Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

33. Құқық нормасы мен нормативтік акт баптарының ара қатынасы

Құқық нормасы мен нормативтік акті бабы ұқсас емес ұғымдар, жиі жағдайда олар сәйкес келуі мүмкін. Құқық нормасы – гипотеза, диспозиция және санкциядан тұратын мінез-құлық ережесі, ал заңнама актісінің бабы – мемлекеттік ерікті білдіретін нысаны, құқық нормасын жүзеге асыру құралы.

Құқық нормасы құқық мазмұны ретінде, оның нысаны ретінде нормативтік актінің бабымен әр түрлі қатынастарға түседі;

  • құқық нормасы және нормативтік құқықтық актінің бабы сәйкес келуі мүмкін (басқаша айтқанда бір құқық нормасы – бір бабта ҚР ҚК 106 бабы);

  • нормативтік актінің бір бабында бірнеше құқық нормасы болуы мүмкін (ҚР Конституциясының 61 бабында 7 норма; ҚР ҚК 96 бабында 14 құқықтық норма бар);

  • құқық нормасының құрамдас бөлігін нормативтік актінің бірнеше баптарында сипаттау (ҚР ҚК 24 бабының 1 бөлімі және 96 баптың 1 бөлігі – адам өлтіруге дайындалу);

34. Құқық нормасының жіктелуі

Құқық нормасының жіктелуі құқықтық реттеу жүйесіндегі заңдық норманың орнын және рөлін нақты анықтайды, оның тағайындалуын және табиғатын терең тануға мүмкіндік береді.

Құқықтық норманы келесі негізгі түрлерге бөледі:

  1. функционалдық рөліне қарай: қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу негізін, оның мақсатын, міндеттерін, шегін, бағытын анықтайтын бастаушы нормалар (бұл, мысалы, қағидаларды жариялайтын декларативті нормалар; нақты заңдық түсініктердің анықтамасын баяндайтын дефинитивтік нормалар және т.б. );

кез келген құқық салаларының жалпы бөліміне тән және құқық салаларына сәйкес институттарының басым бөлігіне немесе барлығына таралатын жалпы нормалар;

кез келген құқық саласының кейбір институттарына қатысты және оларға тән ерекшеліктерді және т.б. есепке ала отырып, қандай да бір біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін арнайы нормалар (олар жалпыны бөлшектейді, олардың жүзеге асырылу кеңістік шартын және уақытын түзейді, жеке тұлғаның мінез – құлқына құқықтық әсер ету тәсілі);

  1. құқық нормалары құқықтық реттеу пәніне байланысты конституциялыќ, азаматтыќ, ќылмыстыќ, єкімшілік, экологиялыќ жєне т.б. болып бµлінеді.

  2. қолдану аймағына байланысты нормалар жалпы, арнаулы және төтенше болып бөлінеді. Жалпы нормалар - барлық адамдармен заңдық ұйымдарды қамтитын анықтаушы қағидалық ережелерді бекітеді. Жалпы нормалармен қатар, өз әрекетін толық анықтаған адамдар тобына, органдарға, ұйымдарға арнаулы нормалар жұмыс жасайды, ал төтенше нормалар құқық субьектілерінің нақты түріне арналған, ерекше реттеуді қажет ететін жағдайларды көрсетеді.

  3. құқық нормалары қоғамдық қатынастарға қатысушылардың әрекетіне әртүрлі әсер етеді. Бұл әрекетке міндеттей алады немесе белгілі бір әрекеттерді жасауға өкілеттілік береді ең болмаса әрекет жасауға тыйым салады немесе әрекет жасауды көтермелейді. Құқық нормалары нормада қалыптасқан тәртіпке байланысты міндеттеуші, өкілдік беруші, тыйым салушы және көтермелеуші нормалар деп бөлінеді.

  4. қ±ќыќ нормалары зањ нормалары және заңға бағынышты акт нормалары деп бөлінеді. Заң нормалары өздерінің заңдық күшіне байланысты өзге норма-лардың арасында басты маңызды орынға ие болады. Заңға бағынышты нормалар заң нормаларына бағынышты солардың негізінде және оларды жүзеге асыру үшін, заңдарды орындау үшін шығарылады.

  5. нұсқау үлгілеріне байланысты құқықтық нормалар императивті, реко-мендательдік (ұсынушылық), диспозитивтік болуы мүмкін. Императивтік немесе қатаң нормалары қалыптасқан шарттар туғанда құқық субьектілерінңің әрекетін тікелей анықтайтын ережелерді бекітеді. Олар құқықтық қатынасқа түсушілердің еркі мен келісімімен өзгертіле немесе басқаша айырбастала алмайды.

  6. рекомендательді нормалар құқық субьектілерінің белгілі бір әрекетті жасауының мақсаттылығы, қажеттілігі туралы рекомендациялар мен кеңестерді мазмұндайды. Диспозитивтік нормалар қоғамдық қатынастарға түсушілерге құқықтар мен міндеттер жиынтығын екі жақтық келісім арқылы анықтауға мүмкіндік береді, тек екі жақтың келісімі болмаған жағдайда ғана жұмыс жасайды, норманың күшіне енеді.

  7. әрекет ету шегіне байланысты нормалар кеңістіктегі әрекетке байланысты жалпы және жергілікті, уақыт аралығындағы әрекетіне байланысты мерзімді және мерзімсіз, субьектілеріне байланысты жалпы арнаулы төтенше деп бөлінеді. Құқық нормаларының құрылысы бойынша реттеуші, дефинитивті, декларативті, өзге де нормалардың әрекетін реттейтін нормалар деп бөлуге болады.