Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

46. Романо – германдық құқықтық семья

Заң әдебиеттерінде келесі түрдегі құқықтық семьяларды бөліп көрсетеді:

  • континентальді Еуропаның нормативті – заңнамалық жүйе семьясы, романо-германдық құқық (бұл жүйелерде бірінші орында заң тұрады)

  • нормативті-соттық, англосаксондық құқықтық жүйе семьясы – АҚШ, Ұлыбританияның прецеденттік құқығы (бұл жүйелерде сот практикасы, прецедент басымдылық танытады);

  • діни –дәстүрлі құқықтық жүйе семьясы – мұсылман құқығы, индус құқығы, Африка елдерінің (бұл жүйелерде дін мен әдет – ғұрып анықтаушы рөл ойнайды) кәдімгі (дәстүрді) құқығы. Романо – германдық құқықтық отбасына континентальді Европаның (Италияның, Францияның, Испанияның, Португалияның, Германияның, Австрияның, Швейщарияның); Солтүстік Африканың; Оңтүстік Американың; Японияның; Ресей мен Қазақстанның құқықтық жүйелері жатады. Олардың айырмашылықты негіздері мынада жатыр, көрсетілген құқықтық семьяның негізгі қайнар көзі нормативтік – құқықтық акт болып табылады.

Романо – германдық құқықтық семьяның пайда болуына негіз болған рим құқығы.

Романо – германдық құқықтық семьясын келесі белгілері бойынша ажыратады:

  • оның қайнар көзі, біртұтас сатылы жүйені құратын нормативтік – құқықтық актілер болып табылады;

  • берілген сатылы нормативтік құқықтық актілер жүйесінің басында жоғары заңдық күшке ие конституция (негізгі заң) тұр;

  • құқықтың басты жасаушысы соттар емес, заңшығарушылар болады;

  • нормативтік жалпылаудың жоғары деңгейіне жету жіктелген нормативтік актілердің көмегімен орындалады;

  • заңға бағынышты нормативті актілер (регламенттер, нұсқаулар, циркулярлар және т.б.) маңыздылыққа ие;

  • құқық жеке және жария болып, сондай – ақ салаларға бөлінеді;

  • құқықтық әдет ғұрып және заңдық прецедент көмекші, толықтырушы қайнар көз ретінде болады;

  • бірінші орында міндеттер емес, адам және азамат құқықтары болады;

  • берілген құқықтық семьяның құрлысының негізгі қағидалары (теориясын) университеттерде өңделген және өңделіп жатқан заңдық доктрина ерекше маңыздылыққа ие.

47. Англосаксондық құқықтық семья

Заң әдебиеттерінде келесі түрдегі құқықтық семьяларды бөліп көрсетеді:

  • континентальді Еуропаның нормативті – заңнамалық жүйе семьясы, романо-германдық құқық (бұл жүйелерде бірінші орында заң тұрады)

  • нормативті-соттық, англосаксондық құқықтық жүйе семьясы – АҚШ, Ұлыбританияның прецеденттік құқығы (бұл жүйелерде сот практикасы, прецедент басымдылық танытады);

  • діни –дәстүрлі құқықтық жүйе семьясы – мұсылман құқығы, индус құқығы, Африка елдерінің (бұл жүйелерде дін мен әдет – ғұрып анықтаушы рөл ойнайды) кәдімгі (дәстүрді) құқығы.

Англосаксондық құқықтық семьяға Англияның, АҚШ-тың, Канаданың, Австралияның, Жаңа Зеландияның және т.б. ұлттық – құқықтық жүйелерін жатқызады.

Берілген семьяның белгілерінің ішінен келесілерді бөліп көрсетуге болады:

  • құқықтық негізгі қайнар көзі соттық прецедент (нақты іс бойынша соттармен қалыптастырылған және ұқсас істерге таралатын мінез құлық ережелері ) болып табылады;

  • заңдық прецеденттер жеке (казустикалық) сипатта болады;

  • құқықты қалыптастыруда (құқық шығармашылықта) басты рөл, мемлекеттік органдар жүйесінде ерекше жағдайды иеленетін соттарға беріледі;

  • бірінші орында міндеттер емес, ал ең алдымен сотпен қорғалатын адам және азаматтың құқықтары тұрады;

  • көбінесе материалдық құқықты анықтайтын процессуалдық құқық (процедуралық дәлелдеуші) басшылықты маңызға ие;

  • жіктелген құқық саласы болмайды;

  • құқықты жеке және жария деп классикалық бөлу көрсетілмеген;

  • статуттық құқық (заңнама) және заңдық әдет ғұрып көмекші, толықтырушы қайнар көз ретінде болады;

  • заңдық доктрина ережеге сай прагматикалық, қосалқы сипатта болады.