- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
2.3.2 Клебсиеллалар
Клебсиеллаларды 1875 жылы Э. Клебс бөліп алған.
Klebsiella туыстығы Enterobacteriaceae тұқымдасына жатады. (неміс бактериологі Э. Клебс ашқан). Klebsiella капсула түзбейді. Klebsiella туыстығы бірнеше түрлерден тұрады:
K. pneumoniae
K. ozaenae
K. rinoscleromatis
Клебсиеллалар әрдайым адам мен жануарлалардың терісі мен шырышты қабаттарында анықталады. K. pneumoniae - ауруханаішілік және аралас Инфекциялардың қоздырғыштары болып табылады.
Морфологиясы. Клебсиеллалар (лат. klebsiella) – грам теріс, факультативті анаэробты, шартты патогенді бактериялар өкілі. Клебсиелла атауы -бұл бактерияны алғаш ашқан Э.Клебс есімімен байланысты (2.18.сурет). Пішіні эллипс тәрізі қысқа. Клебсиеллалар қозғалмайды, спора түзбейді, талшықтары жоқ, капсулаға ие. Капсуласы қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен сақтайды және суда, басқа да заттарда ұзақ сақталады. Кейбір штамдарында кірпікшелері бар. Жағындыда бір-біреуден, жұптасып немесе қысқа тізбектеліп орналасады.
|
|
Клебсиеллалардың-электронды микроскоптағы көрінісі |
Клебсиеллалар–жарық микроскоптағы көрінісі. \http://dept.kent.edu/microbiology/htm/organism.htm\ |
2.18.сурет. Клебсиеллалардың- морфологиялық қасиеттері |
|
Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Факультативті анаэробтар, хемаорганотроф, өсу температурасы 12°С дан 41°С дейін, оптимумы 35-37°С, рН 7,2-7,4. Симмонс ортасында өсуге қабілеті бар, яғни жалғыз көміртек көзі ретінде натрий цитратын қолданады (K. rinoscleromatisтың басқалары). Тығыз қоректік ортада лайланған клегейлі колония түзбейді. О з е н бактериялары 2-4 сағатта жайылған-жинақы қатар болып, р и н о с к л е р о м а – жинақы, п н е в м о н и я - ілмек тәрізді орналасады. ЕПС-да бірқалыпты лайланып, кейде бетінде қабықша пайда болады.
Биохимиялық белсенділігі мен патогенді факторлары. Клебсиеллалар көмірсуларды қышқылға немесе қышқылмен тұзға дейін ферменттейді, нитратты нитритке айналдырады. Желатинді сұйылтпайды, индол мен күкіртсутегін түзбейді, уреазды активтілікке ие, кейбірде сүтті ұйытады. Риноскелерома қоздырғышының биохимялық активтілігі төмен.
Антигендік құрылымы. Клебсиеллалардың О - және К-антигендері болады. О антигендері бойынша- 11 серологиялық топтары анықталған, К антигендері бойынша – 82. Клебсиеллалардың серологиялық варианттарын анықтауы К антигендерін ажыратумен шектеледі. Кейбір клебсиеллалардың К антигендері эшерихиялардың және салмонеллалардың К антигендеріне туыстас болып келеді. Негізгі патогенді факторы фагоцитозды тежейтін К-анитигендері және эндотоксин болып табылады. Пневмония клебсиеллалары, қосымша термолабильді энтеротоксин өндіреді, олар біріншіден ақуыз, екіншіден әсер етуі бойынша ішек таяқшасының энтеротоксиніне ұқсас.
Патогенділік факторлары. Клебсиеллалардың негізгі патогендік факторлары К антиген (фагоцитозды тежейді) және эндотоксин. Сонымен қатар, термолабильді және термостабильді энтеротоксин түзеді, әсер ету механизмі мен ақуыздар құрылысы бойынша энтеротоксингенді ішек таяқшасының токсиніне ұқсас келеді. Клебсиеллалардың адгезивтік қасиеті жоғары (маннозаресзистентті фимбриялар). Вируленттік ферменттер түзеді: ДНҚаза, нейрамидаза, фосфатаза.
Эпидемиологиясы мен резистенттілігі . Клебсиеллалар адамның және жануарлардың терісінде, кілегей қабығында барлық уақытта кездеседі. Klebsiella pneumoniae – ауруханаішілік инфекциялардың маңызды қоздырғышы ретінде кездеседі, инфекцияның көзі ауру адам немесе бактериотасымалдаушы. Экзогенді және эндогенді жолмен жұғуы мүмкін. Жиі тағам, ауа-тамшы, қарым-қатынас арқылы жұғады, көптеген антибиотиктерге тұрақты. Клебсиеллалар сүт өнімдерінде тіршілік етіп, бөлменің сонымен қатар, тоңазытқыш температурасында да көбейе алады. 65 °С температурада қыздырғанда бір сағатта өледі.
Дезинфекциялық заттарға сезімтал, қоршаған ортаның әсеріне тұрақы.
Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті. K.pneumoniae ішек инфекциясына ұқсас ауру шақырады. 1-5 тәулікке дейін ауру созылады. Клебсиеллалар тыныс алу жолдарын, буынның, мидың қабынуы, конъюнктиваның жынысты-зәр шығару ағзаларының қабынуын, сепсис, отадан кейінгі асқынулар тудырады, аурудың генеризацияланған сепитико-пиемиялық түрі кейде өлімге алып келеді.
K. ozaenae мұрынның шырышты қабатын және оның қосалқы кеңістігінде, атрофиясын шақырады, қабыну барысында жағымсыз иіс бөледі. K. rinoscleromatis мұрынның шырышты қабатын ғана. емес, трахеяны, бронхты, жұтқыншақты, аңқаны жарақаттайды, осы жағдайда жарақатталған ұлпада, шеміршек тәрізді инфильтратқа алып келетін арнайы гранулема пайда болады. Ауру созылмалы түрде жүреді, трахеяны, аңқаның кептелуінің (обтурациясының) нәтижесі өлімге алып келеді.
Иммунитеті. Инфекциядан кейінгі иммунитет тұрақсыз, негізінде жасушалық Инфекцияға қарсы тұрудың негізгі факторы фагоцитоз. Созылмалы түрі баяу түрдегі гиперсезімталдыққа алып келеді (БТГ).
Микробиологиялық диагноз қою. Микробиологиялық диагноз қоюда ең қолайлысы бактериологиялық тәсіл. Зерттелетін материалдар: ірің, қан, ликвор, нәжіс заттардың жуындысы және т.б. болып табылады. Дифференциалды-диагностикалық ортада К-2 (мочевинамен, рафинозамен, бромтимол кегімен), бір тәуліктен кейін, сары, немесе жасыл-сарыдан ауа көкке дейін, үлкен, жылтыр, клегейлі колониялар өсіп шығады. Одан кейін Пешков ортасына егіп, бактериялалардың қозғалғыштығын және орнитиндекарбоксилаза бар екендігін анықтайды. Бұл қасиеттер клебсиеллаларда болмайды. Соңғы идентификацияны биохимиялық қасиеттері және тірі дақылды К-сарысумен агглютинация реакцияның көмегімен серотопы анықтау арқылы жүргіземіз. Бөлінген дақылдың антибиотиктерге сезімталдығын тексереді. Клебсиеллездың диагностикасында кейбір жағдайда стандартты О-клебсиеллезды антигенмен немесе аутоштаммен агглютинация реакциясын және КБР жүргізеді. Антидененің титрының төрт есе өсуінің диагностикалық маңызы бар.
Клебсиеллар шақыратын аурулалардың емдеуі мен алдын алу. Клебсиеллездарды стационарларда емдейді. Ішектің жарақаттарында антибиотиктер қолданбайды. Сусызданған жағдайда (энтеротоксиннің әсері) пероральды немесе парентеральды жолдармен газды ертінділер қолданады. Ағзаға жайылған жағдайда және созылмалы түрлерде антибиотиктерді қолданады (антибиотиктерге сезімталдығын тексергеннен кейін), аутовакциналар; иммунитетті көтеруге бағытталған қызмет жүргізіледі (аутогемотерапия, пирогенотерапия т.б.).
Арнайы алдын алу жоқ, жалпы профилактикаға санитарлы-гигеналық ережелерді қатаң сақтау жатады.
