- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
11.11. Эбола вирусы
Эбола ауруы (EVD) немесе Эбола геморрагикалық қызбасы (EHF). Эбола геморрагиялық қызбасы - Эбола вирусы тудыратын жұққыштығы жоғары жіті вирустық ауру. Сирек кездесетін, бірақ өте қауіпті ауру - 50-90 % клиникалық жағдайда өліммен аяқталады. Филовирустар (Filoviridae тұқымдастығы). Вирус Filoviridae тұқымдасына жатады, 3 түрге бөлінед: Лловиу, Марбург және Эбола. Соның ішінде 5 түрін анықтап, бөлген: Заир, Бундибуджио, Судан, Рестон және Таи форест. Осы аталғандардың алғашқы үшеуі Заир, Бундибуджио, Судан,- Африка елдеріндегі Эбола ауру тараған науқастарда анықталынған. 2014 ж Африка елінде таралған вирус түрі, ол Заир. Марбург және Эбола деген Африкалық геморрагиялық қызба ауруын шақыратын бір ғана туыстығы бар – Filovirus, Марбург вирусы африкалық ауру жасыл макаккалардың ұлпалары және науқас адамдардың сары суы арқылы жұғады. 1967 жылы Марбургте бөлініп алынған. Эбола вирусы 1976 жылы Заир мен Судан да болған эпидемия кезінде бөлініп алынған. Эбола вирусымен шақырылған ауру жедел ағымды, ауыр дәржелі ауырлықта жүретін жұқпалы ауру болып табылды, көп жағдайда жиі өліммен аяқталады. Ең алғашқы рет Эбола вирусымен шақырылған ауру таралуы 1976 ж Назар, Судан, Демократиялық Конго мемлекеті және Ямбуку мемлекеттерінде есепке алынған. Ал, екінші ерттік таралуы Эбола өзенінің қасында орналасқан аумақта анықталған, сол себепті ауруды Эбола ауруы деп атаған. Эбола вирусының негізгі иесі жарқанаттар, Pteropodidae тұқымдасына жатады. Себепші болатын адамдармен приматтардың ауруы (11.25. сурет)..
Морфологиясы. Капсидпен қоршалған, қабықшасы бар, бір жіпшелі, РНҚ – дан тұратын жіпше (филоменттер) тәрізді вирустар (80-1000 нм). Кабсид спираль тәрізді. Қабықшасында кірпікшелер болады (спикулалар) (11.24. сурет).
Эбола вирусы |
Эбола вирусының вирионының электронды суреті (негативті контра стирлеу) |
Эбола вирусының электронды микроскоппен көргенде (боялған) |
|
|
|
11.24. сурет. Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А. |
||
Репликациясы мен жинақталуы цитоплазмада жүреді. Жасушадан бүршіктену арқылы шығады.
Этиологиясы мен эпидемиологиясы. Эбола қызбасының өршуі дымқыл тропикалық ормандардың жанында, Орталық және Батыс Африканың шалғай орналасқан елді мекендерінде кездесіп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау басқармасының ресми мәліметі бойынша 2014 жылдың 25 тамызына Эбола вирусымен шақырылатын ауру 4 африкалық елдерде: Гвинея, Либерия, Сьерра – Леон, Нигерияда тіркеліп отыр. Бұның себептері:
Біріншіден, бұл вирустың негізгі тасымалдаушылары (11.25. сурет). – жабайы маймылдар мен Pteropodidae әулетінің жарқанаттары тек тропикалық және субтропикалық климаттарда ғана өмір сүреді. Яғни Шығыс Азияда, Океания және Африка елдерінде. Қазақстанда өздеріңіз білетіндей, бұл жануарлар цирктер мен зоопарктардан басқа жерлерде жоқ.
Екіншіден, бұл вирустың қатты таралып, үлкен адам шығынын келтіріп жатқан елдердің көбісі экономикалық жағдайлары да өте нашар елдер. Гвинея – 1199 (ауырған адам саны)/ 739 (қайтыс болған адам саны), Испания – 1 / 0, Либерия – 3834 / 2069, Нигерия – 20 / 8, Сенегал – 1 / 0, США – 1 / 0, Сьерра-Леоне – 2437 / 623. Бұл елдерде элементарлы гигиенаны сақтау қиын. Адамдардың өз баспаналары болмағандықтан көшеде, қаланың лас, қараңғы түпкірлерінде өмір сүреді. Сондықтан, бұл кедей африка мемлекеттерінде дәреттерін отырған, жатқан жерлерінде сындыру үйреншікті жағдай.
Үшіншіден, Батыс Африка елдерінде, әсіресе Либерияда біздің түсінігімізге сыюуы қиын дәстүрлер мен сенімдер көп екен. Ресейден Либерияға барған саяхатшының айтуынша, жергілікті кісілердің Эболамен ауыруының негізгі себебі, инфекцияланған маймыл мен жарқанат етін жеулері. Оған қоса либериялықтардың дәстүрі бойынша, қайтыс болған адам 1 аптаға дейін жерленбей, ашық күйінде жер бетінде жатады екен.
. |
11.25. сурет. Эбола вирусының табиғи иесі жарғанаттар болып табылады. http://go.mail.ru/search_images?q=эбола
|
Ол кісінің туған-тумасы оның бетінен сүйіп, жанында отырып тамақ ішеді екен. Кейде криматорияға жағуға жіберілген ауру денелерді ұрлап, туысқандары үйлеріне алып кететіндері де бар көрінеді.
Эбола вирусы адам популяциясында негізінен таралуы, инфицирленген аңдардың қанымен, бөлінділерімен, мүшелерімен және де басқада сұйықтықтармен тікелей қарым қатынаста болған уақытта болады. (мысалы, өліп қалған шимпанзе, горилла, дикобраз). Сонымен қатар, Эбола ауру адамнан адамға жұғады, мысалы, ауырып жүрген адамның зақымдалған тері қабатынан, шырышты қабаттарынан, қан, бөлінділермен, тікелей қарым қатынасқа түскен уақытта, сонымен қатар, науқастың төсек жабындылары және киімдерін ортақ қолданғанда жұғуы мүмкін. Медициналық қызметкерлер науқасқа медициналық көмек көрсету кезінде жұқтыртады. Сонымен қатар, қайтыс болған науқастардың жерлеу рәсімдеріне қатынасқан адамдар науқастармен тікелей қарым қатынаста болуына байланысты, вирусты жұқтыруы жоғары дәрежеде болып келеді. Науқастың қанында, бөлінділерінде, емшек сүтінде вирус болғанша, науқастардың барлығы жұқпалы болып табылады. Аурудан кейін емделіп, жазылған ер адамдар жазылғаннан кейін 7 аптаға дейін шәует арқылы вирусты таратуы сақталады.
|
|
|
11.26. сурет. Эбола ауруының клиникалық белгілері http://go.mail.ru/search_images?q=эбола |
||
Клиникалық белгілері. Аурудың инкубациялық кезеңі вирусты жұқтырғаннан бастап 2 күннен 21 күнге дейін созылады. Клиникалық белгілері пайда болғанға дейін адамдардың барлығы жұқпалы болып табылмайды. Сырқаттың алғашқы белгілері, олар жедел түрде дене қызуының жоғарылауы, бұлшық еттерінің аурысынуы, бас және тамақ ауырсынуы. Кейін осы белгілерден соң, құсу, диарея, бөртпе, бүйрек және бауыр жұмысының бұзылыстары, онымен қатары, сыртқа және ішке қан құйылулар болады (11.26.сурет) (мысалы, тістерінен қан ағу, нәжісі қан аралас болуы).
Диагностикасы. Кей жағдайларды, Эбола ауруын басқа аурулардан ажырату қиынға соғады, мысалы, безгек, тифоидты қызба, менингит. Сырқатты анықтау біріншіден науқастан толық көлемде анамнез жинау, ауру таралған аймақта болдыма, науқастармен қарым-қатынаста болды ма жоқпа соны анықтау қажет, кейін клиникалық белгілеріне назар аудару қажет. Арнайы лабораторлы тесттер вирустың антигендерін немесе гендерін анықтайды. Вирустың антигені анықталған кезде, сол уақытта клеткалық ортада шектелуі мүмкін. Сонымен қатар, диагнозды қою мақсатында жаңадан диагностикалық әдіс қолданылады, ол инвазивті емес әдіс (бұл жерде сілекей және зәр тексеріледі).
Алдын алуы және емі. Ауру тараған аймақта сапалы тексеріс, аурудың құзырлығына, эпиднадзор және қарым-қатынаста болған адамдардың барлығын нақты бақылайды,сапалы лабораторлы сараптау жүргізіледі.Ауруды емдейтін арнайы ем әзірге жоқ. Әзірге науқас адамдарды емдеуде регидратациялық терапия және ағзаға керекті қоректерді жүйе құю пайдаланылады. Аңдардан адамдарға жұқтыруды болдырмау үшін өлген аңдардың шикі еттерін жеуге болмайды. Қарым қатынасқа түскен уақытта арнайы сақтану киімдерін қолданған дұрыс (15.2.сурет). Егерде, етті қолданатын болсақ, бірінші жақсылап толық көлемде жуып тазалау керек. Адамнан адамдарға жұқтыруды болдырмау үшін науқаспен қарым қатынаста болған уақытта қолғаппен (перчатка) және арнайы сақтану киім болу керек. Егер сау адам науқас адаммен қарым қатынаста болса, онда қарым қатынаста болған адам қатынаста болған күннен 21 күнге дейін есепке алынып, әрдайым бақылауда болады.
|
|
11.27. сурет. Эбола кезіндегі сақтандыру киімдері http://go.mail.ru/search_images?q=эбола |
Тесттер.
1. Эбола ауруын ... шақырады.
бактериялар
қарапайымдылар
вирусар
саңырауқұлақтар
приондар
Эбола вирусы ... тәрізді
жіпше
кокк
таяқша
икосоэдр
куб
3. Эбола вирусының табиғи иесі ... болып табылады
жарғанаттар
иттер
қояндар
кеміргіштер
жыландар
4. Эбола вирусы ... арқылы жұқпайды
жанасу
қан
шикі еттер
емшек сүтті
ауа-тамышы
5. Эбола вирусы ... тұқымдасына жатады
Реовирустар
Тогавирустар
Флавивирустар
Филовирустар
Ортомиксовирустар
