Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать
  1. Мемлекеттің пайда болуының экономикалық және әлеуметтік алғы шарттары.

Бір жарым миллионнан аса уақыттан бері, жануарлар әлемінен бөлініп, адам алғашқы қауымдық қоғам жағдайларында өмір сүрді.

Алғашқы қауымдық құрылыс адамзат тарихындағы ең ұзақ кезең болды. Оның төменгі шегін анықтау оңай емес, себебі мамандар табылып жатқанбіздің ата бабаларымыздың сүйек қалдықтарынан біресе адам тектесті, біресе адамды көреді, және әр уақытта басымдырақ күш алған пікірлер өзгере береді. Қазіргі кезеңде ғалымдардың көпшілігі ежелгі адам (және алғашқы адам да, жабайы қоғам да) 1,5-1 миллион жыл бұрын пайда болды деп санайды. Алғашқы қауымдық құрылыстың жоғарғы шегі болса, соңғы 5-6 мың жылдардың шегінде болды, ол әртүрлі континенттерде өзгеше. Азия мен Африкада алғашқы мемлекеттер б.э.д. 4 және 3 мыңжылдықтарда, Америкада б.э. 1 мыңжылдығында, жер шарының басқа бөліктерінде одан да кейінірек пайда болды.

Алғашқы қауымдық құрылысқа келесі сипаттар тән болды:

  • қарапайым қарудың (құралдардың) ғана болуы және адамның тайпаның көмегінсіз өзін тамақпен, киіммен, үй-жаймен қамтамасыз ете алмауы. Бірақ адамдар біріге, ұжымдаса еңбектенгенмен, өздері тұтынғаннан артық өндіре алмады. Сондықтан мұндай қоғамда өнімдердің артықшылығы, жеке меншік болмады, және соған сәйкес кедейлер мен байлар болмады. Экономикалық тұрғыдан барлығы тең болды. Экономикалық теңдік саяси теңдікті туындатты. Топтың барлық ересек адамдары – еркектер де, әйелдер де топтың қызметімен байланысты қандай да болсын сұрақты талдауға және оны шешуге қатысуға құқылы болды.

Қоғамдық (әлеуметтік) билік өзіндік сипатта болды:

Біріншіден отбасылық қатынастарға негізделді, себебі қоғамның ұйымдастырылуының негізі ру (рулық қоғам) болды, яғни адамдардың туыстығы бойынша бірігуі, сондай-ақ мүлік пен еңбектің бәріне жалпылылығы. Ру ешқандай тәртіпсіз жыныстық байланыстардың орнына ұжымдық, содан соң парлық некеге негізделген отбасы келген кезеңде қалыптасты. Әрбір ру шаруашылық бірлік, өндіріс құралдарының меншік иегері, жалпы еңбек үрдісін ұйымдастырушы ретінде болды. Рулар ірірек қауымдастықтарды (фратриялар, тайпалар, тайпалардың одақтары) құрады. Ру (рулық қоғам) алғашқы қауымдық қоғамның өмірінде шешуші роль атқарғандықтан, бұл кезең «алғашқы қауымдық құрылыс» деп, ал оның әлеуметтік ұйымы – рулы тайпалық атала бастады. Әдетте, әлеуметтік билік ру көлемінде шектеліп, оның ерігін білдірді және қандас-туыстық байланыстарға негізделді;

2) тікелей қоғамдық болды, алғашқы демократияның бастауынан, өзін өзі басқарудан құрылды (яғни биліктің субъектісі мен объектісі сәйкес келді) ;

  1. ру мүшелерінің беделіне, қадіріне, салт-дәстүріне сүйенді;

  2. билік органдары тұтастай қоғамның өзі (рулық жиналыстар, жиналулар) және алғашқы қауымдық қоғамның өмір сүруге байланысты қандай да болсын сұрақтарын шешетін оның өкілдері (тайпа ақсақалдары, ақсақалдар кеңесі, әскери қолбасшылар, көсемдер, жрецтер) болды.

Табиғи-климаттық жағдайлардың өзгеруі жер шаруашылығының пайда болуына әкелді. Ірі қоғамдық еңбекті бөлу болды. Өзіне алушы экономикадан өндіруші экономикаға революциялық көшу жүзеге асырылды, ол алғашқы қауымдық қоғамның әлеуметтік қатынастарының жүйесін түп тамырымен өзгертті. Еңбек құралдары жетілдірілді, соның арқасында қолөнер өз бетінше өндіріс саласына айналды – бұл екінші ірі қоғамдық еңбекті бөлу болды. Үшінші еңбекті бөлу шикізат пен тағамды айырбастау болды.

Еңбекті жекелендіру және қосымша өнім алу меншіктік қатынастарында өзгерістердің болуының және жеке меншіктің пайда болуының негізі болды.

Басқарушылық қызметінің көлемі де күрделендірілді, ру-тайпалық басқарушылардың саны өсті. Оның көшбасшылары өз еркімен мұрагерлерін тағайындады, өндірістің құралдарын басқарды. Жария билігі қоғамнан алыстай түсті.

Жоғарыда аталған барлық себептер мемлекеттің жария билігі ретінде қалыптасуына септігін тигізді.