Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.5 Mб
Скачать

11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)

Энтеровирусты инфекциялар.

Энтеровирусты инфекция- жедел вирусты аурулар тобына жатады, клиникалық симптомдардың көп түрлілігімен сипатталатын ауру, симптомдардың, ішінде дене қызуының көтерілуі, жалпы улану белгілері және бұлшық еттің және жүйке жүйесінің зақымдалуы жиі кездеседі. ЭВИ толық оқып зерттелмеген ауру, ЭВИ-ң клиникасына тән аурулардың ежелден бері кездесуі, бұл ауруды қоздыратын вирустардың ежелден бар екенін дәлелдейді. 1874 жылы эпидемиялық миалгия жағдайлары кездескен, тап сол жағдай 1856 жылы Испанияда болған 1910-18 жылдары серозды менингит көптеп кездескен. Вирусология ғылымының дамуына байланысты осы инфекциялар жеке нозологиялық форма ретінде бөлінді. Энтеровирустардың негізгі белгілері бойынша бір туыстыққа біріктіретін белгілері: көлемі 22-30 нм, геномы- 1-жіпшелі фрагменттелмеген позитивті РНҚ, суперкапсиді жоқ, симетрия типі – куб тәрізді, капсомер саны – 60, эфирге тұрақты, Мg және Са иондары болғанда термостабильді, қышқыл, сілті және өтке тұрақты, торша дақылында көбейеді, қоршаған ортада тұрақты

Этиологиясы. ЭВИ-ң қоздырғыштары- пикорнавирустар тұқымдастығына жататын, энтеровирустың туыстығына жататын вирустар: гепатит А вирусы, Сал (полиомиелит) вирусы, адамның Коксаки вирустары, А тобы(23 серовар), адамиың Коксаки вирустары, В тобы(6 серовар), адамның ECHO вирустары(31 серовар).

Энтеровирустар сыртқы ортаға қолайлы, су тоғандарында, сүтте, нанда, жемістерде, нәжісте ұзақ сақталынады, бірақ қайнатқанда тез өледі. Вирустың табиғи иесі адам болып саналады.

Эпидемиологиясы. Ауру көзі-вирус тасымалдаушы және ЭВИ-мен ауырған ауру адам. Энтеровирустардың вирус тасымалдаушылары өте көп. Ауру адамнан энтеровирустар тыныс алу жолдарының секретімен және нәжісімен 3-4 апта, кейде 1 айдан аса уақытқа дейін бөлінеді. Ауру, фекальды-оральды және ауа-тамшылы жолдарменен таралады. М.В. Громашевскийдің пікірінше ауа -тамшылы жолменен ауру жиірек таралады. Тышқандарға жасалынған экспериментте инфекцияның трансплацентарлы жолмен жүғу мүмкіндігі және ұрықтың дамуына вирустардың теріс әсері дәлелденген. Осы аурумен ауру- сырқаулық өте жоғары жыл бойы бір-екі жағдай тіркеледі, көктем-жаз айларында көбірек кездеседі, араға 4 жыл салып жоғарылауы мүмкін. Энтеровирустар сыртқы ортаға қолайлы, су тоғандарында, сүтте, нанда, жемістерде, нәжісте ұзақ сақталынады, бірақ қайнатқанда тез өледі. Вирустың табиғи иесі болып адам саналады.

Патогенезі. Р.И.Берман және В.И.Воган ұсынған инфекцияның кіретін жері-жұтқыншақтың лимфатикалық сақинасы немесе асқазан -ішек жолдары. Инкубация кезеңінде осы ағзаларға вирустың репликациясы, содан кейін процесстің жайылуы болады. Вирус қанға өтіп, одан әрі әр-түрлі ағзаларға жайылады. Осыған байланысты ЭВИ-ң әр-түрлі клиникалық белгілері пайда болады.Вирус ОЖЖ, жүректі, бауырды, тыныс алу жолдарын, теріні, шырышты қабаттарды, асқазан-ішек жолдарын зақымдайды.

Бір ғана вирус энтеровирустардың әр түрлі клиникалық түрлерін тудыруы мүмкін. Энтеровирустарда болатын патоморфологиялық өзгерістер толық зерттелмеген, себебі экспериментте жануарларға ЭВИТ- жұқтыру өте қиын. Зақымдылған ағзаларда аралық тіндердің ісігі болады, кейде геморрагиялар, клеткалық, лимфоцитарлы инфильтрация, дистрофиялық өзгерістер, некроздар болады. Мұндай өзгерістер көлденең жолақ бұлшық етте, ми ұлпасында, бауырда, бүйректе, ұйқы безінде, бауырда болады.

Клиникасы: Энтеровирустарда инкубациялық кезең 2-4 күнге дейін болады, кейде 10 күнге дейін ұзаруы мүмкін. Ауру жедел басталады. Дене қызуы бірден 38-40°С дейін көтеріледі, бас ауруы, бас айналуы, әлсіздік, мазасыздық болады, жиі, бала кейде құсуы мүмкін, іші ауырады, беті қызарады, кейде дененің жоғарғы жағы қызарады, көзі қанталайды, тілі жабындымен жабылады, таңдай бадамшалары қатты қызарады, иіндерінде, жұмсақ таңдайдың түйіршіктігі байқалады, мойын лимфа түйіндері ұлғайады. Осы белгілермен энтеровирустардың барлық түрлері басталады, осы белгілердің үстіне қосымша, полиомиелит вирусы жеке назалогиялық түрі-сал (полиомиелит ) ауруын тудырады. Басқа энтеровирустар клиникалық белгілерінің әр түрлілігімен сипатталатын ауруларды тудырады, өйткені олар әр түрлі ағзаларды және тіндерді зақымайды: ОЖЖ (полиомиелит тәріздес аурулар, минингиттер және энцифалиттер ), көлденең жолақ бұлшық еттері ( миалгия, миокарит), тыныс мүшелерін, ас қорыту жолын ( гастроэнтрит, диарея), тері және шырышты қабатты (коньюктивит, бөртпелі немесе бөртпесіз қызба ауруларды ) және басқа аурудың түріне байланысты белгілер пайда болады.