Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.5 Mб
Скачать

3.1.Сiреспе клостридиясы

Сіреспе (tetanus)- қоздырғышы қарым-қатынас арқылы берілетін, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен, бұлшық еттердің сіресуімен, асфиксияның даму мүмкіндігімен сипатталатын ауыр жарақатты жұқпалы ауру. Сіреспе қоздырғышы – Clostridium tetani Bacillacaeae туыстығына жататын спора түзетін облигатты анаэроб. Сіреспе қоздырғышын 1884 ж. Э.Николайер мен С.Китазато ашқан.

Морфологиясы. Сiреспе қоздырғышы – Cl. tetani (3.1.сурет), ірі спора түзетін грам оң тiке таяқшалар, перетрихтары бар, споралары домалақ, терминальды орналасқан дабыл таяқшасына ұқсас болады, капсула түзбейдi. Анаэробты жағдайда микроскоппен барабан таяқшасы тәрізді спора түрінде көрінеді.

Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Китта–Тароцци ортасында бiртегiс лайланып, баяу өседi, қанды агарда домалақ, жалпақ, жартылай мөлдiр, сұр түстi, айналасында – гемолиз аймағы пайда болатын колониялар кұрайды. Сiреспе қоздырғыштарының сахаролитикалық қасиеттерi болмайды, протеолитикалық қасиеттерi әлсiз. Желатиндi жай гидролиздейдi, сүттi ұйытады, индол түзбейдi, нитратты нитритке дейiн айналдырады.

Антигендік құрылымы. Сiреспе қоздырғышы О- және Н-антигендерiне ие. Н-антигенi бойынша 10-нан аса серовары бөлiп алынған ,бұлалардың бәрi бiрдей экзотоксин түзедi.

Патогенділік факторлары. Сiреспе қоздырғышының негiзгi патогендiк факторы экзотоксин. Ол 2 фракциядан тұрады, тетаноспазмин (нейротоксин) және тетанолизин. Тетаноспазмин – полипептид ОЖЖ-де жинақталады, әсiресе бас және жұлын миларындағы қозғалу аймағында орналасады, олар бұл жерде симпатикалық берiлудi тежейдi және нерв, бұлшық еттiң патологиясына алып келедi. Тетанолизин эритроциттердi бұзып гемолиз шақырады және фагоцитозды тежеп, қоздырғыштың және оның бөлген токсинiнiң организмде таралуына алып келедi

Сiреспе қоздырғыштары-электронды микроскоптағы көрінісі

Clostridium tetani- метилен көгі мен бояп, жарық микроскоптағы көрінісі

\ http://www.doktorvisus.ru/medarticle\

3.1.сурет Сiреспе қоздырғышының - морфологиялық қасиеттері

Эпидемиологиясы мен резистенттілігі

Қоздырғыштың жұғу механизмі - қарым-қатынас немесе жанасу. Қоздырғыш жарақатталған тері қабаты арқылы өтеді. Тыныс жолының шырышты қабаты арқылы өтуі де мүмкін (аэрозольды механизм). Жанасу механизмінің жүзеге асу жолдары әр түрлі: тұрмыста, медициналық, өндірісте. Бейбіт кезде барлық аурулардың 85% астамы тұрмыстық жағдайда залалданады. 5-6% негізінен медициналық мекемеден тыс жерде жасалынған түсік пен босану кезінде болады. Қоздырғыштың берілу факторлары топырақ, көң, нәжіс, шаң, ластанған әр түрлі тұрмыс заттары, хирургиялық, акушерлік құралдар. Ауру негізінен жылдың жылы, ыстық мезгілдерінде байқалады. Өлімге шалдығу 40-45% дейін жетеді. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы әр түрлі- 1-2 тәуліктен 1 айға дейін созылуы мүмкін. Көп жағдайда 3-14 тәулік. Спора қоршаған ортада жылдар бойына сақталады. Анаэробты жағдайда, 37°С температурада ылғалды, аэробты бактериялармен араласқан ортада споралар вегетативті формаға айналады. Қоздырғыш вегетативті формасында аса улы экзотоксин бөледі. Экзотоксин тұрақсыз, шырышты қабат арқылы сіңіріле алмайды. Споралар қайнатқанда 1 сағаттан кейін өледі, 5% фенол ерітіндісі, 1% формалин ерітіндісі, иод, сутегінің асқын тотығы 10 сағатта өлтіреді. Вегетативті формасы әдеттегі физикалық, химиялық факторлармен 3 - 6 сағатта жойылады. Жұқтыру көзі - шөп қоректі жануарлар, кеміргіштер, құстар және адам. Қоздырғыш жануарлардың және адамның асқазан–ішек жолдарында сапрофиттік тіршілік етеді. Олардың нәжісімен қоршаған ортаға түскеннен кейін спора түрінде ұзақ уақыт топырақта сақталады. Қолайлы климаттық жағдай туғанда споралар вегетатифтік формаға айналып, көбейіп, қайта спора түзеді (вегетивтік формаға - спора). Сiреспе қоздырғышының вегетативтi формасы тұрақсыз:100ºС-да 5 минутта өледi, ал споралық формасы 1-3 сағаттан кейiн өледi. Споралары төменгi температура мен күн сәулесiне, 1% сулейма мен формалинге тұрақты. 5% фенол ерiтiндiсi 12-14 сағатта жояды. құрғақ күйiндегi споралар 10 жылдар бойы сақталады. Сiреспемен адамдар мен әр түрлi ауыл - шаруашылық малдары ауырады. Ауру адамнан ауру жұқпайды. Негiзгi жұғу жолдары қоздырғыштың жарақатталған терi және кiлегей қабатынан өтiп кетуi болып табылады.

Сiреспенiң патогенезi, клиникасы және иммунитетiнiң ерекшелiктерi. Қоздырғыштың ағзаға кіру қақпасы жарақаттанған тері қабаты. Енген қоздырғыш вегетативті формасына айналып, көбейе отырып экзотоксин синтездейді. Патологиялық үдеріс осы экзотоксиннің әсерінен дамиды.

Алғашқыда тетаноспазмин шеткі нервтерге әсер етіп, бұлшық еттердің жергілікті тетаникалық жиырылуын шақырады. Токсин дақылдарда 2-ші тәулікте пайда болып 5-7 тәулікте шыңына жетеді. Ұзақ уақыт термостатта сақтаған кезде, жарық пен от тегінің әсерінен бұзылады Тетанолизин (тетаногемолизин) гемо­литикалық, кардиотоксикалық және летальды әсерге ие, дақылдарда токсиннің максимальды жиналуы 20—30 сағатта байқалынады.

Ересектердегі сіреспенің көрінісі http://go.mail.ru/image_details?q=Clostridium%20tetani\

Жас балалардағы сіреспенің көрінісі\ http://go.mail.ru/image_details?q=Clostridium% 20 tetani

3.2.сурет. Сiреспенiң клиникалық көріністері

Ауру жалпы немесе жайылмалы және жергілікті болып бөлінеді. Науқас мазасыздыққа, ашуланшақтыққа, басының ауыруына, тершеңдікке, жарақаттың айналасындағы бұлшық еттердің жыбырлауына шағымданады. Сiреспенiң клиникалық белгiсiнiң негiзгi симптомдары: көлденең-жолақты бұлшық еттердің тоникалық және клоникалық жиырылуымен және қоршаған ортаның әсерiнен рефлекторлы қозуы жоғарылайды. Ауру бастан төменге қарай тарайды (3.2.сурет). Алғашқыда шайнау бұлшық еттерінің сіресуінен тризм, қайғылы бет пішіннің немесе сардоникалық күлкінің пайда болумен басталады. Одан кейін арқа бұлшық етінің сіресуінен омыртқа жотасының доға тәрізді иілуі (опистонус) пайда болып ауру классикалық „бағана тәрізді жағдайға” түседі.

Аурудың атын ең алғаш осы көрініске қарай Гиппократ «Tetanus» деп ұсынған. Бұл кезде құрсақ бұлшықеттері тақтай тәрізді қатаяды, қол-аяқтары жиырылған болады. Қабырға аралық бұлшықеттердің гипертонусының нәтижесінде науқастың тыныс алуы беткейлі және жиілейді. Сонымен бірге тахикардия болады, дене қызуы 39-40ºC–қа көтеріледі. Бірақ науқас аурудың барлық кезеңдерінде есін анық біледі. Жұтқыншақтың, диафрагманың, тыныс алу бұлшықеттерінің құрысуының нәтижесінде, науқас асфиксиядан қайтыс болады. Жаңа туған нәрестелер сіреспесінің клиникасы басқаша көрініспен байқалады. Жаңа туған нәрестелер сору еттерінің сіресуінен еме алмайды. Бетінде қиналу белгісі пайда болады. Қаңқа бұлшықеттерінің сіресуінен «құрбақа» тәрізді болып жатады. Жаңа туған нәрестелерде өлім 90% дейін жетеді. Антитоксиндердiң және иммундық есте сақтау жасушаларының, фагоцитарлық активтiлiгiнiң жоғарылауының арқасында иммунитет тұрақты және ұзақ сақталады.

Микробиологиялық диагноз қою. Микробиологиялық зерттеу клиникалық диагнозды тек дәлелдейді. Қоздырғыш әдетте адам ағзасына енген жерінде табылады. Сiреспенiң лабораториялық диагностикасы үшiн зерттеу материалы ретінде ұлпалалардың бөлшектерi, iрiң, таңу материалдарын қолданылады. Диагноз қою үшін бактериоскопиялық, бактериологиялық және биологиялық әдістер қолданылады. Мәйітті бактериологиялық зерттеу кезінде инфекцияның ағзаға таралуын ескере отырып, зерттеуге (10 мл) қан, бауырдың және көк бауырдың бөлшектерін (20—30 г) алады. Зертеу үлгілерді Китта-Тароцци ортасына егіп, термостатта 3—4 тәулік инкубирлейді, содан кейін оны колония бөліп алу үшін тығыз ортаға егеді. қоздырғыштың таза дақылын бөлiп алып, идентификациялап және сiреспенiң токсинiн анықтайды. Токсиндi анықтау үшiн биологиялық сынақты ақ тышқандарда жүргiзедi немесе агарда преципитация реакциясын жүргiзеді.

Сiреспенi емдеу мен алдын алу. Сiреспенi емдеу үшiн сiреспеге қарсы антитоксикалық сары су және сiреспе антитоксинi мен иммуноглобулин қолданамыз. Серотерапияны антибиотикотерапия мен бiрге қолданамыз. Емдеу принциптері: науқасқа жеке мейірбикелік бекет тағайындайды. Жатқан палатаның есік-терезелері қымталған болуы қажет. Науқасқа арнайы ем қолданылады. Сіреспе токсинін активсіздендіру үшін, антитоксикалық сіреспеге қарсы жылқы сарысуы егіледі. Құрыспаға қарсы емнің маңызы зор. Құрыспаны басу үшін, нейролептиктер (аминазин, дроперидол), тарнквилизаторлар (седуксен), хлоралгид тағайындалады. Аурудың ақыры емдеу шараларына байланысты. Сондықтан емдеу шаралары кешіктірілмеу керек. Сонымен қатар жарақатты хирургиялық өңдеу сіреспеге қарсы дәрілер, симптоматикалық ем жасалады. Науқас диспансерлік бақылауда 2 жыл болады.

Арнайы алдын алу мына шараларды жүргізуден тұрады. Арнайы емес алдын алу шаралары тұрмыстағы жарақаттың ластануын болдырмау, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну. Сіреспеде антимикробты иммунитет қалыптаспайды. Үш рет енгізілген вакцинадан кейін (АДС) қорғау күші 1-5 жылға дейін жететін тұрақты иммунитет қалыптасады. 1 жылдан кейін жасалатын ревакцинация 7-10 жылға сіреспеден қорғанысты қамтамасыз етеді.

Тесттер.

1. Көлденең бұлшық етінің жиырылуына алып келетін экзотоксин түзетін клостидиялар ... шақырады.

  1. сіреспені

  2. ботулизмді

  3. газды гангренаны

  4. менингитті

  5. Жәншәуны

2. Тетаноспазмин және тетанолизин экзотоксинін түзетін клостридиялар ... қоздырғышы болып табылады.

  1. сіреспе

  2. ботулизм

  3. газды гангрена

  4. Жәншәу

  5. менингит

3. Сіреспе- ... шақыратын ауыр жарақат инфекциясы.

  1. Clostridium tetani.

  2. Clostridium botulinum.

  3. Clostridium histoliticum.

  4. Clostridium perfringens.

  5. Clostridium septicum.

4. Спорасы терминальды орналасқан таяқшалар... шақырады.

  1. сіреспені

  2. менингитті

  3. сепсисті

  4. остеомиелитті

  5. созды

5. Жарақаттанғанда, күйгенде және ота жасау кезінде кіндік арқылы залалдану туғызатын клостридиялар ... қоздырғышы.

  1. сіреспе

  2. ботулизм

  3. газды гангрена

  4. Жәншәу

  5. менингит

6. Шайнау бұлшық еттерінің және арқа, шүйде бұлшық етінің тартылуын және барлық дененің бұлшық етінің жиырылуын ... клостридиалары шақырады.

  1. сіреспе

  2. ботулизм

  3. газды гангрена

  4. Жәншәу

  5. менингит

7. АКДС және АДС вакцинасын ... алдын алу мақсатында жүргізеді.

  1. сіреспенің

  2. ботулизмнің

  3. газды гангренаның

  4. Жәншәуның

  5. менингиттің

8. Тоникалық және клоникалық құрысу ұстамасымен,жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталатын ауыр жарақатты инфекцияға ... жатады.

  1. сіреспе

  2. ботулизм

  3. газды гангрена

  4. менингит

  5. Жәншәу

9. Сіреспе таяқшасына ... түзу тән.

  1. тетаноспазмин

  2. гиалурнидаза

  3. эндотоксин

  4. плазмокоагулаза

  5. фибиринолизин

10. Сіреспенің дамуын ... арқылы алдын алады.

  1. сіреспе анатоксинімен иммунизациялау

  2. серотерапия

  3. топырақты залалсыздандыру

  4. арнайы химиялық препараттарды қолдану

жануарларды иммунизациялау