Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

40. Заң: түсінігі, белгілері және түрлері

Нормативтік акт құқық жүйесінде өзара белгілі бағыныштылықта болады және сондықтан да біркелкі емес заңдық күшке ие. Нормативтік актінің заңдық күші қандай орган қабылдағанына және бұл орган мемлекет механизмі жүйесінде қандай орын алатына байланысты. Мемлекеттік аппарат жүйесінде мемлекеттік органның орны жоғары болған сайын қабылданған нормативтік құқықтық актінің заңдық күшінің дәрежесі соншалықты жоғары болады. Нормативтік құқықтық актінің заңдық күшін басқа да нормативтік құқықтық актілердің мүмкіндігімен салыстырған кезде оның құқықтық мүмкіндігі ретінде түсінуге болады. Нормативтік құқықтық акт заңдық күші бойынша заңдар және заңға бағынышты актілер деп бөлінеді.

Заң түсінігі «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1 бабының 7 тарм. бекітілген – бұл қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61- бабының 3- тармағында көзделген түбегейлі принциптер мен нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын нормативтік құқықтық акт. Құқық теориясында келесі анықтама берілген: заң – мемлекеттің және қоғамдық өмірдің әлде қайда маңызды саласын реттейтін және ерекше тәртіппен қабылданатын, жоғары заңдық күшке ие нормативтік- құқықтық акт.

Заңның белгілері:

  1. тек заң шығарушы билік немесе референдум арқылы қабылданады, (Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды);

  2. оны әзірлеу және шығару тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңда және Парламент палаталарының регламентінде анықталады;

  3. идеалында халықтың еркі мен мүддесін көздеуге тиіс;

  4. жоғарғы заңдық күшке ие (барлық заңға бағынышты актілер оған сәйкес келуге тиіс, оның нұсқауы негізінде және нұсқауының орындалу барысында қабылданады, яғни заңға бағынышты болуы керек);

  5. өте маңызды, іргелі қоғамдық қатынастарды реттейді.

Әлбетте осы белгілері нормативтік құқықтық актілер жүйесіндегі заңды бөліп көрсетеді және оның үстемділік қасиетін айқындайды. Заңды, қатаң келісілген тәртіппен ғана оны қабылдаған орган өзгертуге немесе тоқтатуға құқылы.

Заң көп бейнелі, сондықтан жіктеуді қажет етеді. Әрекет етуші заңнамалар жүйесіндегі мәнділігіне байланысты конституциялық және өтпелі заңдар деп бөледі.

Конституциялық заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылымның тұғырын қалайды, өтпелі заңнамалар үшін базалық қызмет атқарады. Олардың қатарына Конституция, Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар және оның мазмұнын нақтылайтын заңдар жатады. Конституция мемлекеттің Ата заңы болып табылады. Оның мәні мұнда, ол қоғамдағы саяси күштің орнын өрнектейді. Заңдық және деректік Конституциялар бар. Деректік Конституция қоғамдағы нақты қатынасты бейнелейді, осы қатынастардың құқықтық рәсімделуін заңды елестетеді. Бізде 7 қазан 1998 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзхгерістер мен толықтырулар енгізілген конституциялық заңға мысал бар. Негізгі әрекет етуші заңның толық атауы – 30 тамыз 1995 жылғы 7 қазан 1998 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Конституциясы. Қазақстан Республикасында конституциялық заңдардың тізімі қанағаттанарлықтай деуге болады. Бұл жоғарғы мемлекеттік органдар туралы конституциялық заңдар – ҚР Президенті туралы, ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы, Үкімет туралы, Жоғарғы Сот туралы, Конституциялық Кеңес туралы.

Ағымдағы (кәдімгі) заңдар конституциялық заңдардың негізінде және оларды орындау үшін қабылданады, ағымдағы заңнаманы құрайды және елдің түрлі экономикалық, саяси, мәдени жақтарын реттейді. Олардың ішінен органикалық (жүйеленген) заңдарды және төтенше (ерекше) заңдарды бөліп көрсетеді.

Органикалық жүйеленген заңдар қоғамдық өмірдің белгілі бір саласын кешенді реттейтін мақсатты акт ретінде көрініс табады. Мысалы, 1995 жылғы ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлім), 1997 жылғы ҚР Қылмыстық кодексі., 10.12.1999 жылғы Еңбек туралы заң.

Төтенше заңдар экономикалық, әлеуметтік себептерден туындаған төтенше жағдайларда қабылданады. Олар уақытша сипатта болады.

Заңдар әрекет ету мерзімі бойынша былайша жіктеледі:

  • тұрақты заңдар (ҚР Конституциясы, «азаматтық туралы» ҚР заңы);

  • уақытша заңдар («2002 жылға ҚР бюджет туралы» заңы).