Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.5 Mб
Скачать

9.2.4.Лямблиоз

Ащы ішекте мекендейтін, қарапайымдылар. Адамның ащы ішегінде қарапайымдылардың жалғыз түрі – көбінесе балаларда болатын лямблиоз қоздырғышы – лямблия Lamblia intestinalis (Талшықтылар классы) паразиттейді. Паразиттің пішіні екіге бөлінген алмұрт тәрізді. Денесінің ұзындығы 10 мкм. Денесінің ұзына бойына екі жіңішке тірек органеллалары – аксосилдер кіреді. Жасушада симметриялы түрде екі ядро және төрт пар талшықтар орналасады (9.8.сурет). Ішек эпителиясының жасушасының бетімен трофозоидтар қорек затын қолданады. Қоректі ұстау пиноцитозбен жүзеге асады. Жіңішке ішектің ішкі бөліміне түскенде лямблий инцистирленеді. Ересек цисталары сопақша пішінді, 4 ядросы және бірнеше аксостилі бар. Сыртқы ортада циста бірнеше апта бойында өмір сүру жағдайын сақтайды. Адамның жарақаттануы цистаны жұтқанда болады.

Лямблиоз - лямблилердің ащы ішекке еніп, кең таралған протозойлы ауру. Көп жағдайда сырқатқа шалдыққан адамдар «дені сау» болып көрінгенмен, өз кезегінде тасымалдаушы болуы мүмкін. ДДСҰ берген мәліметтері бойынша лямблиозбен шамамен жылына 500 000 адам ауырады екен. Жедел лямблиоз көбінесе ерте жастағы балаларда кездесіп, ащы ішектің зақымдалуымен және жедел ішек инфекциясына тән іш өту, яғни, диарея синдромымен жүреді.

Лямблиянің таза дақылдан дайындаған жұғындыны Романовский-Гимзе әдісімен боялғандағ көрінісі.

9.8.сурет Лямблиялардың құрылысы

Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А.

Сырқат субфебрильді немесе қалыпты дене қызуы жағдайында өтеді. Аурудың ұзақтығы 5-7 күнге созылуы мүмкін. Созылмалы ағымдық түрі мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларында кездесіп, қайталанбалы сипатта болады. Созылмалы лямблиоздың клиникалық белгілеріне: жалпы әлсiздiк, тез шаршағыштық, тамаққа тәбеттің нашарлауы, бас ауруы, бас айналу, ұйқының бұзылуы, атопиялық дерматит, іш кебу, метеоризм, дәреттің тұрақсыздығы, яғни, іш қату мен іш өтудің кезектесіп отыруы, қан аздық жатады. Лямблиоздің созылмалы түрін емдеуді паразиттерге қарсы препараттардан бұрын ағзада токсико-аллергиялық асқынуларды алдын алу үшін үш кезеңмен жүргізеді: Бірінші кезең — токсикозды жою, ішектің ферментативті белсенділігін жоғарлату, иммунологиялық статусты коррекциялау. Диета және антигистаминды препараттар./1-2 апта/. Екінші кезең — паразитарге қарсы препараттар: метронидазол, фуразолидон, орнидазол және таға басқа нитроимидазол туындылары. Антигистаминды препараттармен энтеросорбенттерді тоқтатапайды. Үшінші кезең — иммунологиялық статусты жоғарлату, витаминдер, пробиотиктер және диета. /2-3 апта/. Лямблиоздің өткір түрінде паразиттерге қарсы препараттар:  метронидазол  және таға басқа нитроимидазол туындылары альтернативті препараттар: Тинидазол, Фуразолидон, Мепакрин, Албендазол. Лямблиоздың алдын алу шаралары:

1. Жеке бас гигиенасының қарапайым ережелерін сақтау;

2. Тағамның алдында қолды сабынды сумен мұқият жуу;

3. Тек қана қайнаған немесе бөтелкедегі сапасы сақтандырылған суды ішу үшін жарату;

4. Суымен жемістер және көкөністері мұқият жуу. Қайнаған сумен жемістер және көкөністерді шаю;

5. Арнайы залалсыздандыру өңдеуінен өткен өнімдерді соның ішінде теңіз өнімдері (крабтар, креветка, моллюскелер тағы басқаларды) пайдалану қажет;

6. Жүзу хауыздарында , ашық суат пен арнайы суға түсетін орындарда су жұтпауға тырысыңыз;

7. Жанұяның бір мүшесінде паразитарлы аурулар анықталған жағдайда барлық отбасын, соның ішінде үй жануарларын да емдеу керек.