- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
Кенелік риккетсиоз – алғашқы ошағында регионарлы лимфа түйіндерінің ұлғаюымен, бөртпемен, қызбалық жағдаймен сипатталатын, Rickettsia sibirica тудыратын жұқпалы табиғи – ошақты ауру. Ауруды 1936 жылы Е.М. Миллем «кене қызбасы» деген атпен бірінші болып зерттеген. 1949 жылы П.Ф. Здродовский мен Е.М. Голиневич ауру қоздырғышын (Rickettsia sibirica) бөліп алды.
Тұқымдастығы: Ricketsiacеае.
Туыстастығы: Rickettsia.
Түрі: Rickettsia sibirica.
Морфологиясы. Жұқпақоздырғышы – Riсkettsia sibirica – жасуша дақылында, тауық эмбрионының сарыуыз қапшығында өсетін, пішіні таяқша тәрізді, кейбір кезде жіп пішінді, грам теріс бактериялар. Электронды микроскопта ұзындығы 0,3 - 3 мкм болатын талшыққа ұқсас өсінділерді анықтауға болады. Риккетсияларды әдетте қолданатын барлық әдістермен бояуға болады, негізінде Здродовский бояу әдісі қоланылады. Риккетсиялар жұқтырған жасушалардың ядросы мен цитоплазмасында көбейеді.
Антигендік қасиеті мен патогенділік факторлары. Ауру қоздырғышының антигендері басқа риккетсиялардікімен ұқсас. Riсkettsia sibirica маймылдарға, теңіз шошқаларына, атжалмандарға, тышқандарға, қояндарға, суырларға патогенді.
Эпидемиологиясы мен резистенттілігі. Бұл ауру табиғи ошақтық болып келеді. Табиғатта негізгі қоздырғыш сақтаушылар кеміргіштер, сондай-ақ осылармен риккетсиялермен инфицирленген жануарлар (марал, тиындар және т.б.) болып келеді. Кенелік бөртпе сүзегінің риккетсиалары әр түрлі иксодты кенелер (8.3.сурет) (Dermacentor туысы – D. marginatus, D. silvarum, D. nuttali; Haemophysalis туысы – H. punctata; Rhipicephalus sanguineus) денесінің табиғи мекендеушісі болып табылады. Еркек теңіз шошқасына, алтын түсті аламанға, ақ тышқандарға жұқтыру арқылы эксперимент жүргізіледі (8.3.сурет).
Кенелік риккетсиоздар белгілі географиялық аймақтарда - Қиыр Шығыс пен Сібірде кездеседі. Қоздырғыштың негізгі көзі мен тасымалдаушысы иксод туыстастығына жататын инфицирленген кенелер болып табылады. Олар риккетсияларды ағзасында ұзақ сақтайды, сондықтан ұрпаққа берілу қасиетіне ие. Риккетсиямен зақымданған кенелер қан сору кезінде адамға жұқтырады. Жұғу жолы – тек трансмиссивті, сондықтан ауру айналасындағылар үшін қауіпсіз. Резистенттілігі. Риккетсияның жоғары температураға төзімділігі төмен, дезинфекциялызаттарға төзімсіз.
Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті. Аурудың инкубациялық кезеңі 2 күннен 7 күнге дейін созылады. Кіріу қақпасында қоздырғыштың көбеюі жүреді. Ауру кезінде дене қызуының 400С және одан жоғары температураға көтеріледі. Лимфа түйіндері үлкейеді (кейбір кезде үлкендігі көгершін жұмыртқасындай болады). Аурулардың 80–85%-да 4-5 күні қанды бөртпелер (розеолезды немесе папулезды) арқасында, кеудесінде, аяқ-қолдың ішкі бетінде, ал содан кейін денесінің барлық жерінде пайда болады (8.3.сурет). Риккетсиалар қанға түсіп, қызба мен бөртпені тудыра отырып, тері қан тамырларын және миды зақымдайды. Бөртпелер аурудың 12 - 16 күнінде кетеді. Конъюнктивит болуы мүмкін. ОЖЖ мен жүрек - қантамыр жүйесі жеңіл зақымданғаны байқалады. Өлім - жітімдік байқалмайды.
Иммунитеті. Ауырған адамдарда тұрақты иммунитет қалыптасады. Рецидив пен қайталап ауыру байқалмайды.
Микробиологиялық диагноз қою.
Ауруды бас кезеңінде басқа инфекциядан (тұмаудан, бөртпе сүзегінен, су қызбасынан) дифференциациялау қажет. Микробиологиялық диагноз қою серологиялық әдістерге негізделген: ГАТР, КБР (Riсkettsia sibiricaантигені және ауру сарысуы қолданылады), РАР (дигностикалық титрі 1:20-1:2000), ИФР, ИФТ.Зертханалық жануарларға жұқтыру арқылы диагнозды анықтайды және қоздырғышты бөліп алады, ол үшін аурудан алған қанды теңіз шошқасының еркегіне егеді. Жануарларда қызба мен периорхит дамиды да жыныс безінің қабығында риккетсиялар жиналады.
|
|
8.3.сурет Rickettsia sibirica тудырған кенелік риккетсиоздың белгілірі http://go.mail.ru/search_images?gp=profitraf3&q=риккетсизы
|
|
Инфекцияларды емдеуі мен алдын алуы. Ауруларды емханаға жатқызып емдейді. Тетрациклин, левомицетин, антигистаминды препараттар тағайындайды. Алдын алуы. Жеке басты сақтандыру кешенді шаралардан тұрады: кененің жабысуы мен соруынан жекелей қорғану, дезинсекциялау т.б. Спецификалық алдын алу, яғни вакцина егу жасалмаған.
