- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
Trypanosoma ( грек.trypanon – бұрғылайды, soma – дене) сопақша денелі, ұзындығы 15 – 40 мкм, толқынданған талшығы және денесі мен талшықтар арасында мембранасы бар (9.4.сурет). Тек жыныссыз жолмен (шизогония) көбейеді. Полиморфизммен, әрі иелерін ауыстыру арқылы күрделі даму циклінен өтеді. Адамдар үшін патогенділер: 1. Африкалық қан сорғыш цеце шыбындары тасмалдайтын Trypanosoma brucei gambiense - созылмалы гамбиялық трипаносомозды батыс – африкалық ұйқы ауруын және Trypanosoma brucei rhoudesienae жедел родезиялық трипаносомозды шығыс - африкалық ұйқы ауруы тудырады. 2. Триатомда бүргелер тасмалдайтын Trypanosoma crusi – Америкалық трипаносомозы Круз – Шагас ауруын тудырады. Трипоносомалардың тіршілік циклінің бірінші бөлімі це-це шыбынының (Африкалық трипаносомозда) және ұшатын қандаланың (Америкалық трипоносомозда) ас қорыту жолында өтеді. Екінші бөлімі – жылы- қанды омыртқалы жануарлардың қанында өтеді (9.5.сурет). Трипаносомалар омыртқалы иелерінің (адам, үй және жабайы жануарлар) қанында болады. Қан сорғанда трипомастиготтар немесе амастиготтар це-це шыбынының немесе қандаланың ағзасына өтеді. Онда олар эпимастиготтарға немесе лейшманиялық түрлеріне айналады және ішекте, сілекей бездерінде көбейеді. Бірнеше жұмадан кейін жәндіктер ағзасында трипомастиготтардың (амастиготтардың) жаңа ұрпақ популяциясы жиналады және олардың сезімтал ағзаға өту қабілеті пайда болады.
Трипанасомалардың құрылысы |
Трипанасоманың даму кезеңдері: эпимастиготтар, трипомастиготтар, амасти-готтар.
|
Романовский-Гимзе әдісімен боялған жұғынды |
9.4.сурет Трипанасомалардың морфологиясы Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А. |
||
Трипаносомалардың негізгі ерекшеліктері – иесінің жасушаларына белсенді өте алуы, онда олар әуелі талшығын жоғалтады, көбейеді, жасушаларды бұзады, қанға өтіп, қайтадан талшықтарын қалпына келтіреді. Трипаносомалар қоршаған ортаға шықпайды. Трипаносоманың адам денесіне енген жерінде шиқан тәрізді қабыну, инфильтраттың қалыптасуы (африкалық трипаносомозда) және көздің шырышты қабатының іріңсіз қабынуы, конъюктивит болады. Круз – Шагас ауруына шалдыққандарда (америкалық трипаносомоз) бүкіл лимфа түйіндерінің үлкеюі, дене қызуы, кейде менингоэнцефалит байқалады. Аурулар жүрек – қан тамыр жүйесінің жеткіліксіздігінен өледі. Аурудың созылмалы түрінде жүректің, ішектің зақымдануы байқалады. Африкалық трипаносомозда гамбиялық түрінде дене қызуы біртіндеп, родезиялық түрінде – кенеттен көтеріледі. Барлық лимфа түйіндерінің ұлғаюы, теріде дөңгелек бөртпелердің пайда болуы – осы инвазияның негізгі белгілері болып есептеледі. Ауру бірнеше жыл жалғасатын созылмалы түріне ауысып, орталық жүйке жүйесінің зардаптануымен (мінез құлықтың бұзылуы, жүріс- тұрысының өзгеруі, апатия) сипатталуы мүмкін. Ауру барысында ұйқышылдық, аяқ – қолдың қалтырауы, өткінші салдану, сөйлеудің бұзылысы байқалады. Осы себептен африкалық трипаносомозды африкалық ұйқы ауруы деп атайды.
|
9.5.сурет. Трипанасомалардың өмірлік циклы https://www.google.kz/search?q=Trypanosoma+brucei+gambiense&espv |
Иммунитеті. Инвазиялық процестің әсеріне қарсы жеткілікті мөлшерде JgМ; спецификалық протективті және бейспецификалық антиденелер пайда болады. Созылмалы түрлерінде JgG-ң әсері іске асады. Трипаносомалардың көптеген антигендік варианттар түзу қабілеті болады, нәтижесінде иммундық жауап өзгергіштікке ұшырайды. Аутоиммунды механизмдер дамиды.
Микробиологиялық диагноз қою. Паразитті анықтап, диагонозды дәлелдеу үшін мынадай зерттеу заттары алынады: ұлғайған лимфа бездерінен , қатайған жарадан (шанкрден) алынған пунктат, қан, қан сарысуы, жұлын сұйықтығы т.б.
Микроскопиялық әдіс. Нативті препаратты («езілген» немесе «ілінген тамшы») қараңғы жазықты және фазалы-контрастты микроскопта қарап зерттейді. Паразиттің әсер етуінен баяу қозғалып жүрген эритроциттерді немесе басқа жасушаларды, сонымен қатар ұзынша толқын тәріздес, иіліп қозғалатын паразитті табу диагнозды дәлелдеуге мүмкіндік береді. Дайындалған («қалың» немесе «жұқа») жағындыларды және биопсиялық материалдарды Романовский –Гимзе әдісімен бояғанда өзіне тән түске боялған ядросы, цитоплазмасы, талшықтары т.б бар трипаносоманың трипомастиготтық түрін табу бұл паразиттің этиологиялық факторы екенін көрсетеді 9.4.сурет.
Дақылдық әдіс. Зерттеу заттарын қан қосылған күрделі қоректік орталарға себеді (таза дақылын бөліп алу үшін). Мұндай әдіс қойылған диагноздың сенімділігін арттыру үшін сирек жағдайда (мүмкіндік болса) қолданылады. Серологиялық әдіспен антиденелер (JgМ) деңгейін анықтайды. Ол үшін ИФА, КБР, ЖИФР –ын пайдаланады. Антиденелерді және паразит аминқышқылдарының фрагменттерін (ПТР) табу диагнозды дәлелдейді. Биологиялық әдіс (биосынама) сирек жағдайда қолданылады. Ол үшін науқастың қанын ақ тышқанның, егеуқұйрықтың немесе теңіз шошқасының миына жұқтыру тәсілі қолданылады. 4 аптадан кейін нәтижесін тіркейді. Ксеналық диагноз қою (ксенодиагностика) –трипаносомдарды таза триатомдық қандалаларды науқастың терісіне қондырып шақтырады. Егерде, диагнозы дұрыс қойылған болса 2 аптадан кейін қандалалардың ішегінде паразит жиналады.
Емдеуі және алдын алуы. Сурамин, тримелерин, арсобал, ломидин, пентамидин, мелорсопрол, эфлорнитин. Америкалық трипаносомозда нитрофурандық препараттар (лампит, нифуртимокс, фурациллин) тиімді. Этиотроптық емдеуді атқармаса трипаносомоз асқынады және өліммен аяқталады. Мұндай жағдай аурудың алғашқы белгілері байқалғаннан кейін 6 ай, тіпті бірнеше жылдан кейін де болуы мүмкін. Алдын алуы. Инсектицидтерді пайдаланып, ұшатын қанадалаларды, це-це шыбынын құрту, үй –жайдың жағдайын дұрыстау. Су жағасындағы орманшаларда өмір сүретін це-це шыбынының өсіп-өнетін жерлерін инсектицидтермен өңдеу. Трипаносомаларды жұқтырған жануарларды атып өлтіру де трипаносомоздармен күресудің бір жолы болып саналады. Трипаносомоздың родезиялық түрі кездесетін кейбір ошақтарда алдын-алудың химиялық (пентамдинді бұлшық ет ішіне айына бір рет егу арқылы) әдісін қолдану ұсынылады. Иммундық алдын-алу әлі табылған жоқ. Эпидемияға қарсы шаралар ауруды анықтауға, емдеуге бағытталады. Қоздырғыштың трансмиссивтік, қан құю және құрал –жабдықтар арқылы берілу механизмдері мен жолдарын болдырмау, науқастан сау адамға жұқтырмаудың аса маңызды әрекеттері болып есептеледі. Эпидемиологиялық қадағалау біздің елде қарастырылмаған. Трипаносомоз індеті бойынша эндемиялық елдерден инвазияны әкелу жолына тосқауыл қою және бұл жұмысты қатал тексеру, сонымен қатар осы елдерде уақытша болған азаматтарды инвазияны жұқтырудан сақтандыру шараларын атқару (химиялық препараттармен алдын-алу) эпидемиологиялық қадағалаудың басты бағыты деп санаған жөн.
