Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

87. Азаматтық қоғам: ұғымы мен құрылымы.

Азаматтық қоғам әлеуметтік құрылымдардың қоғам өмірінің дербес саласы ретінде мемлекеттен бөлектенуі нәтижесінде туындайды.

Мемлекет;отбасы, тайпа, ұлт, діни және басқа да қоғамдық ұғымдардан айырмашылығы «азаматтық қоғам» категориясы ХVIII- ХIХ ғғ. зерттеу пәніне айналып, Гегельдің «құқық философиясы» еңбегінде жете зерттелді.

Азаматтық қоғам- бұл әлеуметтік, мәдени, рухани салалар тіршілігінің қамтамасыз етілу жүйесі, олардың өсіп- өніп ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы, жекелеген индивидтер мен ұжымдардың мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыру, олардың дербес өсуіне жағдай жасауға арналған (дербес, мемлекеттен тәуелсіз) қоғамдық институттар мен қатынастардың жүйесі. Бұл мүдделер мен қажеттіліктер азаматтық қоғамның отбасы, діни орталықтар, білім беру жүйесі, ғылыми, кәсіптік бірлестіктер, ассоцияция сияқты институттары (қоғамдық элементтері) арқылы білдіріліп, қанағаттандырылады.

Азаматтық қоғамның белгілері:

  • адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын барынша толық қамтамасыз ету;

  • өзін- өзі басқаруы;

  • оның құрылымдарының және адамдардың әр түрлі топтарының бәсекелестігі;

  • еркін қалыптасатын қоғамдық пікірлер мен плюрализм;

  • адамның ақпарат алу құқығының нақты іске асуы;

  • көп салалы экономика;

  • биліктің заңды және демократиялық сипаты;

  • құқықтық мемлекет;

  • адамдардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ететін мемлекеттің лайықты әлуметтік саясаты.

Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы бірнеше ғасырларға жалғасты. Бұл үрдіс біздің елімізде де, әлемдік деңгейде де аяқталған жоқ. Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшелігі- дамыған саяси институттардың жоқтығынан мемлекет өзі әр түрлі қоғамдық мүдделерді ескеру көзі мен бастамасы болып отыр.

88. Азаматтық қоғам және Қазақстандағы мемлекет.

Қазақстандағы азаматтық қоғам біздің еліміздің нақты жағдайларында пайда болып, дамуда. Сонымен бірге азаматтық қоғамның негізгі белгілерін және оның мемлекетпен өзара қарым- қатынасын анықтауда біздің Республикамыздың Президенті адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы, 1966 жылғы әлеуметтік, экономикалық және саяси құқықтар туралы пактілер тәрізді бірқатар халықаралық тәжірибелерді ұтымды пайдаланды. Азаматтық қоғам тіршілігіне негіз болатын қағидалар, оның мемлекеттен дербестігі және тәуелсіздігі болып табылады. Онсыз азаматтық қоғамның өзі де болмас еді. Сонымен бірге азаматтық қоғамның дербестігі және еркіндігі мемлекет үшін де қалыпты жағдай болып табылады. Өйткені мемлекетпен қудаланбаған қоғам ғана сол мемлекеттің беріктігін, демократиялық және құқықтық мемлекетті тудырады. Қоғамға үстемдік орнатқан мемлекет қаншалықты берік болып келгенімен, оның ғұмыры ұзақ болмайды. Бұны барлық әлемдік тарих дәлелдеген. Бірақ бұл мемлекетпен азаматтық қоғамның мүлдем алшақтығын білдірмейді. Мемлекет азаматтық қоғам элементтері қызметінің құқықтық негіздерін, олардың неке мен отбасы, қоғамдық бірлестіктер, кәсіпкерлік қызмет туралы және т.б. нормативтік актілердегі өзара қарым – қатынасын бекітеді, Яғни белгілі бір шектерде азаматтық қоғам өмірінің құқықтық реттелуін қамтамасыз етеді Бұндай белгіленген тәртіп жалпы сипатқа ие және азаматтық қоғамның ішкі бостандығына нұқсан келтірмейді. Тіпті бұнсыз азаматтық қоғамның өміршеңдігі болмас еді және өзіндік сипатын сақтай алмас еді. Мемлекет тарапынан белгіленген тәртіпсіз (регламентация) азаматтық қоғам мемлекеттің өзінен, оның органдары мен шенеуніктерінің аталмыш қоғам өміріне заңсыз араласуынан қорғалмаған болар еді. Жалпы алғанда, өзінің реттеушілік рөлінсіз мемлекет қоғамды басқарудағы мәнін жоғалтар еді, яғни мемлекет мемлекет болмас еді.Белгіленген тәртіп азаматтық қоғам элементтерінің қалыпты қарым – қатынастарын қамтамасыз етеді, әрбір азаматтық қоғам элементінің дербестігі бұзылуының алдын алады. Азаматтық қоғамның негізі жеке меншік болып табылады. Сондықтан ҚР- да жеке меншіктің құқықтық реттелуіне көп көңіл бөлінеді, оның дамуы ынталандырылып, кәсіпкерлік еркіндігі қамтамасыз етіледі.

Қазақстанда азаматтық қоғамның осындай негіздерінің бекітілуі экономикалық реформаларды жүзеге асыру кезеңдерімен сәйкес келеді. Бұл- жеке меншікті, оның мемлекеттік меншікпен теңдігін тану, мемлекет меншігіне алу, жекешелендіру шағын және орта бизнесті қолдау және т.б.

Азаматтық қоғам дамуының бір белгісі азаматтардың, соның ішінде кәсіпкерлердің азаматтық қоғам элементтері ретінде өздерінің мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелерін орындау болып табылады. Азаматтық қоғамның маңызды элементінің бірі отбасы екендігі белгілі. ҚР- сы отбасы мен мемлекеттің өзара қатынасының барлық халықаралық стандарттарын танып, аналар мен балаларды қолдау саясатын жүргізіп келеді.

Азаматтық қоғамның тағы бір элементі қоғамдық бірлестіктер болып табылады. Қоғамдық бірлестіктер – бұл бұл заңдарға қайшы келмейтін ортақ мақсаттарға жету үшін еріктілік негізде құрылған саяси партиялар, кәсіподақтар және азаматтардың өзге де бірлестіктері. Олар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Мемлекет қызметін қоғамдық бірлестіктерге жүктеу немесе керісінше жағдайға ҚР-сы Конституциясы жол бермейді. Соңғы жылдары Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың, соның ішінде құқық қорғаушы ұйымдардың қызметіне көп көңіл бөлінуде. Біздің еліміздің азаматтық қоғамының субъектісі болып БАҚ табылады. Мемлекет басшысы журналистердің ақпаратқа қол жеткізу және сөз бостандығына кедергі болатын кез келген кедергілерді жою бойынша мәселелерді үнемі бақылап отырады. Республикада қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты, оның ішінде ұлтаралық және діни- наным аралық келісімдерді сақтау, нығайтуға, сол сияқты халықтың рөлін арттыру үшін жағдай туғызылады. Біздіің мемлекетіміздің қазіргі саясаты және елбасымыздың жеке саясаты мемлекеттік биліктің бірден – бір қайнар көзі ретіндегі халықтың шешуші рөлінен және конституциялық мәртебесінен туындайды. Президент мемлекет өмірінің неғұрлым маңызды мәселелерін халықпен бірлесіп шешеді.