жою); Арнаулы-заңи кепілдіктерге жекелеп айтқанда, заңнамада бекітілген арнайы қағидаларды ( мысалы, кінәсіздік презумпциясы), институттарды (қылмыстық істі қозғау), процедураларды (қылмыстық және азаматтық істі қарау тәртібі), құралдарды (көтермелеу және жазалау және т.б.) жатқызады.

77. Заңдылық және тәртіп. Тәртіп түрлері.

Заңдылық – барлық азаматтардың, лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың және барлық заңды тұлғалардың құқық нормаларын қатаң және бас иіп сақтауы.

Заңдылық талаптардың субъектілері, оның адрессаттары – барлық азаматтар, олардың мекемелері, лауазымды адамдар, мемлекеттік органдар. Дегенмен, әдебиеттерде мынадай пікір кездеседі, заңдылық қағидасы мемлекеттік органдар мен лауазым тұлғаларының қызметіне қатыстылығы басым, осында ғана заңдылықтың нақты мағынасы ашылады. (75 сұрақта кең қарастырылған).

Тәртіп дегеніміз – қоғамда қалыптасқан әлеуметтік нормаларға сәйкес келетін адамдардың мінез-құлқына қойылатын белгілі талаптар.

Тәртіп – бәрінен бұрын мінез-құлықпен, іс-әрекетпен байланысты ұғым. Онда, біріншіден, қоғамның жеке адамдарға және ұжымдарға деген талаптары, екіншіден, адамдардың мінез-құлқының қоғам мүддесіне сәйкес келуі тұрғысынан бағаланатын әлеуметтік бағасы және шкі мәдениет көрініс тапқан.

Белгілері: 1/ Тәртіп субъективті әлеуметтік байланысы нысаны, ол бірлескен әрекет үрдісінде жасалады және жүзеге асырылады.

2/ Ол бір субъектінің өзгеге бағынуымен байланысты, ол белгілі бір биліктік немесе беделді талаптарды, бағытты анықтайды.

3/ заңдық және өзге әлеуметтік міндеттердің болуымен байланысты.

4/ бұл нормативті сипаттағы құқықтық актілерде ғана емес, сондай-ақ құқық қолдану, интерпретациялық, келісімдік, нормативті және жеке заңдық емес нұсқауларда мазмұндалатын міндеттерді орындау. Көбінесе құжат - актіні емес, әрекет актіні /бұйрық, тапсырма, бастық өкімі/ орындау түрінде кездеседі.

5/ Тәртіп мақсаты әлеуметтік байланыстарды ретке келтіру жағдайы. Оның нәтижесі қоғамдық тәртіп.

Түрлері: 1/ мемлекеттік – мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптардың орындалуымен байланысты туындайтын тәртіптің бір түрі;

2/ еңбектік – бұл еңбек үрдісінде оның қатысушылары белгілі тәртіпке міндетті бағынатын адамдардың ара байланысының қоғамдық түрі;

3/ әскери – заңда, жарлықта, бұйрықта және т.б. бекітілген әскериқызмет ережелерін сақтау.

Тәртіп пен заңдылық арақатынасы: 1/ мақсаты бір болғандықтан өзара әрекеттестікте болады

2/ тәртіпті нығайту заңдылықты нығайтуға әсер етеді

3/ Тәртіп көлемі бойынша заңдылық түсінігінен кең. Тәртіп нормативті-құқықтық талаптарды ғана емес, жеке-құқықтық, құқық қолдану талаптарын орындауды білдіреді.