Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

75. Заңдылық түсінігі және қағидалары

Заңдылық – барлық азаматтардың, лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың және барлық заңды тұлғалардың құқық нормаларын қатаң және бас иіп сақтауы. Заңдылық талаптардың субъектілері, оның адрессаттары – барлық азаматтар, олардың мекемелері, лауазымды адамдар, мемлекеттік органдар. Дегенмен, әдебиеттерде мынадай пікір кездеседі, заңдылық қағидасы мемлекеттік органдар мен лауазым тұлғаларының қызметіне қатыстылығы басым, осында ғана заңдылықтың нақты мағынасы ашылады.

Заңдылық теориясында даулы мәселелер көп кездеседі. Заңдылық анықтамасы біршама пікірталас тудырады. Ғылыми әдебиеттерде объективтік (қарастырып отырған құбылыстың абстрактілігі және күрделілігі) және сол сияқты кейбір субъективтік себептерге негізделе келе, заңдылық анықтамасының оншақты нұсқасы берілген. Заңдылық идея ретінде және құқықтың жалпыға міндетті талабы ретінде, сол сияқты қағида (мемлекеттік аппарат қызметі мен ұйымдастырылуының негізгі қағидаларының бірі) ретінде және заң қызметінің құқық нормасымен сәйкес келуіні көрсететін қасиет ретінде, және қоғамды мемлекеттік басқару (мемлекет әртүрлі нормативтік-құқықтық актілер қабылдау жолымен қоғамды басқарады, осы құқық нормаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді) әдісі ретінде, сол сияқты қоғам өмірінің режимиі ретінде де түсіндіріледі.

Заңдылыққа екі шарт қажет: 1/ құқықтық, әділ, ғылыми негізделген заңдардың болуы /мазмұндық жағы/;

2/ олардың орындалуы /формальды жағы/.

Заңдылық пен олардың принциптерінің ара қатынасына құқық теориясында методологиялық аксиома қалыптасқан: принцип-мазмұн, заңдылық категориясы - олардың көрінісі болып табылады.

Заңдылық қағидалары:

  1. біртұтастық (мемлекеттің барлық аумағында нормативтік актілер бірдей түсініледі және бірдей қолданылады);

  2. Конституцияның және заңның жоғарлылығы (Конституцияға және заңға барлық нормативтік және жеке құқықтық актілердің бағыныштылығы; қандай орган қабылдаса да заңға қайшы келетін құқықтық акт заңдылықты бұзады);

  3. адам және азаматтардың құқық және бостандықтарының кепілдігі (бір жағынан, заңдылықсыз азаматтардың құқықтары мен бостандықтары іске аспайды, немесе заңдылық олардың маңызды кепілі болып табылады; екінші жағынан, құқықтар мен бостандықтардың өзі, олардың жүзеге асырылуы қоғамдағы демократия мен заңдылықтың көрсеткіші болап табылады);

  4. заңдылықтың мәдениетпен ара байланысы (қоғамның және лауазымды адамның мәдени деңгейінен заңдылық жағдайы байқалады; және керісінше, заңнаманы сақтау қоғамның мәдени деңгейінің көрсеткіші және мәнді шарттарының бірі);

  5. заңдылық пен мақсатқа лайықтылықтың ара байланысы (мақсатқа лайықтылықты көздеп заңды аттап, пайда, кіріс табуға болмайды; мақсатқа лайықтылық заң шеңберінде болуға тиісті);

  6. кінәсіздік презумпция қағидасы 1995 жылғы ҚР Конституциясының 77 бабының 3 тармақшасында көзделген., келесідей редакцияда берілген: «адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі».