- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
11.8. Сүйел вирусы.
Papovaviridae туыстастығының Papillomavirus тобына жататын ДНҚ құрамды папилломавирустары (11.19.сурет).
Адамның папиллома вирусымен туындайтын ауыз қуысындағы сүйелдердің пайда болуы жаңа жоғары әсерлі антиретровирусты препараттарды қабылдаудан көбеюде. HPV сүйелдің туындауы қан плазмасында АИВ- РНҚ-ның 10 есе және одан да көп төмендеуімен байланысты. Сүйелдің пайда болуы иммунитеттің қалыптасуымен байланысты болуы мүмкін. Сүйелдің беті қырыққабатқа ұқсас келеді. Жазық немесе дөңес болады. АИВ-инфицирленгенде жоғарғы және төменгі жақтың альвеолярлы өсіндісінің, таңдайдың кандиломасы байқалады. Олардың пайда болуы АИВ-инфекциядан ЖИТС-ке өтуін көрсетеді.
11.19.сурет Папилома вирусы
|
|
|
|
|
|
|
|
http://go.mail.ru/search_images?q=папилома |
|
11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
Құтыру вирусы – Жедел өтетін орталық жүке жүйесін нейрондарында қайтымсыз зақымдану туғызатын, адамдар мен жануарларда өлімімен аяқталатын жұқпа қоздырады. Ерте заманнан иттің құтырғаны белгілі болған. Аристотель (біздің эраға дейінгі 322 ж) кісінің ауруы жануарлардың тістеуінен болады деген. Корнелио Цельс (б.э.д. I ғасыр) бұл аурудың клиникасын сипаттап, оны судан қорқу (“hydrophobia” - водобоязнь) деп атаған.
XVIII – XIX ғасырда Европаның көптеген мемлекеттерінде иттердің, түлкінің, қасқырдың құтырып ауыратыны мәлім болған. Зуйке 1804 жылы иттерге құтыруды ауру малдың сілекейімен жұқтырған. Л. Пастер (1885) бірінші рет құтыруға қарсы вакцина жасаған, 1866 ж онымен егілген 2500 адам ауырмай, тірі қалды. Осы кезден бастап барлық елдерде құтыруға қарсы егетін пастер станциялары құрылған. В. Бабеш (1892) және А. Негри (1903ж) құтырудан өлген жануарлардың нейронынан денешіктер (тельца Бабеша – Негри) тауып, одан ауру қоздырғышы вирустың барын ашқан.
Қоздырушы – нейротроптық вирус Rabdoviridae тұқымдастығыннан, Lyssavirus туыстастығына жатады. Олардың түрі оқ сияқты, көлемі 80-180 нм. Вирустың нуклеокапсиды бір жіпшелі сегменттелмеген РНК тізбегінен тұрады.
Құтыру вирусының репликациясы нейрондарда Бабеш – Негри денешіліктерінің пайда болуымен білінеді. Денешіктердің көлемі 0,5-2,5 нм, қышқыл болуларымен қызыл түске боялады (13.2.сурет). Құтыру вирусы қоршаған ортада төзімсіз. Қайнатқанда 2 мин, 2-3% лизол, хлорамин, 0,1% сулема ерітінділерінде тез өледі. Төменгі температураға вирус төзімді.
Рабдовирустар (лат. Rhabdoviridae) — туыстығы сүт қоректілерде, балықтарда, жәндіктерде, қарапайымдыларда және өсімдіктерде әртүрлі зақымдану туғызатын РНҚ- құрамды вирустар, оладың 80-нен астам түрлері белгілі. Rhabdoviridae тұқымдастығы өкілдерінің табиғи иесі кең ауқымда тараған олар – әртүрлі омыртқалы және омыртқасыз жануарларға патогенді. Адамдарға везикулярлы стамотит құтыру патогенді болып келеді. Жануарларды зақымдайтын вирус оқ тәрізді, ал өсімдіктерді зақымдайтын вирус бацила тәрізді болып келеді. Вирустың мөлшері 130 -380 нм.
Тұқымдасы 6 туыстықтан тұрады.
Cytorhabdovirus- 9 түрі өсімдіктердің вирусы.
Ephemerovirus- 3 түрі омыртқалы жануарлардың вирусы, типтік түрі эфемерлі лихорадка вирусын КРС (Bovine ephemeral fever virus) қосқанда.
Lyssavirus -11 түрі, омыртқалы жануарлардың вирусы, құтыру вирусының (Rabies virus), типтік түрін қосқанда.
Novirhabdovirus- 4 түрі, балықтардың вирусы.
Nucleorhabdovirus- 9 түрі, өсімдіктердің вирусы.
Vesiculovirus -10 түрі, омыртқалы жануарлардың вирусы, везикулярлық стоматитті туғызатын вирусын қосқанда.
Құтыру вирусының таксономиясы, морфологиясы және дақылдық қасиеттері.
Құтыру вирусының этиологиясын алғаш рет 1903 ж. П. Ремленже дәлелдеген. Құтыру ауруының қоздырғышы - РНҚ-лы вирус, ол Rhabdoviridae әулетіне, Lussavirus туысына жатады. Вирион тапанша оғына ұқсас, өлшемі 170х70 нм, жүрекшесі гликопротейінді тікеншелерден тұратын липопротейдті қабықшамен қапталған. Геномы бір жіпшелі сызықшалы фрагменттелмеген негативті РНҚ(11.20.сурет).. Құтыру вирусын ақ тышқандардың, сириялық хомяктардың, қояндардың, атжалмандардың, теңіз шошқаларының, қойдың ми ұлпаларына дақылдайды. Тауық эмбрионының біріншілік дақылына адаптацияланған. Вируспен зақымдалған ми ұлпаларынан арнайы қосындылар, яғни Бабеш-Негри денешіктері анықталады. Олар сфера немесе сопақша пішінді, өлшемі 0,5-20 мкм, қышқылды бояғыштармен жақсы боялады, құрамында вирустық антиген болады, оның диагностикалық маңызы зор.
Рабдовирустар — құрамында РНҚ бар таяқша пішінді вирустар тұқымдастығы. Вириондардың ұзындығы 175 нм, көлденеңі 70 нм. РНҚ сыңар тізбекті, сырты липопротеид қабығына оралған, негативті, м. с, 4000000, оралымды қосжіпті нуклеокапсидтің құрамына кіреді. Торшаның цитоплазмасында өсіп-өнеді. Рабдовирустарға екі туыстық жатады: везикуловирустар (омыртқалылар мен омыртқасыздарды зақымдайды) және лиссавирустар (құтыру ауруының қоздырғыштары) рабдовирустарға бұлардан басқа бір топ өсімдік вирустары жатады.
|
|
|
Құтыру вирусының құрылысы
|
Құрыу вирусының репрадукциялануы
|
Бабеш-Негри денешігі
|
11.20.сурет. Рабдовирустар Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А. |
||
Құтыру вирусының антигендік құрылымы мен резистенттілігі. Құтыру вирусының құрамында жүрекшелік, беткейлік антигендері болады. Нуклепротеин ( NP)- топтықспецификалық антиген айқын иммуногендік қасиетке ие ( ИФР, КБР мен анықталады). Сыртқы қабықшаның гликопротеи типтік- спецификалық антиген, вирионның жұқпалылығына және гемагглютинациялаушы белсенділігін жауапты ( БР және ГАТР мен анықталады). Құтыру ауруының 2 вирусы бар, олар бір-біріне антигендік қасиеті бойынша ұқсас: яғни жабайы немесе көшелік вирус және фиксирленген вирус (Virus fixe) Л. Пастер лабороториялық жағдайда ұзақ уақыт пассаж жасау арқылы анықтаған. Құтыру вирусы сыртқы орта факторларының әсеріне тұрақсыз, күн сәулесінің және УКС-ің әсерінен, және 80-1000С-та қыздырғанда тез жойылады, дезинфектанттарға сезімтал - 20ºС-та ұзақ уақыт сақталады, 3-4 айға дейін, жануарлардың өліктерінде де ұзақ уақыт сақталады.
Құтыру вирусының эпидемиологиясы. Жұқпа көзі – жыртқыш аңдар және үй жануарлары: ит, мысық. Жылуқанды жануарлар құтыру ауруымен ауырады. Жануарлар құтыру ауруымен ауырған кезде және аурудың инкубациялық кезеңінің соңғы 7-10 күнінен бастап, күндерінде, сілекей құрамына құтыру вирусы жиналып сілекеймен вирусты көптеп сыртқа бөліп шығарады. Қоздырғыштың жұғу механизмі- тікелей контакт арқылы болады, негізінен жануарлар Ауру құтырыған жануарлардың тістегенде немесе терінің жарақаттанған жеріне сілекейі көп мөлшерде тигенде адамға, сол сияқты басқа жануарларға да жұғады. Ауырған адамнан басқа кісіге ауру жұқпайды.
Құтыру ауруының патогенезі, клиникасы, иммунитеті. Вирустың енетін жері жарақаттанған тері мен шырышты қабат.Кіру қақпасында вирус бірнеше күндер бойы сақталады. Біріншілік репрадукциялануы жануар тістеген жердің бұлшықеттік және эндотелиальдық тіндерінде атқарылады, сол жерде бірнеше апта немесе бірнеше айлар бойы персистенсияланады. Содан кейін вирус шеткейлік (перифериялық) нервтердің аксондарының бойымен ОЖЖ- нің базальды ганглияларына қарай жылжи бастайды (сағатына 3 мм-ге дейін) жүйке жүйесіне жетеді де, сопақша мидың, гипокамптың, ми астындағы түйіндердің және бел жұлынының нейрондарына бекіп, екіншілік репрадукциялануы басталады. ОЖЖ-ны зақымдап перифериялық нерв талшықтарына еніп, онда көбейіп барлық нерв жүйесін, нерв түйіндерін, секрециялық мүшелерді соның ішінде сілекей бездерін зақымдайды.Сілекей құрамында көбейіп, сілекей арқылы сыртқа бөлінеді. Құтыру ауруымен ауырған науқастың клиникалық кезеңдері: продромальды, қозу, сал болу кезеңі. Ауру 3-7 күнге созылады. 100% жағдайда өліммен аяқталады. Құтырған жануарлар тістеген адамға антирабиялық вакцина жасаған кезде жасанды жүре біткен иммунитет қалыптасады.
Патогенезі Кезбе, тіл, жұтқыншақ және тіласты жүйкелерінің зақымдалуынан дем алу және жұтыну бұлшық еттері құрысады. Симпатикалық жүйке жүйесінің тітіркенуінен сілекей мен тер шығуы көбейеді. Жүрек пен қан айналасының жұмысы да бұзылады. Жоғары жүйке жүйесінен вирус әртүрлі мүшелерге тарайды: бүйрек үсті бездеріне, бүйректерге, өкпеге, бауырға, бұлшықеттерге, теріге, жүрекке түседі. Вирус сілекеймен айналаға тарап, аурудың ары қарай таралуына жағдай жасайды. Құтырудан қайтыс болған адамның миы, ми қабығының қабынғаны анықталады және қабынулар сілекей және бүйрек үсті бездерінеде де болады. Миокардтың дистрофиясы, шырыш және сірлі қабықтарға қан құйылып, өкпеге қан толып кетеді. Гистологиялық зерттеуде ошақты энцефалиттің белгілері және құтырудың түйіндері, әсіресе 4 – ші ми қарыншасының түбінде анықталады. Құтырудың түйіндері: нейроглияның проферациясы және гранулемалар. Гипокамптың Зоммер секторының, мишықтың Пуркинье жасушаларында, цитоплазмада Бабил – Негри денешіктері табылып, диагнозды анықтайды.
Клиникалық көріністері. Құтыру вирусы – орталық жүке жүйесін нейрондарында қайтымсыз зақымдану туғызатын, адамдар мен жануарларда өлімімен аяқталатын жұқпа қоздырады. Ауру сатылап өзгеріп отырады: олар – инкубациялық кезеңі, бастапқы кез немесе продромальді, аурудың қызуы және терминалдық кезең. Инкубациялық кезең 10-нан 90 күнге дейін, сирек жағдайда 1 жылдан артық уақытқа созылады. Мұндай бөлу әртүрлі жағдайларға байланысты: қай жерді тістегеніне (бас пен қолды қауып тістесе инкуьациялық кезең – қысқа, егер де аяқты тістесе ұзақ); аурудың жасына байланысты (балаларда инкубациялық кезең қысқа, ал ересектерде ұзақ). Сонымен бірге жануардың тістеген макроорганизмнің реактивтік хал-күйі, жараның тереңдігі, жараға сіңген вирустардың саны да инкубациялық кезеңді өзгертеді. Продрамальдық кезең 1-3 күндей ғана. Аурудың бірінші белгілері тістеген жерден білінеді: тыртық қайтадан ісіп, қызарады, қышиды, оның маңайында нервтер ауырады. Аурудың көңіл-күйі төмендеп, басы ауырады, іші бұзылады, тәбеті төмендейді, дыбыс пен жарыққа тітіркенуі күшейеді, дене ыстығы 38 С дейін көтеріледі. Аурудың көңіл күйі басылып, ұйқысы бұзылып, ұйықтаса қажып, қорқынышты түстер көреді. Ешбір себепсіз қорқыныш пайда болып, уайымдап, қамығады. Екі-үш күннен кейін аурудың өршіген кезі басталады. Апатия және депрессия тынышсыздықпен ауысады. Дем алу мен жұтыну қиындайды. Аурудың осы кезеңінде айқын белгісі – гидрофобия. Су іше бергенде, кейінде оны көргенде, судың аққан сылдырын естігенде, кейде оны ойлағанда да жұтқыншақ пен көмекей бұлшық еттері құрысып, түйіліп қалады. Қатты сөйлегенде (акустрофобия), соққан желмен (аэробия), тым жарқыраған жарық (фотофобия) түйудің қайталауына әсер етеді. Түйілу басталарда аурудың мазасы кетіп, қорқыныш пайда болады. Сонан соң оған дененің қозып қозғалуы қосылып ғажап ауыратын жұтқыншақ пен көмекей еттері жиырылып, дем алу қиындайды. Ауруға ауа жетпей, дем алуға бүкіл кеуденің бұлшықеттері қатысады. Инспираторлық алқыну пайда болады. Ауа ысқырған дауыспен әшке кіреді. Кейде жүрегі айнып, құсады. Түйілу бірнеше секундтан кейін басылады. Бірақ аурудың психомоторлық қатты қозу қалады:ол ызалы, ашуланған, өзін және айналасындағыларды тырнап және тістеп, түкіреді, айқайлап, тыпыршып, стол мен орындықтарды сындырады. Ауру ешкімге әл бермейді “құтырған” күш пайда болады. Түйілудің ұстамасы кезінде ауру есінен танып, дыбыс және көру галлюцинацияларды елестейді. Түйілу басылған соң ауру тыныштанады, есі кіріп, ол өзінің қиналғанын айтады. Бір – екі күн өткеннен кейін сілекей ағуы көбейіп азаптанады; ауру сілекейін жұтпайды. Дене қызуы жоғары. Тахикардия, тыныс алу және жүрек қан жүйесінің өзгерістері күшейеді.
Қозу 2-3 күнге, сирек жағдайда 6 күнге созылады. Егерде ауру түйілудің ұстамасы кезінде жүрек не тыныс тоқтауынан өлмесе, құтыру ақырғы сатысына көшеді. Бұл сатысы аурудың өлгенінше, 1-3 күнге созылады. Салдану кезеңі психикалық тыныштануымен сипатталады. Сондықтан апатия, соливация өршіп береді: аяқ – қолдың және мидың нервтерінің салдығы пайда болады. Жамбас органдарының жұмысы бұзылады, дене ыстығы 42 С –ға дейін көтеріледі. Ауру жүрек не тыныс жұмысын басқаратын ми орталықтарының зақымдануынан өлді. Құтыру ауруы 3-7 күнге, өте сирек жағдайда 2 аптаға созылады. Құтырудың сал балып өтетін түрі белгілі (“тыныш құтыру”). Бұл түрінде қозу болмайды ауру өршеп беретін салдықтың нәтижесінде және мишықтың зақымдануынан, бульбарлық салдықтын қайтыс болады.
Микробиологиялық диагноз қою. Қоздырғышты бөліп алу және идентификациялау үшін вирусоскопиялық, биологиялық және серологиялық әдістерін қолданады. Зерттелетін материал – сілекей, қан және секционды материал (ми ұлпасы және жақ асты сілекей бездері). Боялған препараттарды микроскопия әдісі арқылы мидың жарты шарларының қабығында, аммонов мүйіздерінде және мишықта вирусты нуклеокапсидтың бір жерге жиналып, түзілген, көлемі 5-10 мкм болатын Бабеш – Негри эозинофильді денешіктер анықталады. Сонымен қатар осы ұлпаларда вирустың экспресс-диагностикасы ретінде: Аг ИФР және ИФА қолдану әдісімен арнайы антиденелерді және Бабеш-Негри денешігін анықтайды. Қоздырғышты сонымен бірге ауру адамның сілекейімен жіне секционды материалымен тышқандар мен қояндардың миына ауру жұқтыру жолымен де бөліп алады. Жануарларда өлімге әкелетін сал дамиды. Осы өлген жануарлардың ми ұлпасынан РИФ және РНИФ әдісімен вирустың Аг және қосындылардың денешіктерін анықтауға болады. Ауру жұқтырып алған адамдардан вирусқа АД-ді, РСК, РН, РИФ және т.б. әдістерімен анықтайды. Құтырудың вирусымен өткізілетін барлық лабораториялық жұмыс аса жұқпалы ауруларға тән тәртіппен жүргізіледі. Лабораториялық зерттеу науқас өлгеннен соң жасалады. Зерттелетін материал ретінде ми мен жұлын бөлшегі, жақ асты сілекей бездері алынады.
Емдеуі. Құтыруды емдейтін арнаулы ем жоқ. Аурудық қиналуын азайтатын симптоматикалық емдер қолданылады. Ауруды әртүрлі тітіркенуден сақтау үшін жеке бөлмеге орналастырады. Жүйке жүйесінің қоздыруын азайту үшін ұйықтататын, құрысуды және ауырғанды басатын дәрілер беріледі. Тамақтану және сусын парентеральдық жолмен - тұз ерітінділері, плазма орнына берілетін дәрілер, глюкоза мен витаминдерді қанға құяды.
Кейінгі жылдары ауруды реанимациялық бөлімде емдеп, оған құтырғанға қарсы гамма – глобулинді, церебральдық гипотермия және қолдан дем алуды қолданып жүр.
Аурудың алдын алуы. Аурудың профилактикасының негізгі шарасы құтыруды жануарлар арасында жою. Ол үшін барлық иттерді және мысықтарды тізімге алып, иесіз қанғыған жануарларды болдырмау керек. Керек болса құтыруға қарсы малдарды егіп, басқа жерден мал әкелгенде арнаулы ережелерді бұлжытпай орындаған жөн. Құтырудың алдын алу үшін біздің елімізде инактивирленген Внуково-32 штамынан алынған антирабиялық вакцина қолданылады. Оны құтырған жануарлар тістеген және құтыруға күдіктенген адамдарға емдік- алдын алу мақсатта салады. Ауыр жағдайда антирабиялық комбинирленген гаммаглобулин және антирабиялық вакцина қолданылады. Соңғы кезде антирабиялық вакцина гендік инженерия көмегімен алынуда адамдарды вакцинациямен (ми және тіндік дақылы) және антирабикалық иммуноглобулинмен егеді. Вакцинатерапия 20-25 күн өтеді. Вакцина еккеннен 12-24 күн өткенде антиденелер пайда болып, бір айға дейін оның саны көбейеді. Ревакцинацияны арасы 10 күннен 2-3 рет өткізіледі.
Құтырған, болмаса күдікті жануар тістеген жараны сабындап жуып йодпен күйдіреді. Жараның шетін кесу, тігуге болмайды: онда нерв талшықтары зақымданып инкубациялық кезеңі қысқарады. Тістеу баста, қолда немесе жарақат көп болса, онда иммуноглобулинді беріп инкубациялық кезең ұзартады. Басқа жағдайда иммуноглобулин бір-ақ рет (0,5 мл/кг дене салмағына). Безредке тәсілімен беріледі. Иммуноглобулиннің бір бөлігін жара маңына инемен егеді, содан кейін 24 сағат өткен соң вакцина егу бастайды. Вакцинаның дозасы және онымен неше рет егуі, қай жерде, қашан тістегеніне байланысты. Вакцинаны іш терісінің астына күн сайын егеді.
Тесттер.
1. Құтырудың таралуын бақылауда ... қамтамасыз етеді.
жарқанаттарды жою
адамдарды иммунизациялау
табиғи вирусы бар жабайы жануарларды иммунизациялау
ауыл шаруашылығы және үй жануарларын иммунизациялау
ешқайсысы
2. Суперкапсидтен және РНҚ-дан тұратын, таяқша немесе тапанша оғы пішінді болатын ... вирусы.
ЕСНО
құтыру
коксаки
полиовирустар
арбовирустар
3. Қоршаған ортаға сілекей мен бөлініп, көбейетін ... вирусы.
құтыру
гепатит
ұшық
мерез
ЖИТС
4. Л. Пастер лабораториялық жағдайда көше вирусын ұзақ уақыт қоянның миына пассаж жасау жолымен фиксирленген ... алған.
АИВ - ты
Коксакиді
рабдовирусын
аденовирусты
ЕСНО-ны
5. Жануарлар арасында айналымда жүретін көше вирусы аталған адам үшін патогенді вирус:
АИВ
коксаки
аденовирус
ЕСНО
рабдовирус
6. Сілекей бездері арқылы перифериялық жүйке талшықтарымен ОЖЖ-не түсетін ... вирусы.
АИВ
құтыру
ұшық
гепатит
қызамық
7. Бас миы жасушасы вирустармен залалданған цитоплазмасында Бабеш-Негри денешігі аталынған қосындыларды... түзеді.
құтыруда
ЖИТСта
ұшықта
гепатитте
полиомиелитте
8. Жануарлар арасында айналымда жүретін көше вирусы аталған адам үшін патогенді вирус:
рабдовирус
АИВ
коксаки
аденовирус
ЕСНО
9. Құтыруға қарсы антирабиалық вакцинаны... алған.
В. Бабеш
А. Негри
Ферми
Л. Пастер
Ивановский
10.Құтырудың таралуын бақылауда ... қамтамасыз етеді.
ауыл шаруашылығы және үй жануарларын иммунизациялау
адамдарды иммунизациялау
табиғи вирусы бар жабайы жануарларды иммунизациялау
жарқанаттарды жою
ешқайсысы
11. Гидрофобияның пайда болуымен сипатталатын ... ауруы.
a) қызылша
b) жел шешек
c) тұмау
d) гепатит
e) кұтыру
12. Алғашқы рет Л. Пастер ... вакцинациясын бөліп алған.
a) қызылша
b) кұтыру
c) жел шешек
d) тұмау
e) гепатит
13. Нейровирустық инфекцияны ... қоздырады.
a) энтеровирус
b) ротавирус
c) рабдовирус
d) коронавирус
e) калицивирус
14. Қоздырғышы жарақаттанған теріге еніп, нерв талшықтарының бойымен ОНЖ-не жетіп оны зақымдаумен сипатталатын ... ауруы.
a) кұтыру
b) жел шешек
c) кызылша
d) тұмау
e) гепатит
11.10. Арбовирустар (Bunyaviridae тұқымдастығы).
Арбовирустар (ағьшшын arthropod borne viruses - буынаяқтылар арқылы тарайтын вирустар) - көптеген экологиялық вирустар кіретін топ, табиғи ошақтарында сезімтал омыртқалы жануарлар мен қансорғыш буынаяқтылардың арасында айналымымен сипатталады.
Таксономиясы. Арбовнрустар әртүрлі тұқымдастар өкілдерін біріктіріп жеке таксономиялық топ құрастырмайды. Арбовирустардың көптеген өкілдері Togaviridae (30 астам), Flaviviridae (60 жакын), Bimyaviridae (200 жақьш), Reoviridae (60), Rhabdoviridae (50 жақын) тұқымдастарға жатады. Қазіргі уақьпта 450 арбовирус белгілі. Олардың саны жаңа өкілдері пайда болған сайын тұрақты өседі. Олардың 100-ге жақыны адамдарда ауру тудыруға қабілетті. Адам патологиясында кене энцефалиті, Жапон энцефалиті, омбы геморрагиялық кызба, қырым геморрагиялык қызба, сары қызба, теміреткілер (флеботомды) қызба вирустарыньщ маңызы зор.
Морфологиясы, химиялық құрылысы, антнгендік құрамы. Таксономиялық ерекшеліктері бойынша арбовирустар қоздырғышы - құрамында РНК бар вирус сфера пішінді, сирек оқ тәрізді (рабдовирустар). Ол РНҚ және липопротеидті қабықпен қапталған ақуызды капсидтен тұрады. Беткейінде гликопротеидтерден түзілген тікенектеpi болады., Nairovirus туыстығына, Bunyaviridae тұқымына жататын арбовирустар. Қоршаған ортаға тұрақсыз. Қайнатқан кезде вирус тез арада инактивирленеді, t 37С 20 минутта, t 45С 2 сағатта. Лиофилизерленген культура 2 жылдай сақталады.
Вирустар нуклеокапсидпен байланысты топспедификалық антигендер және табиғаты гликопротеидті түр спецификалық антнгендерге ие. Қазіргі уақьлта арбовирустардың 70-ке жақын антигендік топтары белгілі және арбовирустардың көпшілігінде гемагглютинациялық қасиеті бар.
Жұқпа көзін жұқтыру. Жұқпа көзі мен резервуары – ірі және ұсақ қара малдар, кеміргіштер, жабайы сүтқоректі жануарлар мен құстар, оларда Жұқпасимптомсыз формада өтеді. Иксодты кенелер вирусты трансовариальді беруі мүмкін. Ауру адамнан қан арқылы адамдар зақымдалуы мүмкін, бұл кезде летальдік көрсеткіш кенелердің зақымдануынан жоғары. Тасымалдайтындар – иксодты кенелер. Медициналық монипуляция кезінде және де адамның инфицирленген қаны теріге түскенде вируспен зақымдалу мүмкін. Кеміргіштер, қоян және кірпілер кенелердің барлық даму фазасының тамақ асыраушысы болады, үлкен инфицирленген кенелерден зақымдалады, сонымен солармен тамақтанатын нимфа мен личинкаларын зақымдайды. Олар тасымалдаушыларды зақымдатады, ал қояндар табиғи ошақтың маңынан алыс жерлерге тасымалдайды. Адам кенелерден трансмиссивті жолмен зақымдалады (60% кенелер денеге жабысқан кезде, малдан кенелерді алғанда шаншып тастау кезде, кенелер өрмелеп жылжығанда экскременттерін теріге енгізу кезінде.
Адамнан жұқтыруы қанмен тікелей контакт кезде болады (қанды тексеруге алғанда, көк тамырға қан құйғанда, мұрынан қан кеткенде, ауыздан ауызға қолдан дем алдыру жүргізгенде). Зертханажағдайда авария кезінде аспирациялық зақымдалуы мүмкін. Адамдардың қабылдағыштығы – жоғары, инфекциядан кейінгі иммунитет 1-2 жыл сақталады. Егілгендердің арасында иммунитет жақсы зерттелмеген.
